"Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорны және Қазақстан Республикасы Үкiметi арасындағы шарт туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 маусым 1994 ж. N 615

      Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 526 P930526_ қаулысына сәйкес берiлген шарттық аумақтың шегiнде "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорны орындайтын мұнай операцияларын жалғастыру үшiн, аталған аумақта өндiрiлетiн көмiрсутектердi барлауды, игерудi, тасымалдауды, ұқсатуды, экспорттау мен сатуды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiлген "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорны және Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы көмiрсутектердi барлауға, игеруге, өндiруге, ұқсатуға және сатуға арналған Шарт мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi мен ведомстволары, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкiмдерi "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорнын Заңда белгiленген тәртiппен жасалған шарттың шеңберiнде барлық қажеттi лицензиялармен және рұқсаттармен қамтамасыз етсiн. Сондай-ақ бiрлескен кәсiпорынның қызметiне байланысты мәселелердi шешуге жәрдемдессiн.
      3.Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорны арасындағы мұнай барлауға, әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге және өткiзуге арналған Шартта көрсетiлгендерге сәйкес және жоғарыда аталған Шартқа қосымша "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорны құқының сақталуын қамтамасыз етсiн. <*>
      Ескерту. Қаулы 3-шi тармақпен толықтырылды - ҚРМК-нiң
               1995.05.12. N 673 қаулысына сәйкес.
      4. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Қазақтүрiкмұнай ЛТД" бiрлескен кәсiпорны жұмысының орындалу барысына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады