Павлодар ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 қазан 1993 ж. N 1047

      Ғылыми зерттеулердi кеңейту, тереңдету және оның нәтижелерiн агроөнеркәсiптiк кешен салаларына тиiмдi енгiзу, республиканың солтүстiк-шығыс аймағының ғылыми потенциалын барынша ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Павлодар облысы әкiмiнiң Павлодар топырақты эрозиядан қорғау жөнiндегi тәжiрибе станциясының, Павлодар облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылық тәжiрибе станциясының, Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрiгерлiк институтының Павлодар ғылыми-зерттеу мал дәрiгерлiк станциясының, "Жем және жайылым" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң Солтүстiк-Шығыс бөлiмшесiнiң негiзiнде Қазанның 25 жылдығы атындағы тәжiрибе шаруашылығымен және Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының Прииртыш орман тәжiрибе станциясымен қоса Павлодар облысының Павлодар ауданындағы Красноармейка поселкесiнде Павлодар ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтын құру туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясымен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Аталған Институтты құру Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының ғылыми-зерттеу жұмыстарына белгiлеген қаржы, материалдық ресурстар, бюджеттiк қаражат, басқа да лимиттер мен нормативтер шегiнде жүзеге асырылсын.
      3. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының Президиумы Павлодар облысының әкiмiмен бiрлесе отырып 2 ай мерзiм iшiнде Павлодар ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметiнiң негiзгi бағыты мен құрылымын белгiлесiн.
      4. Павлодар облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылық тәжiрибе станциясының және Павлодар топырақты эрозиядан қорғау жөнiндегi тәжiрибе станциясының өндiрiстiк бөлiмшелерi негiзiнде жаңа құрылған институт құрамында екi тәжiрибе шаруашылығы құрылсын.
      5. Мыналар:
      Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң "Республика ауыл шаруашылығы жөнiндегi ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң жұмысын жақсарту жайындағы шаралар туралы" 1956 жылғы 21 тамыздағы N 501 қаулысына N 1 қосымшаның 9 тармағы;
      Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң "Қазақ КСР-iнде топырақтың жел эрозиясына қарсы күрес шаралары туралы" 1963 жылғы 3 мамырдағы N 356 қаулысының 8 тармағының "в" қосымша тармағы;
      Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1964 жылғы 23 қарашадағы N 2177 өкiмiнiң Прииртыш (Павлодар облысы) орман тәжiрибе станциясын құру бөлiгiнiң;
      Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң "Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрiгерлiк институтының ВАСХНИЛ-дiң Шығыс бөлiмшесi Павлодар ғылыми-зерттеу мал дәрiгерлiк станциясын құру туралы" 1980 жылғы 23 желтоқсандағы N 474 қаулысы;
      Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң "ВАСХНИЛ-дiң Шығыс бөлiмшесiнiң "Жем және жайылым" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiн құру туралы" 1987 жылғы 25 желтоқсандағы N 581 қаулысының "Жем және жайылым" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң құрамына Қазанның 25 жылдығы атындағы тәжiрибе шаруашылығын (Павлодар облысы) енгiзу бөлiгiнiң;
      Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясын құру мәселелерi" 1991 жылғы 17 сәуiрдегi N 240 қаулысына N 2 қосымшаның (Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., N 11, 73-бап) Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының құрамына кiретiн ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктердiң, ғылыми ұйымдардың, тәжiрибе шаруашылықтары мен совхоздардың Тiзбесiне:
      - Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрiгерлiк институтының Павлодар

ғылыми-зерттеу мал дәрiгерлiк станциясын (Павлодар қаласы);
     - Қазанның 25 жылдығы атындағы тәжiрибе шаруашылығын (Павлодар
облысы, Краснокут ауданы);
     - Павлодар облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылық тәжiрибе
станциясын;
     - Павлодар Еңбек Қызыл Ту ордендi топырақты эрозиядан қорғау
жөнiндегi тәжiрибе станциясын енгiзу бөлiгi күшiн жойған деп
танылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады