Қазақстан Республикасының фосфор өнеркәсiбi орындарының жұмысын тұрақтандыру, өндiрiстi көп салалы етiп өркендету жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 4 шiлде N 749. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.08.26. N 807 қаулысымен. ~P980807

      Қаратау кен орнындағы фосфориттердi өндiру және ұқсату жөнiндегi өндiрiстiк қуаттарды сақтау, қолдау және халық шаруашылығы салаларын тапшы жаңа өнiм түрлерiмен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, қалалар мен еңбек ұйымдарында әлеуметтiк жағдайды жақсарту үшiн кейбiр өндiрiстердi көп салалы етiп өркендету және қайта құру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. N 1, 2 қосымшаларға сәйкес "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының жекелеген кәсiпорындарының өндiрiстiк қуаттарын iшiнара пайдаланудан шығарып, тоқтату туралы Үкiмет комиссиясының ұсыныстары қабылдансын.
      "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы пайдаланудан шығарылатын негiзгi қорларды есептен шығаруды және өзiнiң құрамына кiретiн акционерлiк бiрлестiктердiң жекелеген өндiрiстерiн тоқтатуды белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң халықты жұмыспен қамту мемлекеттiк қызметi босатылатын қызметкерлердi қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының бәсекелестiкке қабiлетi, ресурстар үнемдейтiн және ғылыми қамтымды тауарлы өнiмдер шығаруды ұйымдастыру арқылы жұмысты тұрақтандыру, фосфор өнеркәсiбi өндiрiстерiн көп салалы етiп өркендету мен қайта құру жөнiнде бағдарлама әзiрлегенi ескерiлсiн. Бағдарлама Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен келiсiлген және оны Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi бекiткен.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1994 жылы және одан кейiнгi жылдары Экономикалық өзгерiстер қорынан фосфор өнеркәсiбi өндiрiстерiн тұрақтандыру, көп салалы етiп өркендету және қайта құру жөнiндегi шараларды қаржыландыруды көздесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясымен бiрлесiп жабдықтарды, үй-жайларды, ғимараттарды және басқа есептен шығарылатын негiзгi қорларды алдағы уақытта пайдалану (сату, лизинг немесе басқа шаралар) жөнiнде шаралар әзiрлесiн, оларды сатудан алынатын қаржыны кәсiпорындардың қарамағында қалдыратын болсын;
      "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы кәсiпорындарының

балансындағы әлеуметтiк мәдени-тұрмыс объектiлерi олар орналасқан
облыстардың балансына берiлсiн.
     6. Шетел фирмаларын қатыстыра отырып өнеркәсiптiк ферромарганец
өндiрiсiн көп салалы етiп ұйымдастыруды жеделдету жөнiнде және 
оны сату жөнiнде "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының
ұсынысы қуатталсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы     
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 4 шiлдедегi
                                           N 749 қаулысымен
                                            N 1 қосымша
            Қаратау АХК жекелеген кәсiпорындарының өндiрiстiк
           қуаттарын iшiнара пайдаланудан шығару туралы ұсыныс
---------------------------------------------------------------------
Кәсiпорынның өнiмi, қуатты,    !   Қуаттың  !        Ескертпе
оның тұрғылықты орны           !   процентi !
---------------------------------------------------------------------
Сары фосфор өндiрiсi,              100      фосфор қуаттарын iстен
"Химөнеркәсiп" АҚ,                          шығару, пайдаланылмаған
Жамбыл, 145 мың тонна                       жабдықтарды iшiнара   
                                             есептен шығарып ферробал
                                             қымаға қайта бейiмдеу
Сары фосфор өндiрiсі, "Фосфор"      50       фосфор қуаттарын iстен
АҚ, Шымкент, 170 мың тонна                   шығару, кальций карбидiне 
                                             және ферробалқымаға қайта
                                             бейiмдеу
Күкiрт қышқылы өндiрiсi, "Су        100      есептен шығару
перфосфат зауыты" АҚ, Жамбыл,
360 мың тонна
Фосфорит жентектерi өндiрiсi,       100      қуатты iстен шығару, хро
"Сарытас" АҚ, Қаратау, 505                   мит жентектерiне қайта
мың тонна                                    бейiмдеу
Монокальций фосфат өндiрiсi,        100      есептен шығару
"Химөнеркәсiп" АҚ, 168 мың
тонна
Диаммоний фосфат өндiрiсi,          100      қуатты iстен шығару, 
"Химөнеркәсiп" АҚ, Жамбыл,                   негiзгi қорларды есептен
168 мың тонна                                шығару, ғимаратты қайта
                                             бейiмдеу
Жылы фосфор қышқылы өндiрiсi,       100      есептен шығару
"Химөнеркәсiп" АҚ, Жамбыл, 600
мың тонна
Фосфор-калий тыңайтқышы өндiрiсi,   100      есептен шығару
"Химөнеркәсiп" АҚ, Жамбыл, 159,6
мың тонна
Мырыш фосфидi өндiрiсi, "Фосфор"    100      қуатты iстен шығару,
АҚ, Шымкент, 17,7 мың тонна                  ғимаратты қайта бейiмдеу 
                                             негiзгi қорларды есептен
                                             шығару
Коагулянт өндiрiсi, "Фосфор"        100      есептен шығару
АҚ, Шымкент, 1,5 мың тонна

Шлак қиыршығы өндiрiсi              100      қуатты iстен шығару

Шлак пемзасы өндiрiсi, оның         100      есептен шығару
iшiнде бiтпеген құрылыс

Кен байыту фабрикасы, Қаратау       100      қуатты iстен шығару, 
АҚ, Жаңатас, 650 мың тонна                   қайта бейiмдеу

Жоғары кремнийлi жыныстарды         100      қуатты iстен шығару,
уату-сорттау фабрикасы,                      қайта бейiмдеу
"Қаратау" АҚ, Жаңатас, 3800
мың тонна

Жалпы фосфорит рудасы,              100      есептен шығару
Оңтүстiк-шығыс руднигi,
"Қаратау" АҚ, 520 мың тонна

Жалпы фосфорит рудасы, Солтүстiк    100      есептен шығару
Батыс руднигi, "Қаратау" АҚ,
400 мың тонна
     Ескертпе. Тиiсiнше энергетика және көлiк объектiлерiне шикiзат
дайындау жөнiндегi қуаттарды тоқтату.


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 шiлдедегi N 749 қаулысына N 2 қосымша

            "Қаратау" АХК жекелеген өндiрiстерiнiң өндiрiстiк
                   қуаттарын тоқтату туралы ұсыныс
---------------------------------------------------------------------
        Өнiм қуатты, кәсiпорын, оның                ! Қуат процентi
            тұрғылықты орны                         !
---------------------------------------------------------------------
"Нодфос" АҚ-дағы сары фосфор өндiрiсi, Жамбыл, 230         50
мың тонна
"Фосфор" АҚ-дағы натрий триполисфосфаты өндiрiсi,          30
Шымкент, 387 мың тонна
"Фосфор" АҚ-дағы жылы фосфор қышқылы өндiрiсi,             30
Шымкент, 369 мың тонна
Уатқыш-тарту фабрикасы, "Қаратау" АҚ, Жаңатас,            100
жылына 1500 мың тонна
Уатқыш-тарту фабрикасы, "Қаратау" АҚ, Қаратау,            100
800 мың тонна
Суспензиондық кен-байыту фабрикасы, "Қаратау"              100
АҚ, Жаңатас, жылына 400 мың тонна
Жалпы фосфорит рудасы, Көкжон руднигi, 4750                100
мың тонна
Натрий гипофосфитi өндiрiсiнiң тәжiрибелiк қондырғысы,     100
"Химпром" АҚ
     Ескертпе. Тиiсiнше энергетика және көлiк объектiлерiне шикiзат
дайындау жөнiндегi қуаттарды тоқтату.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады