Қазақстан Республикасының спортшыларын 1994, 1996 жылдардағы кезектi Олимпиадалық және Азиялық ойындарға даярлау бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1013 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 691 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 691 Қаулысымен .

      Қазақстандық спортшыларды 1994, 1996 жылдардағы кезектi Олимпиадалық және Азиялық ойындарға ойдағыдай даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетi белгiленген тәртiп бойынша Халықаралық Олимпиадалық комитетiне және Азиялық Олимпиадалық кеңесiне Қазақстан Республикасы спортшыларының Олимпиадалық және Азиялық ойындарға қатысатындығы жөнiнде мәлiмдеу ұсынылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетiмен, ерiктi спорт қоғамдарымен, спорт түрлерi бойынша федерациялармен және дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi басқа да ұйымдармен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы спортшыларының 1994, 1996 жылдардағы Олимпиадалық және Азиялық ойындарға мақсатты түрде ойдағыдай даярлануын қамтамасыз етсiн.
      (3-тармақ).
       Ескерту. Осы қаулының 3 тармағының күшi жойылды. (1994 ж, 27 маусым, N 721 Қаз.Рес.Мин.Каб. Қаулысы).

      4. Бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгiмен, Ұлттық Олимпиадалық комитетiмен және Қазақстан Республикасы ұлттық студенттер спорты одағымен бiрлесе отырып, олимпиадалық резерв даярлаудың және спортшы студенттердi 1994 жылғы спортшы студенттер чемпионаттарына, 1995 жылғы бүкiләлемдiк қысқы және жазғы универсиадаларға қатыстырудың мақсатты бағдарламасын жасайтын болсын.

      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
      ұлттық құрама командалардың негiзгi, стажерлiк және резервтiк құрамдарының спортшыларына қажеттi фармакологиялық және белокты-витаминдi дәрi-дәрмек бөлсiн;
      дене тәрбиесi - спорттық диспансерлердi қажеттi мөлшерде медициналық приборлармен, жабдықтармен және қосалқы бөлшектермен, қан және оны айырбастағыш қоспалар құятын бiр реттiк жүйемен, бiр реттiк шприцпен қамтамасыз етсiн.

      6. "Қазконтракт" акционерлiк қоғамының "Қазавтомашконтракт" фирмасы Қазақстан Республикасы Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгiнiң, республиканың Ұлттық Олимпиадалық комитетiнiң өтiнiмi бойынша Қазақстан Республикасының спортшыларын 1994, 1996 жылдардағы Олимпиадалық және Азиялық ойындарға даярлауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi көлiк құралдарын, оның iшiнде: автобустар ЛАЗ-695 - 6 ПАЗ-3201 - 3 ПАЗ-3205 - 3 РАФ-2203 - 8 автомобильдер ГАЗ-66 - 6 УАЗ-3962 - 4 УАЗ-3303 - 2 ВАЗ-2121 - 6 Москвич ИЖ-2715 - 10 бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақ азаматтық авиация басқармасы 1994, 1996 жылдары Қазақстан Республикасының ресми спорттық делегацияларын кезектi Олимпиадалық және Азиялық ойындар өтетiн жерлерге апарып-алып қайту үшiн чартерлiк рейстер ұйымдастыруды көздейтiн болсын.

      8. Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, "Қазақстан" мемлекеттiк теле-радио хабарларын тарату компаниясы 1994, 1996 жылдары өтетiн Олимпиадалық және Азиялық ойындардан Қазақстан Республикасына теле-радио хабарлары берiлуiн ұйымдастыру мәселесiн шешiп, Қазақстан спортшыларын Олимпиадалық және Азиялық ойындарға даярлаудың барысын кеңiнен жариялап отыратын болсын.

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгiне оқу-жаттығу жиындарын өткiзу, спорттық жарыстарға қатысу үшiн халықаралық рейстерге билет алу кезiнде спортшылардың тамақтануы, орналасуы, көлiкпен пайдалануы үшiн қолма-қол жұмсайтын ақша қаражатын берудi жүзеге асыру ұсынылсын.

      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шетелдiк спорттық делегацияларды, егер олар Қазақстан Республикасына дене тәрбиесi мен спорт саласындағы валютасыз алмасу негiзiндегi ынтымақтастық туралы шарттарға сәйкес келген болса, оларды тамақтандыру, орналастыру, мәдени қызмет көрсету және көлiктiң барлық түрiмен тасымалдау үшiн ақы төлеу халықаралық нормаларға сәйкес мемлекеттiк ақша бiрлiгiнде жүргiзедi деп белгiленсiн.

      11. Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгi, Ұлттық Олимпиадалық комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша Олимпиадалық және Азиялық ойындардың жүлдегерлерi мен олардың жаттықтырушыларына сыйақы төлеу тәртiбiн әзiрлеп, осы мақсат үшiн қажеттi ақшалай қаражат, оның iшiнде шетелдiк валюта бөлiнуiн көздейтiн болсын.

      12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылдан бастап спортшыларды 1994, 1996 жылдардағы кезектi Олимпиадалық және Азиялық ойындарға даярлау мен қатыстыруға қажеттi қаржы, оның iшiнде валюта қаржысы бөлiнуiн қарастырсын. 13. Министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Олимпиадалық және Азиялық ойындарға қатысуға кандидат спортшылардың тұрмыстық мәселелерiн шешуге барынша көмек көрсететiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1013 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының спортшыларын 1994 жылғы қысқы және 1996 жылғы жазғы Олимпиадалық ойындарға, 1994 жылғы жазғы және 1996 жылғы қысқы Азиялық спорт ойындарына даярлау жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң Құрамы Жүкеев Т.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары, ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы Тұрысов Қ.Т. - Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрi, төрағаның бiрiншi орынбасары Ақбаев А.С. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетiнiң президентi, төрағаның бiрiншi орынбасары Әшiляев Қ.С. - Қазақстан Республикасы Туризм, дене шынықтыру және спорт министрiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары Досымбетов Т.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетiнiң вице-президентi, төрағаның орынбасары Ұйымдастыру комитетiнiң мүшелерi: Әбiшев Қ.О. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетiнiң бас хатшысы Ауанов М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Арғымбаев Е.К. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Ержанов М.Е. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсi Алматы облыстық басқармасының бастығы Жигалов К.В. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Жолдыбаев А.Е. - "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының президентi Ысқақов Б.С. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Қабжанов Х.Б. - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқарушысы, Қазақстан Республикасы коньки спорты федерациясының төрағасы Никитинский Е.С. - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iшкi саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары Саранин А.П. - Қазақстан Республикасы Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгi бас спорт басқармасының бастығы
       Ескерту. Комитеттiң құрамына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 16.05.1994 ж. N 525 қаулысымен.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады