Орталық Азиялық ынтымақтастық және даму банкiсi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 23 тамыз N 955

      Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекеттiк Басшыларының Алматы қаласында орналасатын мемлекетаралық Орталық Азиялық ынтымақтастық және даму банкiн /бұдан әрi- Банк/ құру туралы 1994 жылғы 8 шiлдедегi Келiсiмiн орындау үшiн және құрылтайшы елдер Премьер-министрлерi Кеңесiнiң 1994 жылдың 5 тамызында Банкiнiң Жарғысын бекiтуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Алматы қаласының әкiмi бiр апталық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Банкiге Қазақстан Республикасының Жарғылық қорға үлестiк жарна есебiнен қызметтiк үй-жай беру туралы ұсыныс енгiзсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi үлестiк жарнаның қалған бөлiгiн Банкiнiң есеп шотына аударсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Банкiнiң өтiнiмдерi бойынша қажеттi техникалық құрал-жабдықтар мен телефон, телекс және телефакс байланыс жүйелерiн бөлудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгi Банктiң халықаралық мәртебесiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Банктi салықтар мен кедендiк баж салығынан босату туралы белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнен Банкiге қазiргi экономикалық нормативтердi қолданған кезде оның халықаралық мәртебесiн ескеру сұралсын.
      5. Банк президентiнiң лауазымы медициналық, тұрмыстық қамтамасыз ету мен көлiк қызметiн көрсетуде Министрдiң лауазымына, ал вице-президенттердiң лауазымдары - Министрдiң орынбасарларының лауазымдарына теңестiрiлсiн.
     Қазақстан Республикасының 
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады