КАСПИЙ ТЕҢIЗIНIҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СЕКТОРЫНДА МҰНАЙ МЕН ГАЗ БЕРУ ӘЛЕУЕТIН БАҒАЛАУ ЖӨНIНДЕГI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСОРЦИУМ БАҒДАРЛАМАСЫН ОРЫНДАУ ШЕҢБЕРIНДЕГI ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕКАРАСЫНАН ЖҮК ӨТКIЗУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 28 сәуiр 1994 ж. N 441. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.17. N 1212 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторының мұнай мен газ беру әлеуетiн бағалау жөнiнде Халықаралық консорциум құру туралы" 1993 жылғы 3 желтоқсандағы N 1215  қаулысын орындау үшiн және Халықаралық консорциум туралы Келiсiм бағдарламасын шетел капиталы мен тиiмдiлiгi жоғары шетел техникасын, технологиясын тарта отырып жүзеге асыруды одан әрi жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Халықаралық консорциумның шетелдiк қатысушыларына, Келiсiм бағдарламасын орындаумен шұғылданып жатқан олардың шетелдiк мердiгерлерiне Консорциум жұмысы кезеңiнде, оның iшiнде Келiсiм бағдарламасын орындау кезiнде пайдалануға арналған шығындалатын мүлiктi, сондай-ақ жеке басы үшiн пайдаланатын заттарды кеден бажы, салықтар мен алымдар төлемiнсiз Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына сәйкес алып келуге және керi алып кетуге рұқсат етiлсiн. 
      Халықаралық консорциум қатысушылары Келiсiм бағдарламасын орындау жөнiндегi операцияларда қолданылған жарамды және iстен шыққан мүлiктердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң рұқсатымен кеден бажы, басқа да салықтар мен алымдар төлемiнсiз Қазақстан Республикасына өтемсiз бере алады немесе сынық ретiнде қалдыра алады. Сондай-ақ Халықаралық консорциум қатысушылары бағдарламаны орындау үшiн пайдаланылған мүлiктердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнен тиiстi рұқсат алған және сатып алушы белгiленген тәртiпке сай кеден бажын, басқадай салықтар мен алымдарды төлеген жағдайда Қазақстан Республикасында сата алады. 
      2. "Қазақстанкаспийшельф" Мемлекеттiк компаниясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Халықаралық консорциумның шетелдiк қатысушылары мен олардың Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторындағы шельфтiк кен орындарын зерделеу мен игеруге қатысты барлық бағдарламаны орындаумен шұғылданып жатқан шетелдiк мердiгерлерi және осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген әкелiнетiн және әкетiлетiн мүлiктердiң тiзбесi мен саны жөнiнде барлық қажеттi мәлiметтердi уақтылы беретiн болсын. 

    Қазақстан Республикасының
    Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады