ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҮНДIСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ОДАН ӘРI ДАМЫТУ ТУРАЛЫ

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 қазан 1993 ж. N 1014

      Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрi дамыту және кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ынтымақтастық жөнiндегi қазақ-үндi мемлекетаралық бiрлескен комиссиясының 1993 жылғы 21-23 шiлдедегi Нью-Дели қаласындағы бiрiншi мәжiлiсi барысында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы арасындағы Ынтымақтастық салалары туралы уағдаластық Меморандумы және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Үндiстан Республикасының Үкiметi арасындағы Кредит туралы келiсiм мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк ынтымақтастықты дамыту жөнiндегi Негiзгi шаралар бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      Министрлiктер мен ведомстволар Негiзгi шараларды жүзеге асыру және Үндiстан Республикасымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған қажеттi бағдарламалар мен ұсыныстарды уақтылы әзiрлеп, оларды мемлекетаралық қазақ-үндi бiрлескен комиссиясына ұсыну жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      3. Мемлекетаралық бiрлескен комиссияның қазақ жағы (Әбiлсейiтов Ғ.Ә.):
      негiзгi шаралардың орындалуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн;
      министрлiктер мен ведомстволардың бағдарламалары ұсыныстары негiзiнде үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасымен Үндiстан Республикасы арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк ынтымақтастықтың Кешендi бағдарламасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1014 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


                 Қазақстан Республикасы мен Үндiстан Республикасы
                 арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық,
                өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк ынтымақтастықты
                               дамыту жөнiндегi
                                НЕГIЗГI ШАРАЛАР
                                   (Кесте)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады