МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚАТЫСУЫМЕН "МАҚТА" АКЦИОНЕРЛIК КОМПАНИЯСЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 21 ақпан N 200. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.05.12. N 579 қаулысымен.

      Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұсынысын ескере отырып, мақта өңдеу саласының кешендi дамытылуын қамтамасыз ету, тұтыну нарығын мақта өңдеу өнiмдерiмен молықтыру жөнiндегi жұмысты мемлекеттiк реттеу мен үйлестiрудi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Қазмақтадайындауөнеркәсiп" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң негiзiнде мемлекеттiң қатысуымен "Мақта" аумақтық акционерлiк компаниясын құру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Компанияның жұмыс органдары функцияларын орындау "Шымкент

Мақта" акционерлiк қоғамының басқармасы мен атқару аппаратына
жүктелсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiне мыналар тапсырылсын:
     компанияның құрамына енгiзiлетiн кәсiпорындар мен акционерлiк
компаниялардың тiзбесi белгiленсiн;
     Оңтүстiк Қазақстан облысының мақта өңдеу зауыттары негiзiнде
құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi
иелену, пайдалану және басқару құқығымен компанияға берiлсiн;
     бiр ай мерзiм iшiнде компанияның құрылтай құжаттары әзiрленiп,
компания акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң иесi атынан Байқаушы
кеңесiнiң құрамы бекiтiлсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады