ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ АУМАҚТАРДА ҚҰРЫЛЫС САЛУ МИНИСТРЛIГI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 11 наурыз N 258. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.04.08. N 398 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң "Архитектура және құрылыс жөнiндегi Қазақ ССР Мемлекеттiк комитетi туралы Ереженi бекiту туралы" 1991 жылғы 8 майдағы N 298 қаулысы (ҚазССР ҚЖ, 1991 ж., N 13, 83 ст.);
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк тапсырыстар мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiн өзгерту және олардың күшi жойылған деп тану туралы" 1993 жылғы 8 маусымдағы N 481 қаулысымен бекiтiлген өзгерiстердiң 1 және 2 тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 22, 283-бап);
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгi мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшiн жойған деп тану туралы" 1993 жылғы 2 шiлдедегi N 566 қаулысымен бекiтiлген өзгерiстердiң 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 26, 321-бап).
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 11 наурыздағы
                                            N 258 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй
           және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi туралы
                              Ереже
      1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi (Қазақстан Республикасының - Құрылысминi) құрылыс кешенi мен аумақтарда құрылыс салу және тұрғын үй саясатын жүзеге асыру, тұрғын үйлер қорын пайдалануды жақсарту салаларындағы мемлекеттiк басқарудың орталық салааралық органы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Құрылысминi өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн және басқа да нормативтiк актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Қазақстан Республикасының Құрылысминi өз құзыры аясында мемлекетке тиесiлi болуына, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, республика аумағында жүзеге асырылатын сәулет - қала құрылысы қызметiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
      4. Қазақстан Республикасының Құрылысминi өзiне жүктелген негiзгi мiндеттерге сәйкес:
      сәулет пен қала құрылысы, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы, құрылыс-жол машиналарын жасау салаларында, тұрғын үйлер қорын қайта құруда, жөндеуде және пайдалануда, сондай-ақ құрылыстағы баға құрауда бiрыңғай экономикалық, техникалық және нормативтiк саясат жүргiзудi;
      құрылыс кешенiнде ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiн ендiрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк және аймақтық бағдарламалар әзiрлеудi және құрылыс кешенiнде инвестицияларды тиiмдi пайдалану мен олардың орындалуын бақылауды;
      жаңа мемлекеттiк тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мен жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi;
      Министрлiк құзыры ауқымында Республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуына байланысты индикативтiк жоспарларға ұсыныстар енгiзу және қатысуды, күрделi құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң, құрылыс индустриясының, құрылыс кешенiне қажеттi машина жасау үрдiстерiн болжауды;
      сәулет, қала құрылысы, құрылыс салу, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы салаларындағы және жаңа тұрғын үй саясатындағы құқылық, әрi экономикалық тетiктер мәселелерi, сондай-ақ құрылыс кешенiндегi өндiрiстiң басым бағыттары мен маңызды түрлерiн дамытуды ынталандыру жөнiнен Қазақстан Республикасының заң актiлерiн әзiрлеуге қатысуды;
      бюджет қаражаты және қаржыландырудың басқа қайнарлары есебiнен республикалық құрылыс нормалары мен ережелерiн, нұсқама құжаттарды және үлгi жобалық шешiмдердi, сондай-ақ тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың аймақтық және тәжiрибелiк жобаларын, осы объектiлердiң жаңа сындарлы шешiмдерiн, оның iшiнде жаңғыртуды, жөндеу мен пайдалануды, табиғи, климаттық, демографиялық, ұлттық және аймақтардың басқа өзiндiк ерекшелiктерiн ескеру арқылы тұрғын үйлер мен қоғамдық үйлердiң аймақтық және эксперименттiк жобаларын әзiрлеп, бекiтудi және iске қосуды;
      бюджет пен қаржыландырудың басқа қайнарлары есебiнен республиканы орналастырудың мемлекеттiк схемасын, аудандық жоспарлау схемалары мен жобаларын, өнеркәсiптiк тораптардың бас жоспарларын, өзгедей жобалау-жоспарлау құжаттамаларын, қорғалатын аймақтар жобаларын және аумақтар мен елдi мекендердi табиғи, геологиялық, әрi техногендi құбылыстардан қорғау схемаларын, сейсмикалық мөлтек аудандастыру картасын әзiрлеудi ұйымдастыруды;
      сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбi және құрылыс индустриясы салаларында нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеп, жоспарлау мен оларды мемлекетаралық құжаттар ретiнде қабылдау мәселелерi бойынша Құрылыстағы стандарттау мен техникалық нормалау жөнiндегi мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия (ҚҒТМК) жұмысына қатысуды;
      құрылыс кешенiнiң нақты мiндеттерi мен проблемаларын шешуге деген нақты қажеттiлiктi ескеру арқылы ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың өзара iс-қимыл жүйесiн жетiлдiрудi;
      инвестициялық саясат пен мемлекеттiк инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысуды;
      құрылыс объектiлерiн жекешелендiрудiң салалық бағдарламасын әзiрлеудi;
      орталықтандырылған мемлекеттiк қайнарлардан қаржыландырылатын объектiлер құрылысының барысын бақылауды;
      белгiленген тәртiпке сәйкес құрылыс материалдары мен конструкцияларын сертификациялауды;
      тұрғын үй саласына халық пен заңды тұлғалар қаражатын тарту үшiн Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк банкiмен бiрлесiп, тұрғын үй лотереяларын және басқа шараларды өткiзудi ұйымдастыруды;
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың дотациясыз жұмыс iстеу бағдарламасын әзiрлеп, оны жүзеге асыру шараларын үйлестiрудi;
      республика аумағында мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзудi;
      қалалық және аудандық әкiмшiлiктердiң сәулет-қала құрылысы қызметтерiн әдiснамалық қамтамасыз етудi;
      құрылыс кешенi ұйымдары мен кәсiпорындарының бәсекелестiгiн дамытуға, өндiрiстi монополиясыздандыруға ықпал етудi;
      республиканың құрылыс кешенiнiң даму бағыттарын зерделеу және оның даму заңдылықтарын қорыту негiзiнде мердiгерлiк нарығын, жобалау, ғылыми және құрылыс өнiмдерi, құрылыс материалдары өнеркәсiбi мен құрылыс индустриясы нарығын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi;
      министрлiктермен, ведомстволармен және басқа да басқару органдарымен - тапсырыс берушiлермен шарт бойынша орталықтандырылған мемлекеттiк қайнарлардан қаржыландырылатын объектiлердi жобалап, салуға мердiгерлiк саудаласуды, тендердi ұйымдастырып, өткiзудi, сондай-ақ тұрғын үй-азаматтық мақсатқа негiзделiп аяқталып бiтпеген құрылыс объектiлерiн сату жөнiндегi сауданы ұйымдастыруға қатынасуды;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн қала құрылысы құжаттамаларын сараптауды;
      республикада жобалау-сметалық iстi жетiлдiрудi аумақтарда құрылыс салу саласындағы жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысушы шетел инвесторларының шаруашылық қызметiне кепiлдiктi қамтамасыз етуге байланысты қорытындыларды әзiрлеуге, құрылыс материалдары өндiрiсi мен құрылыс индустриясының жаңа қуаттарын жасауға қатысуды;
      сәулет-қала құрылысы қызметiн бақылауды;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құрылыс, сәулет салаларындағы республикалық және шет елдiк ғылым мен техника жетiстiктерiн және прогресшiл өндiрiстiк тәжiрибенi насихаттауды, симпозиумдар, семинарлар, конференциялар, көрмелер өткiзудi, ғылыми-техникалық әдебиеттердi, әдiстемелiк, нормативтiк-техникалық құжаттарды таратуды;
      сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс-жол машиналарын жасау салаларында шет елдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты;
      құрылыс кешенiнiң холдинг компанияларымен бiрлесiп, құрылыстағы нарық экономикасы талаптарын ескере отырып кадрларды қайта даярлаудың және олардың бiлiктiлiгiн арттырудың салалық жүйесiн ұйымдастыруды;
      жұмылдырушылық даярлық пен азаматтық қорғаныс жөнiндегi шаралар кешенiн жоспарлы жүргiзудi жүзеге асырады.
      5. Қазақстан Республикасының Құрылысминi сәулет-қала құрылысы қызметi саласында жобалардың мемлекеттiк сараптамасы, мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және мемлекеттiк лицензиялау органдарына, сондай-ақ тұрғын үй қорын, коммуналдық мақсаттағы объектiлердi пайдалану мен жөндеу және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты қаржыландыруды жетiлдiру жөнiндегi бақылаушы органдарға басшылық жасайды.
      Облыс орталықтарында Қазақстан Республикасы Құрылысминiнiң аумақтық құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу комитеттерi жұмыс iстейдi. Олар бiр мезгiлде облыстар әкiмдерiне бағынысты болады.
      Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi облыс әкiмдерiмен келiсе отырып облыстық комитеттер туралы ереженi бекiтедi және олардың төрағаларын тағайындайды.
      6. Қазақстан Республикасының Құрылысминiне:
      министрлiктер мен ведомстволардың, сондай-ақ жергiлiктi әкiмшiлiктердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөнiндегi заңға қайшы келетiн нормативтiк актiлерiнiң қолданылуын тоқтатуға және белгiленген тәртiпке сай олардың күшiн жою жөнiндегi ұсыныс енгiзу;
      құрылыс бағаларын, сметалық нормалар мен жобалау-iздестiру жұмыстарының бағаларын бекiтiп, iске қосу;
      сәулет пен қала құрылысы, құрылыс, құрылыс материалдары мен конструкциялары өндiрiсi салаларында жекелеген мәселелердi қарап, әзiрлеу, сондай-ақ консультация мен сараптама өткiзу үшiн мүдделi министрлiктердi, ведомстволарды және жекелеген жоғары бiлiктi мамандарды тарту;
      құрылыс кешенi холдинг компаниялары президенттерiн тағайындау және босату туралы белгiленген тәртiпке сай ұсыныс енгiзу;
      сәулет, құрылыс ғылымы мен техникасы салаларында мемлекеттiк наградаларға ұсынылған шығармашылық жұмыстарды келiсiп, оларды қарауға ұсыну;
      жаңа технологиялар мен сәулет-құрылыс шешiмдерiн эксперименттi тексеру және өндiру үшiн құрылысминi жанынан шаруашылық есептегi кәсiпорындар, ұйымдар және ассоциациялар құру жолымен шаруашылық есептегi қызмет жүргiзу құқықтары берiледi.
      7. Қазақстан Республикасының Құрылысминi белгiленген тәртiпте өз жүйесiне енетiн кәсiпорындарды, мекемелердi және ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады, жарғыларын (ережелерiн) бекiтедi және олардың жұмысына басшылық жасайды.
      Қазақстан Республикасының Құрылысминi өз жүйесiне енетiн ұйымдар мен мекемелердiң заң мен нормативтiк актiлердi дұрыс қолдануын қамтамасыз етедi, материалдық-техникалық базаны дамыту мен орталықтандырылып бөлiнетiн материалдық-техникалық ресурспен жабдықтауға ықпал етедi.
      8. Құрылысминiне министр басшылық етедi, оны республика Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
      министрдiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын (босататын) министрдiң орынбасарлары болады.
      9. Қазақстан Республикасының құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрi министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауапты болады, министр орынбасарлары мен бөлiмшелер жетекшiлерiнiң министрлiк қызметiнiң жекелеген бағыттарына басшылық жасау жауапкершiлiгiн белгiлейдi.
      10. Қазақстан Республикасының Құрылысминiнде министрдiң (алқа төрағасы), министр орынбасарларының құрамында, сондай-ақ холдингтер, департаменттер жетекшiлерi мен министрлiктiң басшы қызметкерлерiнен алқа құрылады.
      Құрылысминi алқасының мүшелерiн министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Қазақстан Республикасы Құрылысминiнiң алқасы жүйелi өткiзiлетiн өз мәжiлiстерiнде министрлiк құзырына қатысты мәселелердi қарайды.
      Министрлiк шешiмдерi министрдiң бұйрықтары түрiнде, Министрлiк алқасының шешiмдерi қаулы түрiнде және министрдiң қолымен ресiмделедi.
      Қажет болған жағдайда Құрылысминi басқа комитеттермен, министрлiктермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлескен қаулылар мен бұйрықтар шығарады.
      11. Құрылысминi жанынан республиканың құрылыс кешенiн дамытудың басты бағыттарын белгiлейтiн Республикалық сәулет құрылыс кеңесi ұйымдастырылады.
      Министр кеңес төрағасы болып табылады, ол оның қызметiне басшылық жасайды, ол туралы ереженi, кеңестiң, оның төралқасының дербес құрамын бекiтедi, төрағаның орынбасарларын, ғалым-хатшысын және бөлiмшелерi (секциялар) жетекшiлерiн тағайындайды.
      12. Құрылысминi туралы ереженi, орталық аппарат қызметкерлерiнiң саны мен еңбекақы қорын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      13. Белгiленген еңбекақы қоры мен адам саны шегiнде министрлiктiң орталық аппараты штаты кестесiн министр бекiтедi.
      Құрылымдық бөлiмшелер туралы ереженi министрлiк алқасы бекiтедi.
      Ескерту. 13-тармақтың бiрiншi абзацынан сөздер алынып
               тасталған - ҚРМК-нiң 1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      14. Қазақстан Республикасының Құрылысминi заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады