ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМА БАС БАСҚАРМАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ<*>

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1993 жылғы 2 желтоқсан N 1214. Қаулының атауы мен мәтiнiндегi сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.08.20. N 1031 қаулысымен. ~P961031 Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.04.28. N 672 қаулысымен. ~P970672

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас басқармасы туралы ереже бекiтiлсiн. 
      Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас басқармасымен келiсе отырып, жергiлiктi мемлекеттiк архивтер мен олардың филиалдарының, сондай-ақ аудандық (қалалық) архивтердiң жүйесiн бекiту тапсырылсын. 
      2. Былай деп белгiленсiн: 
      - облыстық архивтер мен құжаттама басқармалары және Алматы қалалық архивтер мен құжаттама комитетi туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас басқармасымен келiсе отырып облыс және Алматы қаласының әкiмдерi бекiтедi; 
      - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк архивтерi, облыстардың мемлекеттiк архивтерi мен олардың филиалдары, Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттiк архив туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас басқармасымен келiсе отырып архивтер мен құжаттама басқармаларының тиiстi органдары, ал Ленинск қаласындағы Мемлекеттiк архив туралы ереженi - Ленинск қаласының әкiмi бекiтедi; 
      - аудандық (қалалық) архивтер туралы ережелердi облыстық және Алматы қалалық архивтер мен құжаттама басқармаларының органдарымен келiсе отырып жергiлiктi әкiмдер бекiтедi. 
      3. Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас басқармасына тiкелей бағынатын орталық мекемелердiң, ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн. 
             Қазақстан Республикасының 
               Премьер-министрi 
                                        Қазақстан Республикасы 
                                        Министрлер Кабинетiнiң 
                                      1993 жылғы 2 желтоқсандағы 
                                          N 1214 қаулысымен 
                                           Бекiтiлген 
 
           Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама 
                     бас басқармасы туралы 
                              Ереже 
 
        1. Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас басқармасы<*> архив iсiн, архивтер мен құжаттаманы мемлекеттiк басқарудың орталық салааралық органы болып табылады және қызмет барысында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бағынады. 
      <*> Ары қарай текст бойынша - Бас архив басқармасы. 
      Бас архив басқармасы республиканың мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында, кәсiпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында архив iсi мен құжаттардың түзiлуi саласында республиканың барлық аумағында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қамтамасыз етедi, олардың ведомстволық тиiстiлiгi мен меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын басқарады және оның жай-күйi мен дамуына жауап бередi. 
      Бас архив басқармасы және оған қарасты республикалық бағыныстағы бөлiмшелер, облыстық, Алматы, Ленинск қалалық әкiмшiлiктерiнiң архивтерi мен құжаттамаларын басқару органдары, республиканың мемлекеттiк архивтерi мен олардың филиалдары, жергiлiктi әкiмшiлiктер жанындағы аудандық және қалалық архивтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк архив қызметiн құрайды және Бас архив басқармасының бiртұтас жүйесiне енедi. 
      Бас архив басқармасы Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" заңына сәйкес тарих пен мәдениеттiң деректi ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану саласында мемлекеттiк басқару органы болып табылады. 
      2. Бас архив басқармасы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Республика үкiметiнiң шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Бас архив басқармасының негiзгi мiндеттерi мыналар: 
      - республикада архив iсi мен құжаттардың түзiлуi саласында мемлекеттiк бағдарламаларда әзiрлеу және жүзеге асыру, құжаттары, архивтерi, архив қорлары мен коллекциялары жалпыұлттық құнды деп табылған мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың, жеке азаматтардың осы мәселелер жөнiндегi жұмысын мемлекеттiк тұрғыда реттеу және үйлестiру; 
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын құру, оның қалыптасуын, сақталуын және мемлекеттiң, қоғам мен азаматтардың мүддесi үшiн кеңiнен пайдаланылуын қамтамасыз ету, ұлттық архив қорын жинақтаудың көзi болып табылатын архивтердi, архив қорлары мен коллекцияларын олардың қай жерде сақталғанына, қай уақытта пайда болғанына және меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы аумағында орталықтандырылған мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастыру; 
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құрамына енетiн құжаттар бойынша ақпараттар желiсi мен мәлiметтер ауқымын құру; 
      - архивтерге, архив қорлары мен коллекцияларына, олардың иелерi Қазақстан Республикасының архив iсiн, архивтер мен құжаттаманы жүргiзу саласындағы заңдарын сақтау жайында мемлекеттiк тексерiстi жүзеге асыру; 
      - архивтер, архив қорлары мен коллекцияларының иелерiн архив iсi мен құжаттаманы жүргiзудi жетiлдiру, осы салада ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiн енгiзу мәселелерi бойынша әдiстемелiк, ақпараттық және кеңес беру жағынан қамтамасыз ету; 
      - тарих және мәдениет деректi ескерткiштерiн қорғау және пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз ету; 
      - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк архив қызметi мекемелерiн ұйымдастыру және қызмет жасау принциптерiн анықтау, оны басқару; 
      - архив iсiнiң жай-күйi мен құжат түзiлу процестерiне талдау жасау, олардың дамуының мемлекеттiк концепциясын әзiрлеу, отандық архив мекемелерiнiң және шетелдiк озық тәжiрибенi зерделеу және тарату; 
      - архивтану, құжаттану және археография саласында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру; 
      - архив iсi мен құжаттаманы басқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау; 
      - архив iсi мен құжаттаманы басқару саласындағы халықаралық байланыстарды жүзеге асыру. 
      4. Бас архив басқармасы өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес: 
      - архив iсi мен құжат түзiлуi саласындағы Қазақстан Республикасының саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады, осы мәселелер жөнiндегi маңызды республикалық бағдарламаларды орындау iсiне қатысады; 
      - архив iсi мен құжаттаманы басқару жөнiндегi заңдар мен басқа нормативтiк актiлердiң жобаларын дайындайды; 
      - Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтауды және сақтауды ұйымдастырады, мемлекеттiк архивтерге құжаттарды өткiзудiң белгiленген тәртiбi орындалуын, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын, мемлекеттiк емес құрылым ұйымдарының және азаматтардың меншiгiндегi тарих пен мәдениет деректi ескерткiштерi есебiнен толықтырылып отыруын қамтамасыз етедi; 
      - мемлекеттiк және ведомстволық архивтерде сақталынатын Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын жинақтаудың көзi болып табылатын архивтердiң, архив қорлары мен коллекцияларының орталықтандырылған мемлекеттiк есебiн, сондай-ақ Ұлттық архив қорының құжаттары туралы деректер жиынтығын (каталогын) жүргiзедi, тарих пен мәдениет деректi ескерткiштерiн және басқа архив құжаттарының сақталуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау жасайды; 
      - архив құжаттарын әрi қарай сақтау немесе сұрыптап көру мүмкiндiгiн айқындау үшiн архив құжаттарының құндылығын мемлекеттiк сараптаудан өткiзудi ұйымдастырады; 
      - мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының мемлекеттiк және мемлекеттiк емес кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының мiндеттi түрде орындауына жататын архив iсi, құжаттану және құжаттаманы басқару мәселелерi жөнiндегi нұсқаулар мен ережелердi, оқу және әдiстемелiк құралдарды, басқа нормативтiк құжаттарды өз құзырының шеңберiнде әзiрлеп бекiтедi; 
      - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк архив қызметi мекемелерiнiң ұйымдасуы мен iс-әрекетiнiң принциптерiн анықтайды, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерi және олардың филиалдарының жүйесi мен құрылымын жетiлдiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырып жүргiзедi; жергiлiктi әкiмшiлiктердiң өзiне қарасты аумақтағы мемлекеттiк архивтер мен басқа архив мекемелерiн құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы ұсыныстарын қарайды, осы ұсыныстар бойынша түйiндi пiкiр бiлдiредi. 
      - құжаттар мен деректi ескерткiштердi қорғаудың, пайдаланудың, бұзылудан сақтаудың, қалпына келтiрудiң, сақтаудың ең ұтымды жүйелерi мен тәсiлдерiн архив жұмысының практикасына енгiзудi ұйымдастырады, мемлекеттiк архивтер мен олардың филиалдарына қажеттi жабдықтар мен материалдардың номенклатурасын жасайды, архив iсi мен құжаттаманы басқаруда автоматтандырылған ақпараттық технологияны әзiрлеу, өндiру және пайдалану саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты белгiлейдi, ақпараттар желiсi мен мәлiметтер ауқымын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша ақпарды iздеудi қамтамасыз ету үшiн архив анықтамаларының дәстүрлi жүйесiн, соның iшiнде осыған мүдделi мекемелермен, ұйымдармен, кәсiпорындармен, азаматтармен келiсiм-шарт негiзiнде құруды ұйымдастырады; 
      - Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерi және ведомстволарымен, мемлекеттiк емес құрылымдармен бiрлесе отырып құжаттау мен құжаттаманы басқарудың бiрыңғай ережелерiн, ведомстволық архивтердiң жұмыс ережелерiн енгiзудi ұйымдастырады, оларды қолдану iсiне ғылыми-әдiстемелiк басшылық жасайды; 
      - министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, басқарудың басқа органдарының, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың ведомстволық архивтерi мен құжаттаманы басқару қызметiнiң жұмысын бақылайды. Өз құзыры шегiнде мемлекеттiк емес құрылымдағы ұйымдар мен азаматтардың архивтерiн тексерудi жүзеге асырады; 
      - Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын республикалық және жергiлiктi маңызы бар архив құжаттарының құрамына жатқызу мәселесiн шешедi және жалпы ұлттық маңызы бар құжаттарды Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк архивтерiнде шоғырландыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады; республика көлемiнде құжаттарды мемлекеттiк бiр архивтен екiншi өткiзу мәселесiн қарап, тиiстi мемлекеттiк өкiмет органдарымен келiсе отырып шешедi; 
      - белгiленген тәртiп бойынша министрлiктер мен ведомстволарға, мекемелер мен ұйымдарға шарт негiзiнде архив құжаттарын ұзақ мерзiмге сақтау хұқына лицензия, сондай-ақ мекемелерге, ұйымдар мен азаматтарға республика аумағында деректi ескерткiштердi жинастыруға арнайы рұқсат бередi; 
      - Бас архив басқармасы жүйесiндегi мекемелердiң заңды ұйымдар мен жеке адамдарға көрсететiн қызмет тарифын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Баға комитетiмен келiсе отырып бекiтедi; 
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерi мен мемлекеттiк архив қызметiнiң басқа мекемелерiнiң ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыстарына басшылық етедi, архив мекемелерiнiң аймақтық ғылыми-әдiстемелiк кеңестерiнiң архивтану, құжаттану және археография саласындағы қызметiн ұйымдастырады әрi үйлестiредi, ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн архив iсi, құжаттау және құжаттаманы басқару практикасына енгiзу жөнiндегi шараларды әзiрлейдi, осы мәселелер жөнiнде ғылыми-техникалық ақпарат ұйымдастырады; 
      - архив құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құрамында мемлекеттiк архивтер мен олардың филиалдарында тұрақты сақтауға iрiктеп өткiзудi ұйымдастырады, республиканың министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволары, мемлекеттiк емес құрылымдардың орталық басқару органдары және қоғамдық бiрлестiктермен бiрiгiп құжаттардың сақталу мерзiмдерi көрсетiлген тiзбелердi әзiрлеп бекiтедi, сақтау мерзiмi көрсетiлген құжаттардың үлгi тiзбелерiн басып шығарады; 
      - кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы ұлттық архив қорының құжаттарын және солардың ақпаратын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес пайдалану тәртiбiн белгiлейдi; 
      - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасы архив мекемелерiнiң шетелдiк зерттеушiлермен жұмысы туралы Ереженi бекiтедi; 
      - Қазақстан халықтарының тарихи жайындағы архив құжаттарын жариялауды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы анықтамалық-ақпарат әдебиет шығарады, Бас архив басқармасы қарамағына жататын мәселелер бойынша бюллетеньдер басып шығарады; 
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерi мен филиалдарының, қалалық, аудандық архивтердiң құжаттары туралы, олардың халық шаруашылығы, ғылыми және әлеуметтiк-мәдени мақсатта пайдалану үшiн көкейкестi тақырыптар бойынша ақпаратты жұртшылыққа жеткiзу жұмысын ұйымдастырады; өткенге шолу жасайтын деректi ақпаратқа деген қоғамдық сұранымды зерттеудi және архив құжаттарын тиiмдi пайдалануды үйлестiредi; 
      - деректi ескерткiштер мен басқа да аса құнды құжаттарды насихаттауды жүзеге асырады; 
      - архив iсi мен құжат түзiлуi саласындағы еңбектi, басқаруды және экономиканы ғылыми тұрғыда ұйымдастыру мәселелерiн әзiрлейдi; мемлекеттiк архив қызметi мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн уақыт пен өнiмдiлiк (қызмет көрсету) мөлшерiн белгiлейдi; 
      - белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк архив қызметi мекемелерiнiң, сондай-ақ республикадағы министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың архивтер мен құжаттаманы басқару қызметтерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады; 
      - белгiленген тәртiп бойынша тiкелей бағынышты объектiлердiң құрылысы мен қайта құруын қаржыландыруды, жобалау-смета құжаттамасын, титулды тiзiмдердi ресiмдейдi; 
      - белгiленген тәртiп бойынша тiкелей бағынышты архив мекемелерiн қаржыландыруды қамтамасыз етедi; 
      - Қазақстан Республикасы, басқа республикалар және шетел архивтерi жұмысының тәжiрибесiн зерттейдi және тұжырымдап таратады, ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, мәжiлiстер, семинарлар өткiзедi, архив iсi, құжаттау және құжаттаманы басқару жөнiндегi көрмелердi ұйымдастырады; 
      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк архив қызметi мекемелерiнiң шетелдiк байланыстарын дамытады және үйлестiредi, халықаралық ынтымақтастық мәселелерiн шешуде өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасы мүддесiн бiлдiредi, архив iсi мен құжаттану жөнiндегi халықаралық ұйымдардың жұмыстарына қатысады; 
      - архивтердi реституциялау жөнiндегi ұсыныстарды қарап енгiзедi, Қазақстан халықтарының тарихы бойынша шетелдегi архив құжаттарын iздеп табуды және түп нұсқасын немесе көшiрмесiн алуды жүзеге асырады; белгiленген тәртiп бойынша басқа мемлекеттердiң архив мекемелерiмен бiрге көрмелер мен архивтiк құжаттарды жариялауды, сондай-ақ құжаттар көшiрмелерiмен, архивтану әдебиеттерiмен алыс-берiс жұмысын ұйымдастырады; ТМД-мен жасалған көпжақты және екiжақты келiсiмге сәйкес олардың архив мекемелерiмен ынтымақтастықты қамтамасыз етедi; 
      - белгiленген тәртiп бойынша заңды ұйымдар мен жеке адамдарға Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорына жататын архив құжаттарын Қазақстаннан тысқары жерлерге уақытша алып кетуге рұқсат бередi; 
      - өз қарамағындағы архив мекемелерiнiң басшы қызметкерлерiн қызметiнен босату және тағайындау, осы мекемелер қызметкерлерiн тұрғын үймен, медицина және қызмет көрсетудiң басқа да түрлерiмен қамтамасыз ету мәселесi бойынша жергiлiктi өкiмет орындарымен бiрлесiп әрекет жасайды; қызметкерлердi әлеуметтiк жағына қорғау мәселелерiн қарап, тиiстi ұсыныстар дайындайды; 
      - республиканың архив мекемелерiнде хұқылық жұмыстарды ұйымдастырады, архив iсi мен құжат түзiлу мәселелерi бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүзеге асырады; 
      - мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн нығайту шараларын қамтамасыз етедi, Бас архив басқармасының, оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк архив қызметi мекемелерiнiң қызметкерлерiне қатысты көтермелеу және тәртiптiк жазалау шараларын қолданады; 
      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясымен бiрлесе отырып жеке құрамы жөнiндегi республика мекемелерiнiң, ұйымдарының және кәсiпорындарының архивтерiнде 75 жыл бойы сақталуға тиiстi архив құжаттарын мемлекеттiк сақтандырудың тәртiбi туралы нұсқауларды әзiрлейдi және бекiтедi. 
      5. Алдына қойылған мақсаттар мен жүктелген мiндеттердi шешу үшiн Бас архив басқармасына мынадай хұқықтар берiледi: 
      - республика аумағындағы кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, сондай-ақ азаматтардың Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын, тарих пен мәдениеттiң деректi ескерткiштерiн қорғау және пайдалану, оларды тұрақты Мемлекеттiк сақтауға өткiзуге даярлау мен өткiзу саласындағы ережелер мен нормаларды, архив iсi мен құжаттаманы жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылау жасау; 
      - Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардан, басқа да мемлекеттiк және мемлекеттiк емес құрылымдардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басқару органдарынан ведомстволық архивтер мен құжаттаманы басқару қызметiнiң жұмысы, мемлекеттiк есепке алынған және сақталуда тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттары мен тарих және мәдениет деректi ескерткiштерiнiң жағдайы туралы қажеттi материалдарды алу; 
      - осы Ережеде белгiленген өз құзыры шегiнде бұйрықтар, қаулылар, нұсқаулар мен ережелер шығаруға, Бас архив басқармасы жүйесiндегi барлық кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар орындауға мiндеттi, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының қызметi және архив iсi мен құжат түзiлуiн реттеу мәселесi бойынша кiмге бағынышты екенiне қарамастан республиканың барлық мекемелерi ұйымдары мен кәсiпорындары орындауға мiндеттi нұсқаулар беру және оның орындалуын тексеру; 
      - ведомстволық архивтер мен құжаттаманы басқару қызметiнiң жұмыс мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволарының, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерiн тыңдау; 
      - ведомстволық нормативтiк және әдiстемелiк құжаттарды, сондай-ақ архив iсi мен құжаттаманы басқару мәселесi бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларды қарап бекiту (келiсу); 
      - республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының, сондай-ақ өкiмет пен басқарудың жергiлiктi органдарының архив iсi және құжаттаманы басқаруды, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын, тарих пен мәдениет деректi ескерткiштерiн қорғау мен пайдалануды реттейтiн нормативтi hәм әдiстемелiк құжаттарының, егер бұл құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе, Қазақстан Республикасының аумағындағы күшiн жою немесе тоқтата тұру туралы белгiленген тәртiп бойынша ұсыныстар енгiзу; 
      - Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын, тарих пен мәдениет деректi ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы қолданылып жүрген заңдарды бұзған немесе бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар мен азаматтарға заң жолымен әсер етуге, тiптi сот орындарына беруге дейiнгi тиiстi шаралар қолдану; 
      - үйлестiру, ғылыми-техникалық және басқа кеңестердi, ведомствоаралық сараптау комиссияларын құру, сондай-ақ белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын, тарих және мәдениет деректi ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану, архив iсi мен құжаттаманы басқару мәселелерi жөнiнде конференциялар, мәжiлiстер мен семинарлар өткiзу; 
      - архив iсi және құжат түзiлу саласындағы мәселелердi зерделеп шешу, кеңес өткiзу, сондай-ақ құжаттардың құндылығын анықтайтын мемлекеттiк сараптау қызметiнiң жұмысына контракт негiзiнде, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясымен, "Алаш-Мирас" тарих-архив қоғамымен, тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану қоғамымен, өлкетану және басқа қоғамдық ұйымдармен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту негiзiнде ғалымдарды, мамандарды және сарапшыларды қатыстыру; 
      - белгiленген заңды ретпен өзiне қарасты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату немесе басқаның қарамағына беру мәселелерiн шешу; 
      - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк архив қызметiнiң қарамағындағы өзiне бағынышты ұйымдар мен мекемелердiң хұқықтары мен мүдделерiн қорғау; 
      - архивтану, құжаттану, археография және қосалқы тарихи пәндер саласында орындалатын ең жақсы жұмыстарға конкурс жариялау, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес осы мақсатқа бөлiнген қаржы көлемiнде сыйлықтардың саны мен мөлшерiн, конкурстың шарттарын бекiту; 
      - мекемелер мен ұйымдарға олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан, сондай-ақ жеке азаматтарға киноға түсiру, радио және теледидар арқылы хабар беру, фотоқұжат көрмелерiн ұйымдастыру, басқа мемлекеттерге әкету үшiн көшiрмесiн алу мақсатында мемлекеттiң қарамағындағы архив құжаттарын сақтау, көбейту және пайдалану хұқына белгiленген тәртiп бойынша лицензия беру; 
      6. Бас архив басқармасын заңда белгiленген тәртiпке сәйкес тағайындалып, бекiтiлетiн бастық басқарады. 
      Бас архив басқармасы бастығының ұсынысы бойынша оның Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын (босататын) орынбасары болады. 
      Бас архив басқармасы басшыларының арасындағы мiндеттердi Бас архив басқармасының бастығы бөлiп бередi. 
      Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет деректi ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану мәселесiмен шұғылданатын Бас архив басқармасы басшыларының бiрi лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының деректi ескерткiштердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады. 
      7. Бас архив басқармасының бастығы: 
      - барлық мемлекеттiк органдарда, кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда Бас архив басқармасының мүддесiн бiлдiредi, шарттар жасайды, банктерде есеп айырысу және басқа шоттар ашады; 
      - Бас архив басқармасына жүктелген мiндеттердi орындауға және өзiнiң қызметiн жүзеге асыруға жеке-дара жауап бередi, Бас архив басқармасы орталық аппараты қызметкерлерiнiң жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi; 
      - Бас архив басқармасының орталық аппараты штаттық кестесiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi белгiлеген адам саны мен еңбекақы қоры мөлшерiнде бекiтедi;<*> 
      - Бас архив басқармасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастырады, олардың ережелерiн бекiтедi, сондай-ақ Бас архив басқармасы қарамағындағы мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестiредi; 
      - Бас архив басқармасы орталық аппаратының, оған бағынышты мекемелер мен ұйымдардың басшы қызметкерлерiн тағайындайды және қызметтен босатады, архив мекемелерiнiң басшы қызметкерлерiн тағайындау және босату iсiн жергiлiктi әкiмшiлiкпен келiсе отырып жүргiзедi; 
      - Бас архив басқармасы өз құзыры шеңберiндегi жекелеген мәселелерiн шешудi орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiне, сондай-ақ Бас архив басқармасының жүйесiне енетiн ұйымдар мен мекемелерге бағыттайды; 
      - заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына және Республика үкiметiнiң шешiмдерiне сүйенiп, олардың орындалуын көздей отырып Бас архив басқармасы өз құзыры шегiнде бұйрықтар, қаулылар, нұсқаулар шығарады, аппараттың барлық құрылымдық бөлiмшелерi, ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдар орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi, сондай-ақ қажеттi жағдайда, мемлекеттiк басқарудың республикалық органдарының өзге басшыларымен бiрлесе отырып ортақ бұйрықтар, қаулылар мен нұсқаулар шығарады. 
      Ескерту. 7-тармақтың төртiншi абзацынан сөздер алынып 
               тасталған - ҚРМК-нiң 1995.02.06. N 115 қаулысымен. 
 
                      8. Бас архив басқармасында құрамына Бас архив басқармасының бастығы (алқаның төрағасы), бастықтың лауазымды орынбасары, орталық аппарат пен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк архив қызметiнiң басқа басшы қызметкерлерi кiретiн алқа құрылады. 
      Бас архив басқармасы алқасының оның құрамына лауазым бойынша кiретiн адамдардан өзге мүшелерiн Бас архив басқармасы бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. 
      Бас архив басқармасының алқасы өзiнiң жүйелi түрде өткiзiлетiн мәжiлiстерiнде Бас архив басқармасы құзырына қатысты мәселелердi қарайды. 
      9. Бас архив басқармасы жанында: 
      - архив iсi, құжаттану және археография теориясы мен практикасы мәселелерiн қарайтын Ғылыми кеңес; 
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен жинақтау көздерiн анықтайтын, архив құжаттарының құндылығын сараптайтын және оларды тарих пен мәдениет деректi ескерткiштер санатына жатқызу мәселесiн шешiп отыратын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы; 
      - құжаттарды мемлекеттiк меншiкке алатын ведомстволық кеңес жұмыс iстейдi. 
      Аталған кеңестер мен комиссиялар және олардың құрамы туралы Ережелердi Бас архив басқармасының бастығы бекiтедi. 
      10. Бас архив басқармасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi ұйғарған Қазақстан Республикасының меншiгiн иелену, пайдалану және басқару хұқықтарын жүзеге асырады. 
      11. Бас архив басқармасы банкте есеп айырысу, бюджеттiк және валюталық шоты, өзiндiк мүлкi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы бар заңды мекеме болып табылады. 
      Бас архив басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын жинақтау көздерiн және деректi ескерткiштердiң иелерiн тiркеу үшiн, архив құжаттарына қожалық ету хұқына, олардың тең бағалы төлқұжаттары мен көшiрмелерiн басқа мемлекеттерге әкетуге лицензия беру үшiн пайдаланатын арнайы нөмiрленген мөрлерi болады. 
      Бас архив басқармасының қайта құрылуы мен таратылуы заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 

                                      Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1993 жылғы 2 желтоқсандағы
                                         N 1214 қаулысымен
                                          Бекiтiлген

          Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама 
        бас басқармасына тiкелей бағынышты орталық мекемелер 
                         мен ұйымдардың 
                             Тiзбесi

     Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивi 
     (Қазақстан Республикасының ОМА)
     (Қазақстан Республикасының ОМҚЗТА)
     Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк ғылыми-техникалық
     құжаттама архивi
     (Қазақстан Республикасының ОМҒҚА)
     Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк кинофотоқұжаттар
     мен дыбыс жазбалар архивi
     (Қазақстан Республикасының ОМКҚДЖА)
     Мемлекеттiк архивтердiң деректi материалдарын 
     микрофото-көшiрмелеудiң және қалпына келтiрудiң орталық 
     лабораториясы
     (МАОЛ)
     Ескерту. Тiзбеден Қазақстан Республикасы Қазiргi тарихының 
              орталық мемлекеттiк архивi шығарылып тасталған -
              ҚРМК-нiң 1994 ж. 25 наурыздағы N 298 қаулысымен. 
                P940298_

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады