"ӘРТҮРЛIИМПОРТ" МЕМЛЕКЕТТIК АКЦИОНЕРЛIК КОМПАНИЯСЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 17 наурыз N 282. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.20. N 758 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдары жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн және халықты жабдықтауға арналған халық тұтыну тауарларын берiп тұруды мемлекеттiк реттеудi сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазимпортсауда" Республикалық сыртқы сауда фирмасының, оған кiретiн филиалдар мен Алматы қаласының iрi бөлшек сауда кәсiпорындарының негiзiнде (N 1 қосымша) құрылатын акционерлiк қоғамдарды бiрiктiру жолымен "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы құрылсын.
      2. "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы "Қазимпортсауда" Республикалық сыртқы сауда фирмасының құқықтық иегерi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. "Әртүлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы қызметiнiң негiзгi мiндеттерi болып республиканың ағымдағы нарық мұқтаждықтары үшiн шетел фирмаларымен сатып алу, жеткiзу жөнiндегi сауда операцияларын, сондай-ақ:
      - мемлекет мұқтажы үшiн берiлетiн номенклатураға кiрмейтiн азық-түлiктiк емес және азық-түлiк тауарларының;
      - мемлекет мұқтажы үшiн берiлетiн көлемнен тыс Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң келiсiмi бойынша мемлекет мұқтажына кiретiн тауарлардың көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыру;
      "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың қызметiн үйлестiру мен реттеу;
      бөлшек сауда кәсiпорындарының негiзiнде құрылатын "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына кiретiн акционерлiк қоғамдарды тауармен жабдықтауға жан-жақты жәрдем мен көмек көрсету, оларда сауда iстерiн ұйымдастыру, сатып алушыларға жоғары мәдениеттi сауда қызметi көрсетiлуiн қамтамасыз ету;
      сауда кәсiпорындарымен және құрылымдарымен еркiн шарттық негiзде сатып алынған тауарларды республиканың барлық аймақтарына жеткiзудi ұйымдастыру;
      шарттық негiзде сауда кәсiпорындары мен құрылымдарына маркетингтiк, қойма, көлiк-экспедициялық, консультациялық және басқа қызмет көрсету;
      "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының коммерциялық қызметiнiң және оның кәсiпорындарының жарналарының есебiнен материалдық базаны дамыту және жаңарту, мақсатты қаржы қорларын қалыптастыру;
      "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына кiретiн кәсiпорындарды қайта құру және жаңа объектiлер құрылысы үшiн шетел инвестицияларын тарту болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру жөнiнде құрылтайшы құжаттар әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына филиалдар мен бөлшек сауда кәсiпорындарының мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын табыстасын.
      Филиалдар мен бөлшек сауда кәсiпорындарының акционерлендiрiлуiне қарай "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен

алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең)
Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен өткiзетiн акциялар
пакеттерiнен басқа, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк
пакеттерi берiлсiн.
     5. "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
басқармасы Алматы қаласы, Желтоқсан көшесiндегi 3-шi үйде 
орналастырылсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы      
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 17 наурыздағы
                                           N 282 қаулысына
                                            Қосымша
           "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына
     кiретiн, "Қазимпортсауда" Республикалық сыртқы сауда фирмасының
                негiзiнде құрылатын акционерлiк қоғамдардың
                             Тiзбесi
     Ақтөбе филиалы
     Жамбыл филиалы 
     Орал филиалы
     Петропавл филиалы
     Семей филиалы
     "Тiгiнаяқкиiмсауда" Ақмола АҚ-ы
     "Заңғар" сауда үйi (әмбебапдүкендердiң республикалық 
     ассоциациясы)
     "Балалар Әлемi" әмбебап дүкенi
     "Ганга" дүкенi
     Ақмола әмбебап дүкенi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады