"Меруерт" акционерлiк қоғамын (Шымкент кондитер фабрикасы) жеке жоба бойынша жекешелендiрудi аяқтау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 шiлде 1994 ж. N 752

      Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасын қолдау және "Шымкент кондитер фабрикасын жеке жоба бойынша жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 қаңтардағы N 63 P940063_ қаулысына сәйкес оны жүзеге асыру барысында шетел инвесторларына жағдай жасау мен кепiлдiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "РДжР Набиско Холдингс Корпорейшн" (АҚШ) фирмасы арасында 1994 жылғы 20 мамырда қол қойылған "Меруерт" акционерлiк қоғамының акцияларын сатып алу туралы Шарт мынадай негiзгi ережелердi енгiзе отырып, мақұлдансын:
      Шарттың құны, сондай-ақ инвестицияларды жүзеге асыру бағдарламасы;
      жоғарыда аталған фирмаға "Меруерт" акционерлiк қоғамы акцияларының 90 процентiн сату;
      инвестициялық конкурс өткiзу барысында "РДжР Набиско Холдингс Корпорейшн" фирмасына республика министрлiктерi мен ведомстволары берген мiндеттемелер мен кепiлдiктер;
      "РДжР Набиско Холдинг Корпорейшн" фирмасының қазақстандық корпоративтi-бiрлескен кәсiпорнына темекi өнiмдерiн өндiрумен айналысу құқы.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Алтын акцияны" 5 жыл бойы ұстаушы болып табылады, сондай-ақ республикалық министрлiктер мен ведомстволарға, сонымен қатар мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компанияларға республикада қолданылып жүрген заңға сәйкес "Алтын акция" бойынша өздерiнiң өкiлеттiктерiн беруге және табыстауға құқылы деп саналсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жердi пайдалану құқығын беру жөнiнде қажеттi iс-шаралар өткiзсiн.
      4. Шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында сигарет және басқа темекi бұйымдарын өндiрумен айналысатын "РДжР Набиско Холдингс Корпорейшн" фирмасының Қазақстан корпоративтi-бiрлескен кәсiпорны осы Шартта көзделген болашақта қабылданатын және тұтас алғанда темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң барлығына қолдануға болатын, Қазақстан Республикасында келiсiм жасау күнiне дейiн қолданылып жүрген лицензиялау талаптарынан басқа тұрақты немесе мәмiле жасалғаннан кейiн белгiлi бiр жағдайларда қолданылып жүрген Қазақстан заңдарына сәйкес Шартта көзделген темекi өндiрiсiн лицензиялау талаптарынан туындайтын кез-келген шарттан босатылады.
      5. Мүдделi министрлiктер мен ведомстволар Шартты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi iс-шаралар қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тапсырылсын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады