Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы мемлекеттiк терминология комиссиясы (Қазмемтерминком) туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 30 маусым N 744. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.04.21. N 367 қаулысымен. ~P980367


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы 
Мемлекеттік терминология комиссиясы мына құрамда бекiтiлсiн:
Тасмағамбетов И.Н.- Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                    орынбасары (төраға)
<*>

Оразалинов С.Ш.   - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                    жанындағы Тiл комитетiнiң төрағасы (комиссия
                    төрағасының бiрiншi орынбасары)
Қайдаров Ә.Т.     - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
                    академиясының А. Байтұрсынов атындағы Тiл
                    бiлiмi институтының директоры (комиссия
                    төрағасының орынбасары)
Малбақов М.       - Қазақстан Республикасының Министрлер 
                    Кабинетi жанындағы Тiл комитетiнiң терминология
                    және тiл мәдениетi бөлiмiнiң бастығы
                    (комиссияның ғалым-хатшысы)
  
                   Комиссия мүшелерi:
Айтбаев Ө.        - халықаралық "Қазақ тiлi" қоғамның бiрiншi
                    вице-президентi
Көшербаев Қ.Е.    - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты 
                    Басшысының орынбасары, Iшкi саясат бөлiмiнiң
                    меңгерушiсi
<*>
  
Ахметәлiмов А.    - Қазақстан Республикасы ақпарат агенттiгiнiң
                    директоры
Әбдiков Т.        - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әдебиет
                    және мәдениет жөнiндегi кеңесшiсi
Бiлиев Н.К.       - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
                    академиясының Математика және механика 
                    институтының директоры
Бейсенбаев Ж.     - "Ана тiлi" газетiнiң бас редакторы
Жағанова А.Қ.     - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
                    Мәдениет, баспасөз, бұқаралық ақпарат 
                    құралдары және қоғамдық бiрлестiктер жөнiндегi
                    комитетiнiң төрайымы
Жолдасбеков Ө.А.  - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
                    Ғылым, бiлiм және жаңа технологиялар жөнiндегi
                    комитетiнiң төрағасы
Ерғожин Е.Е.      - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
                    академиясының Химия ғылымы институтының
                    директоры
Кенжалин Ж.О.     - "Халық кеңесi" газетiнiң бас редакторы
Қалиев Б.         - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми
                    академиясының А. Байтұрсынов атындағы Тiл
                    бiлiмi институты терминология және аударма 
                    бөлiмiнiң меңгерушiсi
Қалиев Ғ.А.       - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының
                    президентi
Қасымбеков М.Б.   - Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының
                    Жалпы бөлiмiнiң меңгерушiсi 
Қошанов А.Қ.      - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
                    академиясының Экономика институтының директоры
Мағауин М.        - "Жұлдыз" журналының бас редакторы
Матыжанов К.С.    - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                    жанындағы Тiл комитетi төрағасының орынбасары
Жұрынов М.Ж.      - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi
<*>

Нұрғалиев Р.      - Қазақ Энциклопедиясының бас редакторы
Оразалиев Н.      - "Егемен Қазақстан" газетiнiң бас редакторы
Оралбаев Н.       - Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi
                    қазақ тiлi кафедрасының меңгерушiсi
Рақышев А.Р.      - С. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттiк
                    медицина институтының қалыпты анатомия
                    кафедрасының меңгерушiсi
Сапарғалиев Ғ.С.  - Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi
                    заң факультетiнiң деканы
Сарыбаев Ш.Ш.     - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
                    академиясының А. Байтұрсынов атындағы Тiл
                    бiлiмi институтының диалектология бөлiмiнiң
                    меңгерушiсi
Сәрсенбаев А.     - Қазақстан Республикасының Баспасөз және
                    бұқаралық ақпарат министрi
Сәрсенбаев О.     - "Өнер" баспасының директоры
Сәрiкқалиев З.    - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi
                    Аппаратының Редакциялық-баспа бөлiмiнiң
                    меңгерушiсi
Сүндетов М.       - "Ана тiлi" баспасының бас редакторы
Сыдықов Ж.С.      - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
                    академиясының Жер туралы ғылымдар бөлiмiнiң
                    академик-хатшысы
Тәшенов К.Т.      - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым 
                    академиясының Биологиялық ғылымдар бөлiмiнiң
                    академик-хатшысы
Тәшимбаев Ғ.Т.    - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
                    Жалпы бөлiмiнiң аударма секторының меңгерушiсi
Уәлиев Н.         - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы
                    А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институтының
                    тiл мәдениет бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi
Шүкiров С.        - "Сұхбат" газетiнiң бас редакторы
     Ескерту. Комиссия  құрамына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
              1995.10.17. N 1339 қаулысымен.  

P951339_

 


      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жыл сайын мемлекеттiк тiлдiң терминологиясын реттеу мен жетiлдiруге байланысты Қазмемтерминком атқаратын шараларға арнайы қаржы бөлiп, Тiл комитетiне беретiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      4. "Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы ережеге" байланысты Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1984 жылғы 9 ақпандағы N 72 қаулысының (Қазақ ССР Қаулылар жинағы, 1984 ж., N 15, 18-б);
      "Қазақ ССР Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының (Қазмемтерминком) құрамы туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы қазанның 31-iндегi N 654 қаулысының күшi жойылды деп саналсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 30 маусымдағы
                                           N 744 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
          жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы
                               Ереже
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Қазмемтерминком) экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы жөнiндегi ғылыми қызметке жалпы басшылық жасайтын және бекiтiлген терминдер мен атаулардың iс жүзiнде қолданылуын бақылап отыратын орган болып табылады.
      2. Қазмемтерминком өз қызметiнде:
      қазақ тiлiнiң байырғы лексикалық байлығын (кәсiби лексика, көнерген сөздер, диалектизмдер, ауызекi тiл үлгiлерi, т.б.) термин жасау iсiне сарқа пайдалану;
      термин жасауда түркi тiлдерiнiң озық тәжiрибесiн пайдалану;
      халықаралық экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық қарым-қатынастарды жеңiлдетуге қажеттi шетел терминдерiн қазақ тiлiнiң емлесiне бағындырып, қабылдау ұстанымдарын басшылыққа алады, мағына мен тұлғасы жағынан бiр тектi терминдердiң ғылым мен техниканың салалық және салааралық жүйелерiнде қолданылуын үйлестiрiп, ұлттық және халықаралық термин-атаулардың табиғи арасалмағының бұзылмауын қадағалап отырады.
      3. Қазмемтерминком өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң салалары бойынша секциялар құрады. Қазмемтерминкомның шешiмiмен құрамы белгiленiп, бекiтiлген әрбiр секция ғылым мен техниканың тиiстi саласындағы ұлттық терминологияны жасауға, жетiлдiруге және бiр iзге салуға байланысты барлық жұмыстарды ұйымдастырады;
      секцияларда талқыланып, әзiрленген терминдер мен атауларды ұдайы өткiзiп тұратын мәжiлiстерiнде қарап, бекiтедi;
      секциялардың ғылым-хатшыларынан, Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетiнiң терминология бөлiмi, қызметкерлерiнен құралған бақылау тобын құрады. Ол бекiтiлген терминдер мен атаулардың дұрыс қолданылуын қадағалап отырады.
      Терминологияны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың басшыларын қатыстырып, жиындар өткiзедi (салалық және салааралық терминдер мен атаулардың мәселелерi бойынша мұндай жиындар секцияларда өткiзiледi);
      бекiтiлген терминдер мен атауларды республикалық "Егемен Қазақстан" газетi арқылы жариялап, бюллетеньдер мен салалық сөздiктер түрiнде баспаға ұсынады.
      4. Қазмемтерминкомның шешiмi әдетте оның қаулысымен жүзеге асырылады.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты терминдер мен атауларды Қазмемтерминкомның бекiтуiне әзiрлейтiн ғылыми база болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетi Қазмемтерминкомның жұмыс органы болып саналады.
      7. Қазмемтерминкомның терминдер жөнiнде қабылдаған шешiмдерi республиканың барлық министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, ведомстволары, кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдары үшiн мiндеттi болып табылады.
      8. Қазмемтерминком өз қызметiнде Қазақстан Республикасының министрлер Кабинетiне бағынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады