"Ақтау теңiз сауда порты" мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 28 қыркүйек N 1075. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.03.14. N 313 қаулысымен.

      Сыртқы сауда жүктерiн тасымалдау мен өңдеудi қамтамасыз ету үшiн Ақтау теңiз сауда портының ерекше маңызын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ақтау және Баутино теңiз-сауда порттары "Ақтау" мемлекеттiк акционерлiк халықаралық теңiз көлiк компаниясының құрамынан шығарылып, олардың негiзiнде "Ақтау теңiз сауда порты" мемлекеттiк кәсiпорны құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесе отырып, 1994 жылдың аяғына дейiн "Ақтау теңiз сауда порты" мемлекеттiк кәсiпорнын дербес жоба бойынша мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудi жүргiзетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жыл сайын жасалатын болжамдау жобаларын әзiрлеу кезiнде "Ақтау теңiз сауда порты" мемлекеттiк кәсiпорнын дамытуға қаржы бөлу мүмкiндiгiн қарастырсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады