ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КАСПИЙ ТЕҢIЗI ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӨНIНДЕГI ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 қаңтар 1994 ж. N 26

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Каспий теңiзi проблемалары жөнiндегi Ұлттық кеңесi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
   Қазақстан Республикасының
   Премьер-министрi


                                           Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 қаңтардағы N 26 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


                 Қазақстан Республикасының Каспий теңiзi
               проблемалары жөнiндегi Ұлттық кеңесi туралы
                              ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасының Каспий теңiзi проблемалары жөнiндегi Ұлттық кеңесi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Каспий теңiзi проблемалары жөнiндегi Ұлттық кеңесi туралы" 1993 жылғы 23 тамыздағы N 725 қаулысына сәйкес құрылған ведомствоаралық үкiмет органы болып табылады.
      2. Ұлттық кеңестiң құрамын Каспийдiң проблемаларымен шұғылданатын Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының, мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      3. Ұлттық кеңес:
      Каспий теңiзiнiң проблемалары, су басу мен су астында қалу қаупi бар Каспий теңiзiнiң жағалау аймағындағы шаруашылықтың тұрақты қызметiн және халықты қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк, қоғамдық және басқа ұйымдардың қызметiн үйлестiредi, Каспий теңiзi бассейнiндегi су, минерал және биоресурстардың сақталуы мен пайдаланылуына, сондай-ақ экологиялық апаттың күшеюi мүмкiндiгiнiң алдын алу жөнiндегi шаралардың өткiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
      Каспий аймағы проблемаларының жалпы алғандағы тұжырымды мәселелерiн қарайды, Каспий проблемаларымен шұғылданатын Атырау және Маңғыстау облыстары әкiмдерiнiң, министрлiктер мен ведомстволардың ұсынуы бойынша жағалауды қорғау жұмыстары мен халық шаруашылығының тұрақты қызметiн тиiмдi жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi кешендi жобалардың түзiлуiне бақылау жасайды, осы проблемалар жөнiндегi негiзгi мәселелердi бағамдап, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсыныс тапсырады;
      ғылыми, жобалау және басқа ұйымдардың Каспий теңiзi жағалауындағы мемлекеттермен бiрлескен шешiмдер әзiрлеуге және қажеттi практикалық iс-қимыл жүргiзуге бағытталған күш-жiгерiн бiрiктiредi;
      мемлекеттiк, қоғамдық және басқа қорлардың дамуына жәрдем көрсетедi және олар жинақтаған қаражатты Каспий проблемаларын шешу үшiн пайдалануды үйлестiредi;
      Қазақстан жағалауын су басудан және су астында қалудан қорғау жөнiндегi практикалық iс-қимылдың орындалу барысына бақылау жасайды, жобаларда жұмыстарды көзделген қаржыландыру мәселелерiне тұрақты түрде қатысады, әрi осы мақсатта облыстар әкiмдерiнiң, тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың есебiн тыңдайды және оларға әзiрленген бағдарламалардың жүзеге асырылуына жәрдем көрсетедi;
      Каспий теңiзi проблемалары жөнiндегi ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру жұмыстарының жай-күйiн, Каспий теңiзi деңгейiнiң режимiн болжауды қарап отырады, бұларды Каспий теңiзi жағалауындағы мемлекеттермен келiсу барысында бақылау жасайды, Каспий теңiзiнiң жағалауы мен акваториясындағы табиғи ортаның жай-күйiн қадағалау мен бақылаудың бiр iзге салынған мониторинг жүйесiн, деректер банкiн және басқа жүйелердi құруды ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне Каспий теңiзi проблемалары жөнiндегi конвенциялардың, келiсiмдердiң және басқа халықаралық нормалар мен ережелердiң жобаларын қарау жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      Каспий теңiзi акваториясы мен жағалауындағы табиғи және отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға байланысты Каспий теңiзi жағалауындағы мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимыл жоспарларын келiседi және республиканың Үкiметiне тиiстi ұсыныс енгiзедi.
      4. Ұлттық кеңеске басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-министрi орынбасарларының бiрi қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
      5. Ұлттық кеңестiң мәжiлiсiн дайындау және iс қағаздарын жеделдете жүргiзу үшiн құрамында бес адам: Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының ТМД iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң екi қызметкерi және Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, "Каспий" Ұлттық орталығы, "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк концернi өкiлдерi бар жұмыс тобы құрылады.
      6. Ұлттық кеңестiң мәжiлiсi олар бекiткен жұмыс жоспары бойынша, бiрақ тоқсанында кем дегенде бiр рет өткiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады