Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi урология ғылыми-зерттеу институтының Қызылорда филиалын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 қараша 1993 ж. N 1162

      Арал өңiрi аймағындағы халыққа арнаулы медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Урология ғылыми-зерттеу институтының Қызылорда филиалы Қызылорда қалалық ауруханасы урология және нефрология бөлiмшелерi негiзiнде құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар

министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлiгiнiң белгiленген лимиттерi шегiнде қаржылай
және материалдық ресурстар бөлуiн қарастырсын.
     3. Қызылорда облысының әкiмi филиалды ұйымдастыруда мамандарды
тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерiн қоса, қажеттi көмек
көрсететiн болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады