ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРАМЫНДА ИНСТИТУТТАР ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 29 қазан N 1082. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.06.15. N 759 қаулысымен. ~P990759

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген Орталық құрамында мынадай институттарды:
      Семей облысының Курчатов қаласында "Луч" ҒӨБ-нiң Бiрлескен экспедициясының, "Байкал" кәсiпорнының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының тиiстi лабораториялары мен бөлiмдерi негiзiнде Атом энергиясы институтын;
      Көкшетау облысының Бурабай поселкесiнде "Боровое" геофизикалық обсерваториясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы N 35 геофизикалық партиясының негiзiнде Геофизикалық зерттеу институтын;
      Семей облысының Курчатов қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының радиоэкологиялық бөлiмшелерi негiзiнде ұйымдастырылған институт құрамына кейiннен N 52605 әскери бөлiмiнiң ғылыми секторын қоса отырып, Радиациялық қауiпсiздiк және экология институтын ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      Аталған институттарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына 1993 жылға белгiленген қаржы және материалдық-техникалық ресурстар, штат саны мен басқа да нормативтер шегiнде жүргiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Қазақстан

Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен, Ғылым және жаңа 
технологиялар министрлiгiмен келiсiлген құрылған институттардың 
ғылыми қызметтерiнiң мынадай негiзгi бағыттарын белгiлеу туралы
ұсынысына келiсiм берiлсiн:
     - Атом энергиясы институты бойынша:
     Қазақстан Республикасында атом энергиясын дамытудың 
тұжырымдамалары мен бағдарламалары;
     атом энергиясының қауiпсiздiгi;
     ғарыштық ядролық-энергетикалық қондырғылар;
     қатты дененiң радиациялық физикасы мен реакторлық материалтану;
     - Геофизикалық зерттеулер институты бойынша:
     ядролық қаруларды сынауға бақылау;
     бұрынғы ядролық полигондардың геологиялық құрылымын зерделеу
мен мониторингтеудiң геофизикалық әдiстерi;
     атом жылу электр станциялар құрылысына, радиоактивтi қалдықтарды
сақтау мен көму орындарына алаңдар белгiлеу;
     жер сiлкiнiсiн тiркеу және болжау;
     - Радиациялық қауiпсiздiк және экология институты бойынша:
     радиациялық әсердiң медициналық-биологиялық аспектiлерi;
     ядролық сынақтарды өткiзу мен радиациялық қауiптi объектiлердiң
орналасқан жерлерi аймақтарының радиоэкологиясы мен радиациялық
мониторингi;
     ядролық сынақ нәтижесiнде пайда болған жерасты қуыстарының
жай-күйi мен оны консервациялау;
     радиациялық ластанған жерлердi қайта өңдеу;
     радиоактивтiк қалдықтарды жинау, тасымалдау, сақтау, көму және
қайта өндеу жүйесi.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады