СУАРМАЛЫ ЖЕРДI СУАРЫЛМАЙТЫН ЖЕРГЕ АЙНАЛДЫРУ ТӘРТIБIН БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 15 ақпан N 188. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.10.14. N 1262 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi енгiзген суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыру Тәртiбi (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 15 ақпандағы
                                            N 188 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
             Суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыру
                              Тәртiбi
      1. Бұл тәртiп Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 76-бабына сәйкес әзiрлендi.
      2. Суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыру қажеттiлiгi оларды басқа да алаптарының құрамында одан әрi пайдаланудың экологиялық және ауыл шаруашылық мақсатқа сәйкестiлiгiмен негiзделедi.
      3. Суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудiң негiзi - жер иеленушiнiң, жер пайдаланушы немесе жалгердiң суарылатын жер учаскелерi орналасқан жер бойынша аудан (қала) әкiмiне берген кепiлдемесi болып табылады.
      4. Суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыру жөнiндегi жұмыстарды орындауды аудан (қала) әкiмiнiң өтiнiмi бойынша Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жерге орналастыру жөнiндегi жобалау ұйымдары жүргiзедi.
      Қажет болған жағдайда шарт негiзiнде осы жұмыстарды орындауға Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жобалау институттары облыстық бөлiмшелерiнiң мамандары тартылады.
      5. Суармалы жерге ауыл шаруашылығының пайдалануына және суаруға жарамды, суару қайнарымен байланысты тұрақты немесе уақытша суару жүйелерi бар, олардың су ресурстары осы жерлердi сайларға құю арқылы суаруды жүйелердiң пайдалы қозғалысының қолда бар коэффициентi барысында жобалау немесе суару нормаларының қолданылып жүрген белгiленген нормативтерi бойынша оңтайлы мерзiмде 75 проценттен кем емес жағдайда қамтамасыз ететiн жерлер жатады.
      Көл табанды суару жерлерiне су тоқтататын жалдары, су реттегiш бөгеттерi және алқаптарға қар суы мен көктемгi селдiң, сондай-ақ топырақтың ылғалдануы үшiн суару немесе су шығару каналдарынан берiлетiн судың тоқтауы мен қайта бөлiнуiн қамтамасыз ететiн басқа да гидротехникалық құрылғылары бар учаскелер жатады.
      6. Суармалы жерден суарылмайтын жерге мыналар:
      сумен қамтылмаған жерлер;
      топырақтық-мелиорациялық жайы мен құнарлылығы жер iсiмен айналысуға мүмкiндiк бермейтiн (батпақты топырақ, зиянды сор, құм, аз даму және басқалар) жерлер, сондай-ақ жоғары деңгейде радионуклидтермен, улы заттармен ластанған топырақтар;
      сайларға қайта бөлу немесе су ресурстары лимиттерiнiң болмауы салдарынан жайылуы тоқтаған көл табанды суару жерлерi айналдырылады.
      7. Суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыру суару алқаптары, жер иеленушiлер немесе жер пайдаланушылар бойынша жүргiзiледi.
      Мелиорациялық жайы оларды суарылмайтын жерге айналдыруды керек ететiн суармалы жердiң болуы қолда бар жобалау-картографиялық материалдарды, жерге орналастыру, мелиорациялық-құрылыс жобаларын, топырақ, топырақ-мелиорациялық iздестiру, тұзды суретке түсiру материалдарын, жер кадастрының, суармалы жердi түгендеу деректерiн зерттеу негiзiнде алдын-ала белгiленедi.
      Аталған материалдарды талдау нәтижесiнде суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыру жөнiндегi учаскелер көзделедi.
      8. Суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыруға жататын жерлердi анықтауды, оларды әрбiр шаруашылықтарда алқаптық зерттеу барысында, мүдделi жер иеленушiлер немесе жер пайдаланушылардың өкiлдерiн қатыстыра отырып жерге орналастыру жөнiндегi жобалау ұйымдарының мамандары (гидротехник, жерге орналастырушы, топырақтанушы) жүзеге асырады.
      9. Ақаптық зерттеу процесiнде суарылмайтын жерге айналдыру көзделген суармалы жердiң орналасқан жерлерi, олардың көлемi, пайдалану түрi, топырақтық-мелиорациялық жағдайы, сумен қамтамасыз етiлуi, суару жүйелерiнiң жайы, тозу құнын, суарылмайтын жерге айналдыру себептерiн көрсете отырып зерттелетiн жерлерде орналасқан негiзгi қорлардың құны анықталады.
      Алқаптық зерттеу нәтижелерi алқаптық зерттеу сызбасының қосымшасымен бiрге актпен хатталады. Жердiң алқаптық зерттеу актi мен сызбасына зерттеу жүргiзген жобалау ұйымдарының мамандары, сондай-ақ мүдделi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың өкiлдерi қол қояды.
      10. Суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыру жөнiндегi материалдар мыналарды:
      тұжырымдары және ұсыныстарымен қоса түсiндiрме жазбасын;
      алқаптар бойынша және тұтасымен алғанда жер иелену, жер пайдалану бойынша суарылмайтын жерге айналдыру көзделген суармалы жердiң түсiндiрмесiн;
      алқаптық зерттеу актiн;
      анықталған жер учаскелерiн орналастыруды бейнелей отырып жер иеленудi, жер пайдалануды алқаптық зерттеудiң сызбасын;
      суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыруға байланысты есептен шығарылатын негiзгi қорлардың құны туралы анықтаманы қамтиды.
      11. Суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыру жөнiндегi материалдар аудан бойынша қорыту, олармен селолық және су шаруашылығының, табиғат қорғаудың аудандық органдарымен келiсу үшiн жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аудандық комитетке берiледi.
      12. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аудандық комитет осы Тәртiптiң 11-тармағында көрсетiлген ұйымдардың ескертулерiн ескере отырып жасалған өз қорытындысымен қоса аталған материалды аудан (қала) әкiмiне жiбередi және ол қараған соң оның шешiмiмен жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық комитетке ұсынады.
      13. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық комитет тұтас алғанда материалды облыс бойынша қорытады, ауыл және су шаруашылығының, табиғат қорғаудың облыстық органдарымен келiседi және өз қорытындысын жасап, оны Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жiбередi.
      14. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тиiстi облыс бойынша суармалы жердi суарылмайтын жерге айналдыру жөнiндегi ұсынылған материалдарды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Экология және биологиялық ресурстар министрлiгiмен және Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен келiседi және өзiнiң тиянақты қорытындысын жасап, аталған мәселе бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн оны облыс әкiмiне жiбередi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады