ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕМДЕУ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРIН РЕНТГЕН ЖӘНЕ ФЛЮОРОГРАФИЯ ТАСПАСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 28 ақпан N 223. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.02.14. N 242 қаулысымен. ~P000242

      Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң қажетi үшiн рентген және флюорография таспаларын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнен алдырып тұруды қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Медтехника" акционерлiк қоғамының кәсiпорындарына пайдаланылған рентген және флюорография таспаларының құрамында күмiсi бар қалдықтарын жинап, өңдеудi ұйымдастыруға, оларды рентген мен флюорография таспаларына айырбастап алу үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығындағы елдерiн дайындаушы кәсiпорындарына жөнелтуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жыл сайын рентген және флюорография таспасын өңдеуден алынған құрамында күмiсi бар қалдықтарды Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң өнiм өндiретiн кәсiпорындарына жiберiп тұруға белгiленген квоталар көлемiн Денсаулық сақтау министрлiгiне жеткiзетiн болсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады