Германия Федеративтiк Республикасында Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгiн ашу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 маусым 1994 ж. N 663

      Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы үкiметаралық келiсiмдердi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Германиядағы сыртқы экономикалық қызметке қазақстандық қатысушылардың жұмысын үйлестiру және олардың мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Германия Федеративтiк Республикасындағы Бонн қаласында Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi ашылсын.
      2. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң штат саны 1994 жылғы 7 айға айлықақы қоры 54754 АҚШ доллары сомасында 5 адам мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      3. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкiлiне айына 1845 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.
      Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне лауазымдық жалақы Сауда өкiлiнiң жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      4. Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне медициналық қызмет

көрсетуге АҚШ долларындағы айлықақы қорынан 2 процент мөлшерiнде
аударым жасау белгiленсiн.
     5. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан
Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң шығыс сметасы 346257 АҚШ
доллары және 594284 теңге сомасында бекiтiлсiн.
     6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдың
бюджетiн дәлдей түсу кезiнде Германия Федеративтiк Республикасындағы
Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiн ұстауға қаражат
бөлiнуiн ескеретiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады