Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай табысы (айлық ақысы) туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 18 мамыр 1994 ж. N 530. Осы қаулымен белгiленген iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап 2,5 есе өсiрген - ҚРМК-нiң 1994 ж. 20 мамыр N 547 қаулысына сәйкес. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1620 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының негiзгi типтiк лауазымдары бойынша лауазымдық жалақыларының схемасы N 1-7 кестелерге, басшы құрамның арнаулы әскери атақтары жоқ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының схемасы N 8 кестеге сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының күшi iшкi iстер органдарының қарамағындағы, iшкi iстер органдары кадрлары санатында қалдырыла отырып, республикадан тысқары жерлерге iссапарға жiберiлген, Қазақстан Республикасының өкiлеттi және атқарушы органдарына, министрлiктер мен ведомстволарға немесе оларға бағынысты кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға уақытша iссапарға жiберiлген, сондай-ақ iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға кеткен қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қолданылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiне:
      - осы қаулымен енгiзiлген жалақыларға сәйкес барлық басқа лауазымдар бойынша лауазымдық жалақылар белгiлеу;
      - iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамының адамдарын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарына басшылық және арнаулы пәндер бойынша педагогтiк жұмысқа тағайындау кезiнде олардың, егер лауазымдық жалақысы бұрынғы қызмет орнында алғанынан төмен болған жағдайда оны кейiннен көбейтудi ескере отырып, оқу орнына тағайындалғанға дейiнгi соңғы негiзгi (уақытша атқармаған) лауазымы бойынша лауазымдық (соның iшiнде көтерiңкi) жалақысын сақтау құқы берiлсiн. Лауазымы төмендеген, сондай-ақ лауазымдық жалақысы сақтау көзделмеген лауазымға ауысқан жағдайда, сақталған лауазымдық жалақыны төлеу тоқтатылады.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 1994 жылғы 1 тамызға дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгi және Еңбек министрлiгiмен келiсiлген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамы адамдарының ақшалай табысы туралы Ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң "Қазақстан

Республикасы iшкi iстер органдары жеке құрамының ақшалай табысын
(айлық ақысын) арттыру туралы" 1992 жылғы 28 желтоқсандағы
N 1088 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
     қаулының 1-және 2-тармақтарының күшi жойылған деп саналсын;
     N 11 қосымшадағы:
     1-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын:
     "Басшы құрамның арнаулы әскери атағы жоқ қызметкерлерге
iшкi iстер органдарында үздiксiз қызмет атқарғаны үшiн мынадай
проценттiк үстемеақы тағайындалсын (айына):
     қызмет өтiлi 1 жылдан 5 жылға дейiнгiлер үшiн - 10 процент
     ___"___  5 ________ 10 ______________________ - 15 процент
     ___"___ 10 ________ 15 ______________________ - 20 процент
     ___"___ 15 ________ 20 ______________________ - 25 процент
     ___"___ 20 жылдан асқандары үшiн              - 30 процент;
     1-тармақтың үшiншi-бесiншi абзацтары жаңа редакцияда 
баяндалсын: 


      " - лауазымдық, соның iшiнде көтерiңкi жалақы және арнаулы әскери атағы бойынша жалақы алатын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға - осы жалақылар сомасында;
      - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының сақталған ақшалай жалақысын алатын, оқу кезеңiнде басшы құрамның кезектi арнаулы әскери атағы берiлген, тыңдаушылары мен курсанттарына - бұрын атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы мен дербес берiлген арнаулы әскери атағы бойынша жалақысының есебiнен";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      " - қызмет ерекшелiгiн ескере отырып (милиционер лауазымы мен оперативтiк және тергеу функцияларын атқаруға байланысты лауазымдарды қоспағанда), қатардағы және басшы құрам адамдары iшiндегi әйелдердiң бала күтуге байланысты демалыста болуы кезеңiнде олардың орнында қызметшi ретiнде басқа қызметкерлер атқаруы мүмкiн лауазымдардың тiзбесi бекiтiлсiн. Осындай жағдайларда қабылданған қызметкерлермен мерзiмдi шарттар жасалсын. Аталған адамдарға атқарып жүрген лауазымы бойынша белгiленген жалақы төленсiн;
      4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "орта" сөзi "қатардағы және" сөзiмен ауыстырылсын;
      4-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда баяндалсын:
      "сақталған ақшалай жалақы алатындарға - бұрын атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы, дербес берiлген арнаулы әскери атағы бойынша жалақысы және үздiксiз қызмет атқарған жылдары үшiн проценттiк үстемеақысы есебiнен".
      6, 7, 8-тармақтар тиiсiнше 5, 6, 7-тармақтар болып саналсын.
      N 12 қосымшаның 4-тармағындағы "Ерекше жағдайда қызмет атқарғаны үшiн лауазымдық жалақыны өсiру" бөлiмiндегi "сондай-ақ, басшы құрамның атағы жоқ" сөздерi алынып тасталсын.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары жеке құрамының ақшалай табысын (айлық ақысын) арттыру туралы" 1993 жылғы 19-шiлдедегi N 622 қаулысының 1 және 2 тармақтарының күшi жойылған деп саналсын.
      7. Осы қаулыда көзделген еңбекке ақы төлеу шарттары, 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енгiзiлетiн 5-тармағын қоспағанда, 1994 жылғы 1 ақпаннан бастап енгiзiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады