Қазақстан Республикасында радиоактивтi қалдықтарды көмуге уақытша рұқсат берудi ресiмдеу тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қазандағы N 1161 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 1319 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.10 № 1319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасында радиоактивтi қалдықтарды көмуге уақытша рұқсат ресiмдеудiң берiлiп отырған тәртiбi бекiтiлсiн.

                                     Қазақстан Республикасы
                                     Министрлер Кабинетiнiң
                                     1994 жылғы 11 қазандағы
                                        N 1161 қаулысымен
                                            Бекiтiлген

          Қазақстан Республикасында радиоактивтi қалдықтарды
                  көмуге уақытша рұқсат етудi ресiмдеу
                                 ТӘРТIБI

      1. Радиоактивтi қалдықтарды /бұдан әрi-РАҚ/ арнайы бөлiнген көрлерге /қоймаларға/ көмуге уақытша рұқсат берудiң осы тәртiбiн "Қазақ ССР-iндегi қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы" Заңның 42-бабының және Радиоактивтi қалдықтарға қолданылатын санитарлық ережеге толықтырулардың негiзiнде Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi жүзеге асырады.
      Агрегаттық күйiне /сұйық немесе қатты/ қарамастан, барлық радиоактивтi қалдықтар көмуге жатқызылады.
      1.1. Радиоактивтi қалдықтарға қолданылатын санитарлық ережелерге сәйкес сұйық радиоактивтi қалдықтар мынандай санаттарға бөлiнедi:
      - 1х10 Ки/л/370 КБк/л/ дейiн - әлсiз әрекеттегiлер;
      - 1х10-5 Ки/л-ден 1 Ки/л /370 КБк/л/ мен 37 ГБк/л аралығына дейiн - орташа әрекеттегiлер;
      -1Ки/л /37 ГБк/л/ және одан да жоғары - жоғары әрекеттегiлер.
      1.2. Қатты қалдықтардың үлестiк әрекеттiлiгi:
      бета-әрекеттi заттар үшiн - 2х10-6Ки/г/74 КБк/кг/-ден артық альфа-әрекеттi заттар үшiн - 2х10-7Ки/кг/7.4 КБк/кг/-ден артық;
      гамма әрекеттi заттар үшiн - 1х10-7 экв.Rа/кг/0.05 пГр м м/с кг/-ден артық;
      трансуранды элементтер үшiн - 1х10-8Ки/кг/0.37 Бк/кг/-ден артық болса радиоактивтi деп саналады.
      1.3. Сыртқы бетiнiң 10 см қашықтықтағы мөлшерiнiң қуатына қарай қатты радиоактивтi қалдықтар үш топқа бөлiнедi:
      1-топ -0,3 мЗв/ч/30 мбр/ч/-ге дейiн;
      2-тао -0,3 мЗв/ч/30 мбр/ч/-ден 10 мЗв/ч/-ға дейiн;
      3-топ 10 мЗв/ч/1000 мэбр/ч/-ден жоғары.

      Баламды әсер ету мөлшерiнiң пайда болған қуат деңгейi табиғи сәулелену реңкiмен пайда болған қуатқа қосылмайды.
      1.4. Көмуге уақытша рұқсатты:
      - қалдықтардың жалпы әрекеттiлiгi радиотоксиндiлiк бойынша және Б радионуклид топтары үшiн 1000 кюриден жоғары және радиациялық қауiпсiздiк нормаларына сәйкес В және Г топтары үшiн жоғары болса, Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлiгi;
      - қалдықтардың жалпы әрекеттiлiгi радиотоксиндiлiк бойынша 100 кюриден кем және В және Г топтары үшiн 1000 кюриден кем болса радионуклид топтары үшiн Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң облыстық /қалалық/ органдары бередi.
      Ескерту: радиактивтi қалдықтардың қандай да бiр болмасын санатын /түрiн/ көму жөнiндегi көрлердiң /қоймалардың/ тiзбесi олар iске қосылған соң қосымша жасалады.
      1.5. Тау-кен өндiретiн, уран өндiретiн және басқа да салалардың кәсiпорындарындағы табиғи радионуклидтердiң жоғары деңгейдегi үйiндiлерi /қалдықтары/ радиоактивтi рудаларды өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарды тарату мен қайта бейiмдеудiң санитарлық ережелерiнiң талаптарына сәйкес көмуге жатқызылады. Бұл қалдықтарды орналастыруға рұқсат "Табиғатты пайдалануға рұқсат берудiң уақытша тәртiбiне" сәйкес берiледi.
      2. Радиоактивтi қалдықтарды көмуге уақытша рұқсат алу үшiн Экология және биоресурстар министрлiгiне мынадай құжаттар тапсырылады:
      көмуге жататын радиоактивтi қалдықтардың түрi, көлемi, әрекет ету деңгейi /иондық сәулелену көздерi/ көрсетiлген өтiнiм /N1 қосымша/;
      кәсiпорынның ядролық материалдар мен олардың негiзiнде бұйымдар жасау, қолдану және пайдалану жөнiндегi қызметiн жүзеге асыруға немесе радиоизотоптық көздермен жұмыс iстеуге құқын куәландыратын құжаттың /рұқсат қағаз, санитарлық төлқұжат/ көшiрмесi.
      Жоғарыда көрсетiлген құжаттар болмаған жағдайда радиоактивтi қалдықтарды көмуге уақытша рұқсат беру туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi мен оның органдары өздерiнiң ұйғарымы жасауына қарай кәсiпорындардан /ұйымдардан/ қосымша ресми құжаттарды немесе ақпаратты талап ете алады.

      радиоактивтi қалдықтарды жинап, көметiн мемлекеттiк жүйеге кiретiн қойма /көр/ әкiмшiлiгiмен немесе ведомстволық бағыныстағы қойма /көр/ басшылығымен РАК-ты көмуге келiсiм, шарт жасасу;
      радиоактивтi қалдықтарды республиканың халық шаруашылығында пайдалану мүмкiн еместiгi туралы Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiнiң қорытындысы;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мемлекеттiк автоинспекция бөлiмшелерiмен келiсiлген маршрут бойынша радиоактивтi қалдықтарды тасымалдауға Мемлекеттiк санитарлық қадағалау орындарынан рұқсат алу.
      3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң органдары жоғарыда ұсынылған тiзiмдегi құжаттардың деректерiнiң дұрыстығын тексеруге, қажет болған жағдайда құзырлы ұйымдар мен мекемелердiң мамандарын тартуға құқы бар. Кәсiпорындар осы жұмысқа қатысты барлық керектi ақпаратпен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      4. Радиоактивтi қалдықтарды көмуге уақытша рұқсат қағаз белгiленген нұсқа бойынша /N 2 қосымша/ толтырылады және радиоактивтi қалдықтарды көмуге арналған журналда мiндеттi түрде тiркеледi және 6 айдан аспайтын мерзiмге берiледi.
      5. Уақытша рұқсат қағазы 2 данада жасалып: Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнде /Радиоэкология басқармасында/ немесе рұқсат қағазын берген оның жергiлiктi органдарында, қалдықтарды көмуге рұқсат алған кәсiпорын әкiмшiлiгiнде /бiр данадан/ сақталады.
      6. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар жөнiндегi министрлiктiң органдары өтiнiм қабылданған күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей кәсiпорынға уақытша рұқсат бередi немесе рұқсат беруден бас тартады.
      7. Кәсiпорын уақытша рұқсатты жүзеге асырудың келiсiлген талаптарын сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң органдары iстi тоқтатуды немесе күшiн жоюы мүмкiн.
      8. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң органдары шешiм қабылданған күннен бастап 10 күннен кешiктiрмей уақытша рұқсаттың қолданысын тоқтату немесе күшiн жою туралы шешiмiн кәсiпорынға жазбаша түрде хабарлайды.
      9. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi органдарының радиоактивтi қалдықтарды көмуге уақытша рұқсат беруден бас тартуы немесе оның күшiн жою шешiмi туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен сотқа және төрелiк сотына шағымдануға болады.

                                          N 1 қосымша               

                  Радиоактивтi қалдықтарды көмуге
                              ӨТIНIМ

I.________________________________________________________________
      /рұқсат берген табиғат қорғау жөнiндегi органның атауы/

__________________________________________________________________

2.________________________________________________________________

    /кәсiпорынның атауы, оның ведомстволық бағыныстылығы/

__________________________________________________________________

3. Кәсiпорынның мекен-жайы:_______________________________________

4.________________________________________________________________

    /радиоактивтi қалдықтарды көмудi жүзеге асыратын объектiнiң

__________________________________________________________________

  атауы, оның ведомстволық бағыныстылығы/

5. Көрдiң /қойманың/ орны        _________________________________

__________________________________________________________________

6. Радиоактивтi қалдықтардың сипаттамасы:_________________________

                                         / түрi, қалдықтардың атауы/

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

  келiп түскен қалдықтардың баланстық санының есебiнде алынған

__________________________________________________________________

радиоактивтi қалдықтар пайда болған технологиялық процесс немесе өнд.

__________________________________________________________________

/қалдықтардың радионуклидтiк құрамы, оның көлемi, жалпы әрекеттiлiгi

__________________________________________________________________

және радиациялық қауiптiлiк тобы/

__________________________________________________________________

  /қалдықтардың физикалық сипаттамасы/өрт және жарылғыш қаупi бар

__________________________________________________________________

  және басқа да ерекше сипаттамасы/


     Мөр орны                           Кәсiпорын басшысы

                                          ___________________

                                        N 2 қосымша

                      Радиоактивтi қалдықтарды көмуге

                    РҰҚСАТ ҚАҒАЗ   "  "

199  жылы берiлдi                            Дана N _____________

Кәсiпорынның атауы _______________________________________________

__________________________________________________________________

Кәсiпорынның заңды мекен-жайы ____________________________________

Көмуге рұқсат етiледi ____________________________________________

                        қалдықтардың аты және радиациялық

__________________________________________________________________

  қауiптiлiк тобы

__________________________________________________________________

көрдiң /қойманың/ атауы, заңды мекен-жайы және қай ведомствоға

__________________________________________________________________

              қарайтындығы

Саны______________________________________________________________

       /қалдықтардың жалпы әрекеттiлiгi көрсетiлген көлемi/

__________________________________________________________________

Келiсiлген шарттар _______________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Рұқсаттың iске асырылу мерзiмi 199  ж. "  " ______________________

__________________________________________________________________

          /әкiмшiлiк органның атауы/

Табиғат қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор

_________________                     ____________________________

/қолы/                                    /Аты-жөнi - фамилиясы/


"  "________________ 199  ж.

                                                      N 3 қосымша

Табиғат қорғау жөнiндегi
органның атауы

          Радиоактивтi қалдықтарды көмуге қатысты рұқсатты тiркеу
                                 ЖУРНАЛЫ

     1. N

     2. Радиоактивтi қалдықтарды көму әдiсi және рұқсаттың

        тiркелу N /нөмiрi/

     3. Тiркеу мерзiмi

     4. Рұқсат алған кәсiпорынның атауы, мекен-жайы, қай ведомствоға

        қарайтындығы

     5. Рұқсатты iске асыру мерзiмi

     6. Радиоактивтi қалдықтардың атауы, радионуклидтiк және

        химиялық құрамы, агрегаттық күйi

     7. Радиациялық қауiптiлiк тобы

     8. Радиоактивтi қалдықтарды көму объектiсiнiң атауы, мекен-жайы,

        оның қай ведомствоға қарайтындығы

     9. Себебi көрсетiлiп рұқсаттың күшi жойылған күнi

     Ескерту: Журнал нөмiрленiп, тiгiледi және мөр басылады






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады