Қазақстан Республикасының Халықаралық даму қауымдастығын (ХДҚ) толықтыруға қатысуын растауға арналған сом қаражатын бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 қазан 1993 ж. N 1045

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және дамыту банкiсiне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Көпжақты инвестициялар кепiлдiгi агенттiгiне және Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және дамыту банкiсiне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Көпжақты инвестициялар кепiлдiгi агенттiгiне және Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 26 маусымдағы қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының ХДҚ-ға мүшелiк шарттарын қабылдағаны туралы Құжаты мен ХДҚ Басқарушылар Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы N 174 Қаулылары негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының ХДҚ-ны толықтыруға қатысуын растауға арналған 66 772600 сом мөлшерiндегi сомдық қаражатты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiдегi ХДҚ шотына кейiннен осы соманы ХДҚ белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң берiлмейтiн процентсiз мiндеттемесiне алмастыра отырып бөлетiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi аталған қаражатты соммен оның шотына аудару туралы белгiленген ережелердi сақтай отырып, Халықаралық даму қауымдастығына мұны хабарлайтын болсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады