"Түркiстан" газетiн шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 15 қараша 1993 ж. N 1132

      Алыс және жақын шетелдермен мәдени және iскерлiк қарым-қатынастарды нығайту, ақпарат алмасу ағымын кеңейту және қазақ диаспорасымен тiкелей байланысты орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң, Алматы қаласы әкiмiнiң, Қазақтың ПЕН-орталығының, "Қазақстан-Түркия" қоғамының 1994 жылдан бастап халықаралық тәуелсiз "Түркiстан" газетiн шығару жөнiндегi ұсынысы қолдау тапсын.
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi халықаралық тәуелсiз "Түркiстан" газетiн белгiленген тәртiп бойынша тiркеуден өткiзiп, қағаз қорын, полиграфиялық қуатты бөлу жөнiнде жәрдем көрсететiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi халықаралық "Түркiстан" газетiнiң балансына Бөгенбай батыр көшесiндегi, 150-нөмiрлi ғимаратты өткiзiп берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Байланыс министрлiгi, "Казконтракт" Акционерлiк қоғамы "Түркiстан" газетiнiң редакциясы үшiн қаржы бөлу, материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, қазiргi заманғы редакциялық техникамен жарақтандыру және байланыс құралдарын (халықаралық байланысты қоса) орнату мәселелерiн шешетiн болсын.
      5. "Түркiстан" газетiнiң құрылтайшылары - Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнiң, Алматы қаласының әкiмiнiң, Қазақтың ПЕН-орталығының, "Қазақстан-Түркия" қоғамының "Түркiстан" газетiнiң редакциялық баспа кешенiн салу жөнiндегi бастамасы қолдау тапсын.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Заман-Қазақстан" бiрлескен қазақ-түрiк газетiн шығару туралы" 1992 жылғы 13 қаңтардағы N 29 қаулысы күшiн жойған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады