"Қазинтермед-оптика" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 17 маусым N 652. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.20. N 758 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) ұлттық бағдарламасына сәйкес, "Мемлекеттiк холдинг компаниялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1138 қаулысын орындау үшiн, республика халқын жоғары сапалы медицина жабдықтарымен, көз ауруларын емдеуге қажеттi аспаптармен және дәрi-дәрмектiк препараттармен қамтамасыз ету, барлық меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен акционерлiк қоғамдардың құрамында "Казинтермед-оптика" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын.
      Компания басқармасының тұратын жерi Алматы қаласы болып анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      осы қаулының қосымшасында көрсетiлген мемлекеттiк кәсiпорындар, ұйымдар мен акционерлiк қоғамдар құрамында Компания құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлесiн;
      кәсiпорындардың, ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн және бұрын құрылып Компанияның құрамына енген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын Компанияға табыстайтын болсын;
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерленуiне қарай Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялар пакетiнен басқа акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын Компанияға берсiн.
      3. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаттары:
      республика халқының жоғары сапалы медициналық жабдықтарға, аспаптар жиынтығы мен дәрi-дәрмек препараттарына деген қажетiн қанағаттандыру;
      Компанияға енген кәсiпорындардың өз қызметiне неғұрлым тиiмдi жағдай жасау жөнiндегi жұмысын үйлестiру;
      Компания кәсiпорындарының өндiрiстiк бағдарламаларының теңдестiрiлуiне, нарықтық конъюнктура мен маркетинг қызметiне талдау жасау;
      капиалды өндiрiстiк, коммерциялық, ғылыми-техникалық қызмет пен әлеуметтiк салаға инвестициялау;
      еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындарды қаржыландыру үшiн шетелдiк және отандық инвесторларды iздестiрудi жүзеге асыру;
      ғылыми-техникалық әзiрлемелер, стандарттау, айналадағы ортаны қорғау және әлеуметтiк бағдарламалар саласындағы стратегия мен тактиканы қалыптастыру;
      кәсiпорындардың сыртқы экономикалық қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
      Компания құрамына кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын тағайындау;
      еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың бақылаушылар кеңесiн қалыптастыру, олардағы өз өкiлдерiн тағайындау деп анықталсын.
      4. Компания бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың бақылаушылар кеңесiнiң құрамына өз өкiлдерiн тағайындап, олардың бұрынғы басшылығын сақтайтын болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi "Казитермед" республикалық сыртқы экономикалық бiрлестiгiмен бiрлесiп Компания қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдық шараларды қолдансын.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi

мемлекеттiк комитетi "Казинтермед" республикалық сыртэкономикалық
бiрлестiгiмен бiрлесе отырып, қолда бар ресурстар есебiнен 
Компанияға қажеттi қызметтiк үйлер, техникалық құралдар мен телефон
және телекс байланысы арналарын бөлетiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 17 маусымдағы
                                           N 652 қаулысына
                                            Қосымша
            "Казинтермед-оптика" мемлекеттiк акционерлiк
               компаниясының құрамына кiретiн
                кәсiпорындар мен ұйымдардың
                       Тiзбесi
     "Казинтермед" республикалық сыртқы экономикалық бiрлестiгi
     "Оптика" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Оптика" өндiрiстiк-сауда бiрлестiгi, Алматы облысы
     "Оптика" өндiрiстiк-сауда бiрлестiгi, Ақмола облысы
     "Оптика" өндiрiстiк-сауда бiрлестiгi, Атырау облысы
     "Оптика" мемлекеттiк-сауда бiрлестiгi, Шығыс Қазақстан облысы
     "Сұңқар-оптимед" шағын жеке меншiк кәсiпорны, Жамбыл облысы
     "Оптика" өндiрiстiк-сауда бiрлестiгi, Жезқазған облысы 
     "Оптика" өндiрiстiк-сауда бiрлестiгi, Батыс Қазақстан облысы
     "Қарағанды-оптика" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, 
     Қарағанды облысы
     "Көзәйнек" ("Оптика") ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы, 
     Көкшетау облысы
     "Оптика" шағын кәсiпорны, Қостанай облысы
     "Оптика" өндiрiстiк-сауда бiрлестiгi, Қызылорда облысы
     "Оптика" өндiрiстiк-сауда бiрлестiгi, Ленинск қаласы
     "Оптика" өндiрiстiк-сауда бiрлестiгi, Маңғыстау облысы
     "Оптика-сервис" фирмасын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк,
      Павлодар облысы
     "Оптика" өндiрiстiк-сауда бiрлестiгi, Семей облысы
     "Оптика" дүкендерiнiң жалгерлiк кәсiпорны, Солтүстiк Қазақстан
      облысы
     "Оптика" шағын жеке меншiк кәсiпорны, Талдықорған облысы
     "Айсұлу" өндiрiстiк-коммерциялық фирмасы" шағын жеке меншiк
      кәсiпорны, Торғай облысы
     "Оптика" өндiрiстiк-сауда бiрлестiгi, Оңтүстiк Қазақстан 
      облысы
     "Үмiт" медициналық сақтандыру корпорациясы, Оңтүстiк Қазақстан
      облысы
     "Агросервис" фирмасы" шағын кәсiпорны, Алматы қаласы
     "Снабкомплект" фирмасы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi,
      Алматы қаласы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады