Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 4 қазан N 1104. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1791 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi

орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат
қызметкерлерiнiң саны 135 адам шегiнде бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне
министрдiң үш орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын,
сондай-ақ 11 адамнан алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi бекiтiлсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 4 қазандағы
                                           N 1104 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
               министрлiгi орталық аппаратының
                         Құрылымы
     Басшылық
     Министрдiң жанындағы аппарат
     Емдеу-сауықтыру бас басқармасы
     Санитарлық-эпидемиологиялық бас басқарма
     Жоспарлау-экономикалық бас басқармасы
     Ана мен баланың денсаулығын қорғау басқармасы (жетекшi)
     Ғылым, оқу орындары және медицина кадрларымен жұмыс басқармасы
     (жетекшi)
     Дәрiлiк заттар және медтехниканың сапасы мен стандарттауды
     бақылау жөнiндегi басқарма (жетекшi)
     Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi басқарма
     Күрделi құрылыс және шаруашылық қызмет басқармасы
     Сыртқы байланыстар бөлiмi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады