ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI АРАСЫНДА ЗАЕМ (ҚАЛА КӨЛIГIНIҢ ЖОБАСЫ) ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ ЖАСАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШIН ЖАҒДАЙЛАР ТУҒЫЗУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

Жаңа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 10 қаңтар 1994 ж. N 54

      Банктiң 1985 жылғы 1 қаңтардағы "Заемдар мен кепiлдiктер туралы Келiсiмге қолданылатын жалпы шарттарды" (бұдан әрi - Жалпы шарттар) ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту мен Даму Банкi (бұдан әрi - Банк) арасында заем туралы Келiсiм жасау және оны жүзеге асыру үшiн қажеттi жағдайлар туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi арасында заем (Қала көлiгiнiң жобасы) туралы Келiсiмнiң шеңберiнде қайтарымсыз кредит берудiң негiзгi шарттары туралы Ереже N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Заем туралы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн қайтарымсыз кредиттi алушылар арасында қаражатты алдын-ала бөлуге сәйкес Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерiне Ережеде белгiленген шарттармен Заемның шеңберiнде қаржыландыратын 40 миллион АҚШ долларына тең сомадағы товарлар мен көрсетiлетiн қызмет қайтарымсыз кредит ретiнде N 2 қосымшаға сәйкес берiлсiн.
      3. "Қалалық жолаушылар көлiгi саласындағы саясат пен iс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласы әкiмдерiнiң Мәлiмдемесi N 3 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң, Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстары және Алматы қаласы әкiмдерiнiң алушы кәсiпорындарды белгiлеу және Ережеде белгiленген шарттармен берiлетiн товарлар мен көрсетiлетiн қызметтi бөлу туралы ұсыныстары құпталсын.
      5. Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi бiр апта мерзiмде бұрыннан бар жолаушылар көлiгi паркiн қалпына келтiру және жүргiзушiлер жетiспеушiлiгiн жою мәселелерiн қамтитын iшкiқалалық жолаушылар көлiгi жұмысын жетiлдiру жөнiндегi шаралардың жоспарын жасап, бекiтсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi, Экономика

 

министрлiгiнiң жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық

агенттiгi, Қаржы министрлiгi, Алматы қаласының, Қарағанды және

Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi бөлiнген қаражаттың

нысаналы пайдаланылуы үшiн тиiсiнше бақылау жасалуын жүзеге

асырсын.

     Қазақстан Республикасы

     Премьер-министрiнiң

     бiрiншi орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1994 жылғы 10 қаңтардағы

                                           N 54 қаулысына

                                            N 1 қосымша


           Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту

     және Даму Банкi арасындағы заем (Қала көлiгiнiң жобасы) туралы

        Келiсiмнiң шеңберiнде қайтарымсыз кредит берудiң негiзгi

                         шарттары туралы

                             Ереже



 
       1. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкi (бұдан әрi - Банк) арасында 40 миллион АҚШ доллары сомасына жасалатын заем (Қала көлiгiнiң жобасы) туралы Келiсiмнiң (бұдан әрi - Заем туралы келiсiм) шеңберiнде қайтарымсыз кредиттi алушылар Алматы қаласының, Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi (бұдан әрi - Әкiмшiлiк) және Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының қалалық жолаушылар көлiгiнiң кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорын) болмақ.
      2. Қайтарымсыз кредит алушыларға Заем туралы келiсiмге қол қойылып, күшiне енгеннен кейiн берiледi.
      3. Қайтарымсыз кредиттi алушылар (а) Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы (бұдан әрi - Қала) жолаушы көлiгiнiң мүмкiндiгiн қалпына келтiруге, (б) көлiк саласындағы реформаны қамтамасыз етуге және Қаладағы жолаушылар көлiгi секторының жұмысын ұйымдастыруға саятын Қала көлiгi жобасының мақсатына өзiнiң қосылатынын жария етедi.
      4. Осы Ереже бекiтiлгеннен кейiнгi екi аптаның iшiнде Әкiмшiлiк Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қабылдаған тұтыну бағаларының индексi немесе Банкiге ыңғайлы кез келген түзетiлулi индекс негiзiнде өзгерген 1993 жылдың 30 маусымы мен осы Ереженiң бекiтiлген күшi арасындағы, инфляцияның қарқынына сәйкес Қаладағы қала көлiгiмен жүрудiң барлық тарифтерiне өзгерiс енгiзуi тиiс.
      5. Заем туралы келiсiм шеңберiнде қаржыландырылуға жататын жаңа автобустардың жартысы Кәсiпорын тарапынан пайдалануға шығарылған кезде Әкiмшiлiк бiр жолаушыға шаққанда пайдалану шығынының 25 процентiнен кем болмайтын жолақының жаңа негiздегi түзетiлмеген мөлшерiн белгiлеп енгiзуi керек. "Бiр жолаушыға шаққанда көлiктi пайдалану шығасы" деген термин осы Ереженiң 26-тармағында (3) (Б) көрсетiлген жобаға қатысушы Кәсiпорынның алдыңғы алты айдың iшiнде инфляцияны ескере отырып өзгертiлген және сол алты ай iшiнде Кәсiпорын тасыған жолаушылардың жалпы санына бөлiнген шығынын бiлдiредi. "Жол жүрудiң негiзгi және өзгермейтiн ақысы" деген термин қандай да бiр шегерiмге немесе аталған ақыны төлеуден босатылуға құқы жоқ жолаушының төлейтiн жол ақысын бiлдiредi.
      6. Әкiмшiлiк Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi қабылдаған тұтыну бағаларының индексi немесе Банкiге ыңғайлы кез келген түзетiлген индекстiң негiзiнде өзгертiлген инфляция қарқыны асып түсуiне сәйкес әрбiр үш айда Қазақстан қала көлiгiне тарифтердi түзетiп отырады.
      7. Қайтарымсыз кредит алушы 1996 жылғы 31 наурызға дейiн Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi мен Банк үшiн қолайлы қалпына келтiру жоспарына сәйкес өзiнiң иелiгiндегi және пайдаланудағы автобустар мен троллейбустарды (қажеттi босалқы бөлшектермен және материалдық ресурстармен қамтамасыз етудi қосқанда) қалпына келтiредi.
      8. Әкiмшiлiк Үкiмет Кәсiпорынға сатып алған автобустарды, жабдықтарды және босалқы бөлшектердi Алматы қаласынан 1995 жылғы 31 наурызға дейiн жеткiзiп беру мiндетiн өз мойнына алады.
      9. Әкiмшiлiк 1995 жылғы 31 наурызға дейiн Қаладағы қоғамдық көлiкке сұранымына, оның шығындарына, қол жететiндiгiне және тарифтерiне зерттеулер жүргiзедi. Осындай зерттеулер жүргiзiлгеннен кейiн кiдiртпей Үкiмет пен Банктiң қарауына осы зерттеулердiң барысында жасалған қорытындылар мен ұсыныстардың нәтижелерi туралы ақпарат тапсырылуға тиiс. Үкiмет пен Банктiң осындай зерттеулерi мен түсiндiрмелерi негiзiнде Әкiмшiлiк 1995 жылғы 30 маусымға дейiн: (а) халықтың мейлiнше мұқтаж санаттарына ғана жеңiлдiк тарифтерiн берудi қамтамасыз ету үшiн халықтың жекелеген топтарын Қалада төлемнен босату немесе оларға тарифтердi төмендету жүйесiн; және (б) қалада жолақысын алу мен бақылау жүйелерiн қайта қарайды және қажет болған жағдайда өзгертедi.
      10. Әкiмшiлiк 1995 жылғы 31 наурызға дейiн жобаға қатысатын Кәсiпорынды басқару практикасына зерттеу жүргiзедi. Осындай зерттеулер аяқталысымен кiдiртпей Әкiмшiлiк Үкiмет пен Банктiң қарауына аталған қорытындылар мен ұсыныстарға түсiндiрмелер жасауға мүмкiндiк бере отырып, зерттеудiң барысы, өздерiнiң қорытындылары мен ұсыныстары туралы ақпарат тапсырады. Үкiмет пен Банктiң түсiндiрмелерi негiзiнде Әкiмшiлiк 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн Кәсiпорын қызметiнiң басқару мен заңдылық жақтарын қайта қарайды және қажет болған жағдайда өзгертедi.
      11. Әкiмшiлiк 1995 жылғы 31 наурызға дейiн Қалада жолаушы көлiгiнiң қызмет көрсету нормаларына, рәсiмдерiне және лицензиялау тәртiптерiне зерттеу жүргiзедi. Осындай зерттеулер аяқталысымен кiдiртпей Әкiмшiлiк Үкiмет пен Банктiң қарауына аталған қорытындыларға түсiндiрмелер жасауға мүмкiндiк бере отырып, зерттеудiң барысы туралы ақпаратты, өз қорытындылары мен ұсыныстары туралы ақпарат тапсырады. Үкiмет пен Банктiң осындай түсiндiрмелер жасауының негiзiнде Әкiмшiлiк 1995 жылғы 30 маусымға дейiн мұндай нормаларды, рәсiмдердi және қоғамдық көлiктiң қызмет көрсетуiн лицензиялау тәртiбiн қайта қарайды және қажет болған жағдайда өзгертедi.
      12. Әкiмшiлiк 1995 жылғы 30 маусымға дейiн Қалада қоғамдық көлiк қызметiн көрсету құқығына конкурстық негiзде тендерлер ұйымдастыру үшiн қажеттi шаралар қолданады және осындай шараларды 1995 жылғы 31 желтоқсанға дейiн Қаладағы кемiнде екi бағытта жүзеге асырады.
      13. 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн Алматы қаласында жүргiзушiлер жетiспеуi азаюға тиiс.
      14. Кәсiпорын әрбiр үш айда Әкiмшiлiкке осы кезең iшiндегi Кәсiпорынның жоспарланған жиынтық табысы оның барлық көздердегi жоспарланған жиынтық шығынынан артыла ма, соны ерекше көрсетiп, инфляцияға түзету енгiзе отырып, Кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiн қамтитын қаржылық жоспар (бұдан әрi - қаржылық жоспар) тапсырады. Осы тармақтағы мәнiнде қолданылып отырған "жоспарланған жиынтық шығындар" терминi ақылға сиымды негiзделген техникалық нормаларды және қызмет көрсету сапасының аз да болса сақталуы жағдайында Кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiне қатысты барлық шығындардың сомасын бiлдiредi; бұған әкiмшiлiк мақсаттарға тиiстi техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар, салықтар мен төлемдер, амалсыз қарыз болып қалуға қарсы сақтық шаралары ретiнде бөлiнетiн қаражаттар қосылады, бiрақ амортизация және тозу жөнiндегi шығындар резервi алынып тасталады.
      15. Қаржылық жоспарды алған сәттен кейiнгi бiр ай iшiнде Әкiмшiлiк мұндай қаржылық жоспарды Кәсiпорынның жиынтық табысы оның жиынтық шығынын жабу үшiн жеткiлiктi боларын анықтау үшiн тексеруге тиiс. Егер Әкiмшiлiк Кәсiпорынның жиынтық табысы оның жиынтық шығындарын жабуға жетпейтiнiн анықтаса, атап айтқанда, жиынтық шығындарды жабуды қамтамасыз ету үшiн, Кәсiпорынды ай сайын қаржыландыру деңгейiн өзгертудi қоса, оларға барлық қажеттi шаралар қолданылатын болады.
      16. Қайтарымсыз кредит алушылар 1994 жылғы 31 желтоқсанға дейiн жәрдем қаржы жүйесiн күшiне енгiзудi қамтамасыз ету үшiн Кәсiпорынның қаржылық жоспарын әзiрлеу және қайта қарау кезiнде пайдаланылған әдiстемелер мен рәсiмдердi 1995 жылғы 31 наурызға дейiн қайта қарайды және де қажет болған жағдайда өзгертедi.
      17. Әкiмшiлiк Банктiң негiзделген сұранысы жағдайында жолаушылар көлiгiнiң қызметiне және оны қалада дамыту жоспарларына қатысты бүкiл ақпаратты кiдiртпей табыс етедi.
      18. Әкiмшiлiк әзiрленген немесе Әкiмшiлiктiң Банкке жiберген барлық есептерi, ұсыныстары немесе құжаттары жөнiнде кiдiртпей Үкiметтi хабардар етiп отырады және де қажет болған жағдайда Үкiметке олардың көшiрмелерiн түсiредi.
      19. Қайтарымсыз кредит алушы тиiсiнше тауарлар мен қызмет көрсетулердiң пайдаланылуына, осы Ережеге қатысты Жалпы шарттардың 9.05, 9.06, 9.07 және 9.08 Бөлiмдерiнде баяндалған жоспарлар мен кестелерге, есеп-қисап және есеп беру құжаттарына байланысты мiндеттемелердi кiдiртпей орындайды.
      20. Кәсiпорын тәуекелге қарай белгiлi бiр практикаға сәйкес келетiн сомаға сақтандыру қағазын сенiмдi сақтандыру компаниясынан сатып алып, қолында сақтайтын болады.
      21. Әкiмшiлiк тоқсан сайын Жобаның iс жүзiнде орындалу барысы туралы Үкiметке қаржылық есеп берiп, ақпарат табыс етiп отырады.
      22. Әкiмшiлiк Жобаға немесе осы Ереженiң шарттарына қол сұғу қаупiн төндiретiн не оның орындалу барысына кедергi келтiретiн барлық жағдайлар туралы Үкiметке кiдiртпей хабарлайтын болады.
      23. Қайтарымсыз кредит алушы белгiлi бiр бухгалтерлiк тәжiрибеге сәйкес қызметтi, Жоба бойынша қолда бар ресурстар мен шығындарды бiрдей қамтып көрсететiн құжаттардың есебi мен бухгалтерлiк есептi жүргiзетiн болады.
      24. Қайтарымсыз кредит алушы:
      а) Банк үшiн ыңғайлы, тәуелсiз аудиторлық фирмалар ұдайы қолданатын тиiстi аудит принциптерiне сәйкес әрбiр қаржылық жыл бойынша есеп құжаттары мен бухгалтерлiк есепшотты тексеру iсiн жүргiзетiн болады;
      б) әрбiр қаржылық жыл аяқталған соң келiп түсуiне қарай, бiрақ кез келген жағдайда әрi кеткенде алты ай сайын (А) мұндай тексеру жүргiзiлген Кәсiпорынның бiр жылдық қаржылық есеп беруiнiң тексеруден өткен куәландырылған көшiрмелерiн және (Б) Банк сұрау салуы мүмкiн оңтайлы көлемде және егжей-тегжейлi түрде аталған аудиторлық фирмалардың тексергендiгi туралы есеп берудi Үкiмет пен Банкке табыс ететiн болады;
      в) аталған есеп құжаттары мен бухгалтерлiк есеп шоттары туралы кез келген ақпаратты, сондай-ақ Банк мезгiл-мезгiл негiздi түрде талап етуi мүмкiн олардың аудитiн Үкiмет пен Банкке табыс ететiн болады.
      25. Шығыс ведомостiлерi негiзiнде Заемдық есеп шоттан қаражат алу жүзеге асырылған бүкiл шығындарға кредит алушы:
      а) осы Ереженiң 23-тармағына сәйкес мұндай шығындар көрiнiс табатын есеп құжаттары мен бухгалтерлiк есеп шоттарын жүргiзетiн болады;
      б) Заем туралы ұсынылған Келiсiм белгiлегендей Заемдық есеп шоттан соңғы рет қаражат алу жүргiзiлген немесе Арнайы шоттан төлем жүзеге асырылған қаржылық жылдағы аудиторлық есеп берудi Банкiге жолдағаннан кейiн мұндай шығындарды айғақтайтын барлық есеп құжаттарын (контрактiлердi, тапсырыстарды, шот-фактураларды, накладнойларды, басқа да құжаттаманы) бiр жыл бойы сақтайтын болады;
      в) Банк өкiлдерiнiң мұндай есеп құжаттарын тексеруiне жәрдемдесетiн болады;
      г) Қаржылық жыл iшiнде табыс етiлетiн шығыс ведомостiлерiне сенiм артуға болу-болмайтындығы туралы аталған аудиторлық фирмалардың жекелеген қорытындылары бар, осы Ереженiң 24-тармағында айтылғанындай, мұндай есеп құжаттары мен бухгалтерлiк есеп шоттарды, сондай-ақ оларды дайындау кезiнде қаражатты алуға байланысты айғақтама үшiн пайдаланылатын iшкi шаруашылық бақылаудың рәсiмдерi мен әдiстерiн жыл сайынғы аудиторлық есеп беруге енгiзудi қамтамасыз ететiн болады.
      26. (а) Егер Банк өзгеге келiспесе, Кәсiпорын қандай да болсын борышты алмайтын болады, осындай сатып алудың нақ қарсаңында, немесе аталған борышты алу күнiмен аяқталатын соңғы он екi айлық кезеңде Кәсiпорынның қаржылық жыл iшiндегi таза табысы Жобаға қатысушы Кәсiпорынның ең толымды қажеттерiне шаққанда кем дегенде екi есе көп болмаған ретте ол осындай шараға барады.
      (б) Осы тармақтың мақсаты үшiн:
      (1). "Борыш" терминi жобаға қатысушы Кәсiпорынның кез келген қарыз алуын бiлдiредi, оның өтелу мерзiмi ең бастапқы жолы алынған күннен бастап кемiнде бiр жылдан аса уақытқа созылады;
      (2). (А) Борыш заем туралы контракт немесе келiсiм шеңберiнде немесе осындай борыштың болуын көздейтiн басқа бiр заемдiк тетiк шеңберiнде немесе аталған контракт, келiсiм яки тетiк жасасылған күнге оның өтелу мерзiмiне; және (Б) осындай кепiлдiктi көздейтiн келiсiмге қол қойылу күнiне кепiлдiк туралы келiсiм шеңберiнде борыш алынған деп есептеледi.
      (3). "Таза табыс" терминi:
      (А) Жобаға қатысушы Кәсiпорынның қарыз алған сәтте қолданылып отырған бағасын, бұл баға он екi ай кезең бойы қолданылмағанына қарамастан, есепке алу үшiн оның негiзгi өндiрiстiк-шаруашылық қызметiне түзету енгiзуге байланысты барлық қаржы көздерiнен түсетiн қаражат пен негiзгi қызметтен алынатын таза табысты қосқандағы соманың;
      (Б) әкiмшiлiк қызметтi қоса алғанда негiзгi өндiрiстiк-шаруашылық қызметке байланысты барлық шығындардың сомасы, бұдан тиiстi техникалық жағынан қамтуды, салықтар мен төлемдердi, амортизациялық төлемдердi, өзге де қолма-қол ақшасыз жұмсалған өндiрiстiк шығындар мен проценттердi, сондай-ақ өзге де берешек төлемдердi шығарып тастамағандағы соманың арасындағы айырманы бiлдiредi.
      (4) "Негiзгi қызметтен түсетiн таза табыс" терминi:
      (А) негiзгi өндiрiстiк-шаруашылық қызметке жататыннан басқа барлық қаржы көздерiнен алынатын табыстар;
      (Б) табысты қамтамасыз ету барысында жұмсалатын салықтар мен төлемдердi қоса алғандағы шығындар арасындағы айырманы бiлдiредi;
      (5) "Борыштық мiндеттемелердi өтеу қажеттi" терминi борышты өтеу (өтем қорына төлемдер болған ретте оларды да қоса алғанда), сондай-ақ ол бойынша проценттер мен басқа да төлемдердi өтеу жиынтығын бiлдiредi;
      (6) Осы тармақтың мақсаты үшiн шетелдiк валютамен төленетiн борышты Қазақстанның ұлттық валютасымен бағалау қажет болатын жағдайлардың бәрiнде де, осындай борышты өтеу үшiн шетелдiк валюта сатып алу iсi айырбастың ресми бағамынан артық төлеу негiзiнде, немесе мұндай бағам болмаған ретте, Банкiге ыңғайлы айырбастау бағамы негiзiнде жүзеге асырылады.
      27. Егер Қайтарымсыз кредит алушы осы Ереженiң қандай да болсын талабын орындамаса және Үкiмет тарапынан хабарланған соң да 60 күн бойына талапты орындамауын соза берсе, онда аталған мерзiм өтiсiмен Үкiмет өз қалауымен Алушының қайтарымсыз кредит алуға деген құқығын тоқтата немесе жоя алады.
      28. Егер Келiсiм мен заем шеңберiнде Үкiметтiң Заем есеп шотынан қаржы алу құқығын Банк тоқтату немесе жою себептерiне қарамастан, iшiнара немесе толығымен тоқтатса немесе жойса, онда қайтарымсыз кредит беру де осы Ережеде баяндалған шарттарға орай сол мерзiмге сондай түрде әрi бiр мезгiлде iшiнара немесе толығымен тоқтатылады немесе нақты жағдайға қарай жойылады.
      29. Егер заем туралы Келiсiмге орай және Қайтарымсыз кредит алушының мiндеттемелерiне байланысты қандай да болсын бiр оқиға кездессе және Банк әлi де өтелiп бiтпеген банкi заемының негiзгi сомасын дереу төлеу қажет деп жарияласа, онда осындай оқиға орын алып отырған кезеңнiң кез келген сәтiнде Үкiмет Қайтарымсыз кредит алушыны хабардар етедi де, осы Ереженiң қандай да болсын шарттарына қарамастан, өз қалауымен қайтарымсыз кредиттi тоқтатады немесе жояды.
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 10 қаңтардағы
                                            N 54 қаулысына
                                             N 2 қосымша
 
             Қайтарымсыз кредиттi алушылардың арасында
              тауарлар мен қызмет көрсетуге қаражатты
                          алдын ала бөлу
                              (Кесте)
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1994 жылғы 10 қаңтардағы

                                           N 54 қаулысына

                                            N 3 қосымша



 
 
              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қарағанды,
            Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы
           әкiмдерiнiң қалалық жолаушылар көлiгi саласындағы
                саясат пен iс-қимылының жоспары туралы
                              МӘЛIМДЕМЕСI
 
                    Қалалық жолаушылар көлiгiндегi тарифтер
 
      1. Үкiмет саясаты шығындарды өтеудiң жергiлiктi салықтар шығындардың негiзгi бөлiгiн жабатын қазiргi жүйесiнiң жолаушылардың жүру ақысынан түскен түсiмдер пайдалану шығындарының барған сайын өсетiн үлесiн жабатын жүйе жағына қарай ойысуға саяды. Осы саясат шеңберiнде Үкiметтiң мақсаты кәдiмгi жолаушылар билетiнiң бағасын, мүмкiндiгiнше, бiр жолаушыны тасымалдауға кететiн пайдалану шығындарына барабар (инвестициялық шығындарды қоспағанда) деңгейде жедел белгiлеу болып отыр. Осы мақсат үшiн халықтың орташа табысын және әсiресе тағам өнiмдерi мен басқа да негiзгi тауарлардың бағасын ескере отырып, инфляция қарқынынан асырыла билеттiң бағасы бiртiндеп арттырылатын болады. Әзiрге 1993 жылы жол ақысының өсуi нәтижесiнде қол жеткен iлгерiлеушiлiк инфляцияның жоғары деңгейiмен жоққа тән болмауы үшiн Үкiмет Банкпен келiсiлуге тиiстi жергiлiктi баға индексiне, мәселен, тұтыну индексiне сәйкес осындай ақыны индекстеу жөнiнде шұғыл шаралар қолданады.
      2. Үкiмет 1995 жылғы 30 маусым Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларындағы кәдiмгi жолаушы билетiнiң бағасы жолаушының бiр жолғы жүрiсiнiң пайдалану шығындарының 55 процентiне (инвестициялық шығындарды қоспағанда) тең болады деп жорамалдайды. Осы және басқа да мақсаттарға жетуге көмек көрсету үшiн Үкiмет Алматыда, Қарағандыда және Шымкентте қоғамдық көлiкке сұранысты, шығындар мен тарифтердi зерттейдi. 1995 жылғы 31 наурызда аяқталуға тиiстi зерттеулер, атап айтқанда, шығындарды орташа және ұзақ мерзiмдi перспективада өтеу мерзiмдерi мен дәрежесiне орай негiзгi принциптердi тұжырымдауға бағытталатын болады. Аралық шара ретiнде Үкiмет белгiленiп отырған жоба шеңберiнде (1994 жылдың басы - орта кезi) қаржыландырылған автобустарды әр қалада пайдалануға тапсыру кезiндегi бiр жолаушының жол жүруiнiң пайдалану шығындарының 25 процентiн (инвестициялық шығындарды қоспағанда) жабу үшiн жол жүру ақысын арттырады.
      3. Жол жүру ақысынан босату немесе оны халықтың арнайы топтары үшiн кемiту жүйесi талданады және қажет болған жағдайда жол ақыны төлеудiң арнайы түрлерi адамдардың неғұрлым мұқтаж топтарымен және тек солармен шектелуi үшiн қайта қаралады. Сондай-ақ жол жүру ақысын жинау жақсартылып, бақылаудың неғұрлым пәрмендi жүйесi құрылады. Осы мақсаттар үшiн 1995 жылғы 31 наурызға дейiн зерттеу жүргiзiледi және жүргiзiлген зерттеу нәтижесiнде қажет болып табылған шаралар 1995 жылғы 30 маусымға дейiн жүзеге асырылады.
 
                    Субсидиялар
 
      4. Үкiмет саясатты қаланың жолаушылар көлiгi кәсiпорындарына ("кәсiпорындар") ақылға қонымды техникалық стандарттар мен қызмет көрсетудiң ең төменгi деген ыңғайлы деңгейi шеңберiнде жұмыс iстеуi үшiн жеткiлiктi мөлшерде қаражат бөлiнуiн көздейдi. Бұл үшiн жергiлiктi өкiмет органдары қаланың жолаушылар көлiгiн қаржыландыру мақсатымен арнайы алымдар енгiзуге өкiлеттiк алды.
      5. Кәсiпорындардың ағымдағы пайдалану және инвестициялық шығындарына қарай оларға ай сайын қаражат бөлiнiп отырылады. Ай сайын инфляцияны, қызмет көрсетудiң келiсiлген деңгейiн, тиiмдiлiктi келiсе отырып арттыруды (мәселен, техникалық қызметтi жақсы көрсету, отынды пайдалануды және қызметкерлердiң штат құрамын қысқарту есебiнен) ескере отырып, пайдалану шығындарының бюджетi ай сайын түзетiледi. Жобаға қатысатын кәсiпорындардың жұмыс нәтижесiн жақсартуға бағытталатын көрсеткiштер келiссөздер барысында Банкпен келiсiп, осы Мәлiмдемеге қосымша ретiнде берiлетiн болады. Инвестициялық бюджеттер кәсiпорындардың автопаркiн және қызмет көрсету сапасын қолдауға және арттыруға қажет ақылға қонымды нормаларға сәйкес қажеттi жабдықтарды жетiлдiру мен жаңартудың келiсiлген стратегиялық жобаға орай жыл сайын әзiрленiп мақұлданады. Осы мақсаттар үшiн кәсiпорындар пайдалану мен күрделi шығындарының өз бюджеттерiн әзiрлеудiң әдiстемесi мен рәсiмiн 1994 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қарайды. Жергiлiктi өкiмет органдары субсидиялар беру мен олардың ұсыныстарындағы сұраныстарға талдау жасау рәсiмiн де 1994 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қарайды. Бұдан соң субсидиялардың ұқсас жүйесiн 1995 жылғы 31 наурыздан бастап қолдану үшiн iле-шала шешiмдер қабылданады.
 
             Қаланың жолаушылар көлiгi кәсiпорындарына
            басшылық жасау және кәсiпорындар мен Үкiмет
                арасындағы контрактылық қатынастар
 
      6. Үкiмет саясаты кәсiпорындардың өз өндiрiстiк қызметi мен техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру мен өткiзу, босалқы бөлшектер, ресурстар мен материалдар сатып алу, қаржы операциялары мен жеке мәселелер (кәсiпорындардың иелерi, жергiлiктi өкiмет органдары белгiленген стратегиялар мен негiзгi принциптер шеңберiнде) жөнiндегi шешiм атаулыны қабылдағанда тәуелсiз әрi еркiн болуын көздейдi. Кәсiпорындардың негiзгi мiндеттерi, олардың қызметi мен жалпы ұйымдастырылуының принциптерi көрсетiлген егжей-тегжейлi жарғы жасалатын болады. Сондай-ақ жергiлiктi өкiмет пен кәсiпорындардың басшылығы арасындағы егжей-тегжейлi контракт жасалады, онда кәсiпорындардың мiндеттерi көлiктiк қызмет көрсету (бұл әсiресе маршруттарға және қозғалыс жиiлiгiне қатысты) және тиiмдiлiк тұрғысынан сипатталады. Сондай-ақ автокөлiк кәсiпорындарының басшылығы мен ағымдағы қызмет көрсету және жөндеу базаларының басшылары арасында осы тектес контрактылар жасалады. Аталған мақсаттарға қаншалық қол жеткендiгi келiсiлген көрсеткiштер мен берiлген шамалардың көмегiмен айқындалады және жоғары басшылар мен базалар басшылығының еңбек ақысының бiр бөлiгi осы мақсатқа қол жеткiзуiне қарай белгiленетiн болады.
      7. Жоғарыда аталған саясатты сипаттау, Қазақстандағы құқықтық құрылымдағы өзгерiстердi (әсiресе мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлеу туралы заңдар мен ережелердi) есепке алу, өзгертуге болатын мiндеттердi қосу, кәсiпорындардың есеп-қисабына, сондай-ақ олардың қызметiне бақылау жасау рәсiмiне қойылатын талаптарды ретке келтiру үшiн кәсiпорындардың құқықтық мәртебесi, қолданылып жүрген жарғылары мен контрактылары да қайта қаралады. Сонымен қатар атқарушы билiктiң қалалық және облыстық органдарының кәсiпорындарды қадағалауды жүзеге асырудағы әлеуетi жетiлдiрiлетiн болады. Осы мақсаттар үшiн 1995 жылғы 31 наурызға дейiн зерттеу жүргiзiлмек және осыдан кейiн мүмкiндiгiне қарай ұқсас жарғыларды тәжiрибелiк негiзде 1995 жылғы маусым мен қараша аралығында пайдалану мүмкiн болуы және олар 1996 жылғы 1 қаңтарда күшiне ене алуы үшiн басқару жүйесiн және контрактылық өзара қарым-қатынастарды жетiлдiру жөнiнде шаралар жүзеге асырылады.
 
              Бәсекелестiк және жеке меншiктi компаниялардың
                 қоғамдық көлiк қызметiн қамтамасыз етуi
 
      8. Үкiмет саясаты қала көлiгiнiң қызмет көрсетуiн қамтамасыз етудегi нақты бәсекелестiктi кеңейтудi және осындай қызметтi балама түрде ұсынушылардың көбеюiн ынталандыруды көздейдi. Қызметкерлердiң қандай да бiр түрiн көрсетуге ықылас танытқан кез келген тұлға немесе компания қызмет қауiпсiздiктiң және экологиялық ұлттық нормаларына сай келген жағдайда оған рұқсат алады, ал мұндай тұлға немесе компания өздерiнде кәсiптiк мүмкiндiктердiң ең төменгi деңгейiнiң бар екендiгi жөнiнде дәлелдер келтiре алады. Ешқандай

 

шектеу болмайды, ал тарифтердi аталған қызметтердi ұсынған тұлғалар

еркiн белгiлейдi. Бұл мақсаттар үшiн Үкiмет өз нормалары мен

лицензиялау тәртiбiн, сондай-ақ тиiстi ережелер мен қағидаларды

1995 жылғы 31 наурызға дейiн талдаудан өткiзедi және осыған орай

1995 жылғы 30 маусымға дейiн қоғамдық көлiк жөнiндегi конкурстық

сатымдарды жүргiзуге қолайлы шараларды қабылдайды. 1995 жылғы

31 желтоқсанға дейiн осындай сатымдарға Алматыдағы, Қарағандыдағы

және Шымкенттегi екi маршрут тәжiрибелiк тәртiппен ұсынылады.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-министрiнiң

     бiрiншi орынбасары


     Қарағанды облысы әкiмiнiң

     бiрiншi орынбасары


     Оңтүстiк Қазақстан

     облысы әкiмiнiң

     бiрiншi орынбасары


     Алматы қаласы

     әкiмiнiң орынбасары


                                                  Толықтыру


          Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының қоғамдық

     көлiк кәсiпорындары үшiн жоспарланған өндiрiстiк қызметтiң

                          көрсеткiштерi

_____________________________________________________________________

                                    !            Жоспар

  Қалалық көлiкке арналған          !________________________________

    өндiрiстiк қызметтiң            !  1995 жылғы     !  1996 жылғы

         көрсеткiшi                 !     маусым      !    маусым

_____________________________________________________________________


Жұмыс iстейтiн әрбiр көлiк құралымен

бiр тәулiкте тасымалданатын

жолаушылар саны

_____________________________________________________________________

                1                   !       2         !     3

---------------------------------------------------------------------


Автобустар:

  Алматы                                 1200              1200

  Қарағанды                              1350              1350

  Шымкент                                1200              1200


Троллейбустар:

  Алматы, Шымкент                        1000              1000


Жұмыс iстейтiн әрбiр көлiк құралының

километрге шаққанда бiр тәулiктегi

жолының ұзақтығы:

  Автобустар                              220               240

  Троллейбустар                           190               220


Қолда бар көлiк (паркте бар көлiктермен

салыстырғандағы жұмыс iстейтiн көлiктердiң

процентi):

  Автобустар                               70                80

  Троллейбустар                            80                90


Бұзылған көлiктердiң жұмыс iстейтiндерiмен

(автобус, троллейбус) салыстырғандағы

процентi                                   12                10

Әрбiр көлiк құралына қызмет көрсетушiлердiң

саны (әкiмшiлiк қызметкерлерiн, техниктер

мен жүргiзушiлердi қоса алғанда)            4                 4






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады