"Қазэкспортастық" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 9 маусым 1994 ж. N 607

      "Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 30 шiлдедегi N 1311 U931311_ Жарлығын орындау үшiн және астық пен оны өңдеуден алынған өнiмдердiң экспорты мен импортын ұйымдастыруды жетiлдiру, республикаға валюта түсiмдерiн ұлғайту, астық өнiмдерi саласының кәсiпорындардың ең соны шет ел технологияларымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң жанынан "Қазэкспортастық" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы негiзiнде "Қазэкспортастық" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын.
      2. Компания "Қазэкспортастық" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазэкспортастық" акционерлiк қоғамының акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын Компанияға табыстайтын болсын.
      4. Компанияға:
      астық өнiмдерi жүйесiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарына астық пен оны өңдеуден алынған өнiмдердiң экспортын, қайта экспорты мен импортын, оның iшiнде баспабас операциялар негiзiнде, сондай-ақ шикiзат, материалдар, жабдықтар мен басқа да өнiмдердiң импортын жүзеге асыру;
      астық өнiмдерi жүйесiнiң кәсiпорындары әлемдiк нарыққа тиiмдi түрде қатысуын қамтамасыз ету, экспорт әлеуетiн ұлғайту және өндiрiлетiн өнiмнiң сапасын арттыру мақсатында олардың сыртқы экономикалық қызметiне жәрдемдесiп отыру тапсырылсын.
      5. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының келiсуi бойынша Компания:
      астық өнiмдерi жүйесi кәсiпорындарының әлемдiк стандарттарға сай келетiн жоғары сапалы өнiм өндiру жөнiндегi мақсатты бағдарламаларды әзiрлеу мен оларды жүзеге асыруына қатысады;
      астықты сақтау мен ұқсату кәсiпорындарында озық технологиялар мен жоғары өнiмдi жабдықтарды енгiзу үшiн шет ел инвестициялары мен кредит ресурстарын тарту жөнiндегi жұмысты жүргiзедi.
      6. "Қазэкспортастық" мемлекеттiк сыртқы сауда акционерлiк компаниясы заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасы заңдары, өз жарғысы негiзiнде iс-әрекет жасайды және өз қызметiн Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң басшылығымен жүзеге асырады. Компанияның басшысын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мен "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының келiсiлген ұсынысы бойынша тағайындайды.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен, "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен және Компаниямен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Компанияның құрылтай құжаттарын әзiрлеу және белгiленген тәртiп бойынша тiркеу тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады