ШЕТЕЛДIК IССАПАРЛАРҒА ВАЛЮТА ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫН РЕТКЕ КЕЛТIРУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы. 29 қазан 1993 ж. N 1080 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.11. N 148 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi "Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi және шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 630 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мемлекеттiк басқару органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың лауазымды адамдарын шет елге iссапарға жiберу үшiн орталықтандырылған мемлекеттiк көздерден валюта қаржысын бөлу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерi негiзiнде жүргiзiлетiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Вице-Президентi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, сондай-ақ оларға ерiп жүретiн адамдар (Президенттiң, Вице-Президенттiң, Жоғарғы Кеңес Төрағасының, Премьер-министрдiң зайыптары), Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасарлары мен Жоғарғы Кеңес Төрағасының орынбасарлары, Президент Аппаратының Басшысы, Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқарушысы, күзет қызметiнiң бастығы, күзет қызметi бастығының орынбасары немесе бекiтiлген күзет комиссарлары шет елге шыққан кезде көлiк шығыны 1-сынып бойынша авиабилет құны мөлшерiнде шет ел валютасымен өтеледi.
      Қазақстан Республикасының Конституциялық сот төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы, Төрелiк сот төрағасы, Президент жанындағы Қауiпсiздiк кеңесiнiң төрағасы, Президент жанындағы бақылау инспекциясының Басшысы, Жоғарғы Кеңес Бақылау палатасының төрағасы, Бас прокурор, Үкiмет мүшелерi мен оларға теңестiрiлген адамдар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Президентi Аппараты Басшысының орынбасарлары, Министрлер Кабинетi Iс Басқарушысының орынбасарлары, Президент Аппаратының және Министрлер кабинетi Iс Басқармасының бөлiм меңгерушiлерi, Жоғарғы Кеңес комитеттерiнiң төрағалары шет елге шыққан кезде көлiк шығыны "Бизнес" сыныбы бойынша авиабилет құнының мөлшерiнде шет ел валютасымен өтеледi.
      Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының басқа қызметкерлерi, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компанияларының басшылары мен қызметкерлерi шетелге шыққан кезде осы шығындар "Экономикалық" сыныбы бойынша авиабилет құны мөлшерiнде шет ел валютасымен өтеледi.
      Жергiлiктi өкiмет органдарының валюта қорлары есебiнен шет елге iссапарға жiберу тиiстi облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң шешiмдерi бойынша жүзеге асырылсын.
      Ескерту. 1-тармақ 2,3,4 абзацтармен толықтырылды - ҚРМК-нің
1994.09.01. N 981 қаулысымен.
      2. Iссапарға жiберушi ұйымдардың басшылары алынған валюта қаржысының пайдаланылуы жөнiндегi аванстық есептердiң тиiстi қаржы органдарына iссапардан қайтып келгеннен соң бiр апталық мерзiмде берiлуiн қамтамасыз ететiн болсын.
      Есеп айырысу бойынша белгiленген валюта қаражатының жетiспеуiнен келген зиян есеп берiлген күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен өтеледi.
      Ескерту. 1 абзацта сөздер ауыстырылды, 2 абзац жаңа редакцияда - ҚРМК-нің 1994.09.01. N 981 қаулысымен.
      3. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн шетелдiк iссапарларға жұмсалатын қаражат көлемi олардың қарамағында қалатын валюта түсiмiнiң 5 процентiне дейiнгi мөлшерде белгiленсiн.
      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996. 04.19.
N 479 қаулысымен.  
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      валюта түсiмi бар мемлекеттiк ұйымдар, мекемелер және кәсiпорындардың шетелдiк iссапарларға валюта қаржысын жұмсау тәртiбi туралы Ереженi;
      шет елде қысқа мерзiмдi iссапарда жүрген қызметкерлердiң шетел валютасымен жұмсалған шығындарын өтеу нормаларын әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне бұдан былай елшiлердiң лауазымдық жалақыларының белгiленуiне және өзгеруiне байланысты бекiтiлген нормаларға және тұрғын жайды жалдаудың тәулiктiк шығындарын өтеудiң шектеулi нормасына өзгерiстер енгiзу құқы берiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi және шетелдiк iссапарларға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 630 қаулысының 6-тармағының екiншi және үшiншi абзацтарының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады