Ақмола, Атырау, Павлодар, Петропавл және Талдықорған қалаларында университеттер құру туралы <*> Ескерту. Қаулыға өзгерiстер енгiзiлген - ҚРҮ-нiң 1996.05.07. N 573 қаулысымен. ~P960573

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 2 маусым 1994 ж. N 584

      Жоғары бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру, мамандар мен ғылыми-педагог кадрлар даярлаудың аймақтық университет жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Ақмола, Атырау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан және Талдықорған облыстарының әкiмдерiмен келiсiлген, 1994 жылға бөлiнген қаражат шегiнде, қаржыландырудың қолданылып жүрген тәртiбiн сақтай отырып, мыналарды қайта құру туралы ұсынысы қабылдансын:
      - С.Сейфуллин атындағы Ақмола педагогика институты Ақмола университетi болып қайта құрылсын. Университет құрамында Ақмола университетiнiң бөлiмшесi деп аталып Ақмола инженер-құрылыс институты, облыстық мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институты, Ақмола көлiк құрылысы техникумы, Ақмола құрылыс техникумы, Ақмола педагогика колледжi, Ақмола автомобиль көлiгi техникумы, Ақмола машина жасау техникумы енгiзiлсiн;
      - Халел Досмұхамедов атындағы Атырау педагогика институты Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетi болып қайта құрылсын. Университет құрамына Атырау университетiнiң бөлiмшесi деп аталып Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң Атырау филиалы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау педагогикалық институтының Ақтау филиалы, Атырау педагогика училищесi, Атырау политехника техникумы, облыстық мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институты енгiзiлсiн;
      - Қазақ мемлекеттiк техникалық университетi Павлодар мемлекеттiк университетi болып қайта құрылсын. Университет құрамына Павлодар мемлекеттiк университетiнiң бөлiмшесi деп аталып С.Торайғыров атындағы Павлодар педагогика институты, облыстық мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институты, Павлодар машина жасау техникумы, Павлодар монтаждау техникумы, Павлодар химия-механика техникумы , Павлодар педагогика колледжi, N 9 Павлодар кәсiптiк-техникалық училищесi, Ақсу дене мәдениетi техникумы, Ақсу энергетика техникумы, Екiбастұз кен техникумы, Екiбастұз педагогика училищесi енгiзiлсiн;
      - К.Ушинский атындағы Петропавл педагогика институты Солтүстiк Қазақстан университетi болып қайта құрылсын. Университет құрамына Солтүстiк Қазақстан университетiнiң бөлiмшесi деп аталып Қарағанды политехника институтының Петропавл филиалы, Петропавл педагогика колледжi, Петропавл индустриалды-педагогика техникумы, Солтүстiк Қазақстан механика техникумы, облыстық мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институты енгiзiлсiн;
      - I.Жансүгiров атындағы Талдықорған педагогика институты I.Жансүгiров атындағы Талдықорған университетi болып қайта құрылсын. Университет құрамына Талдықорған индустриалды-педагогика колледжi, Талдықорған заң техникумы, Жаркент педагогика колледжi, облыстық мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институты, Талдықорған қаласындағы N 12 кәсiптiк-техникалық училище енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi аталған университеттердiң құрылымын, мамандықтар тiзбесiн бекiтсiн, сондай-ақ тиiсiнше әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Ақмола, Атырау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Талдықорған облыстары әкiмдерiнiң келiсуi бойынша университеттер құрамына кiретiн оқу орындарының өзара iс-қимыл принциптерiн анықтасын.
      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң республика университеттерiнде (академияларында) сол жоғары оқу орнының профессоры академиялық атағын, штат кестелерiнде профессор-оқытушы құрамын ұстауға арналып бөлiнетiн қаражат шегiнде тиiстi лауазымдар енгiзу туралы бастамашылдығы құпталсын.
      5. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi жаңадан құрылған университеттерге баспа қызметi құқығын берсiн және олардың полиграфиялық базасын құруда көмектесiп отыратын болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады