"Мұнай өнiмдерiн өндiру жөнiндегi кiшi тоннажды қондырғы орнату" инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 17 маусым N 668. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.06.26. N 878 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасын немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн шет ел кредиттерiн тарту, пайдалану және есепке алу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1607 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорнының "Агротекс" чех фирмасымен Қарашығанақ кен орнында мұнай өнiмдерiн өндiру жөнiнде кiшi тоннажды қондырғы орнатуға жасаған контрактысы мақұлдансын.
      2. "Агротекс" чех фирмасының берiп тұратын жабдықтары мен көрсететiн қызметiн қаржыландыру Чехословакия сауда банкi 10 миллион АҚШ доллары сомасында беретiн кредитi шеңберiнде жүргiзiлсiн.
      3. "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне барлық қажет кепiлдiктердi беретiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Чехословакия сауда банкiне төлем мiндеттемелерi бойынша белгiленген тәртiппен Үкiмет кепiлдiгiн берсiн.
      4. Қазақстан Әлем Банкi 10 миллион АҚШ доллары сомасында кредит бөлетiнi туралы Чехословакия сауда банкiмен жеке кредиттiк келiсiм жасасын.
      5. "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорыны Қазақстан Әлем Банкiмен жеке кредиттiк келiсiм жасайтын болсын.
      6. "Конденсат" акционерлiк бiрлескен кәсiпорны өз өнiмдерiнiң экспорттық берiлiмдерi есебiнен проценттiк өсiрiлiм мен басқа да қосымша шығындарды ескере отырып, кредиттiң белгiленген мерзiмде өтелуiн қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi газ конденсаты өнiмдерiн кредиттi өтеу мен қосымша шығындарға төлем жасауды қамтамасыз ететiн көлемде экспорттық берiп тұруға жыл сайын квоталар мен лицензиялар бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне жобаның жүзеге асырылуы мен кредит бойынша дер кезiнде төлемдер жасалуын бақылау жүктелсiн.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады