Жедел мәселелер жөнiндегi комиссияның құрамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 18 қазан N 1170

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Жедел мәселелер жөнiндегi комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. "Жедел мәселелер жөнiнде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 мамырдағы қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 23, 242-бап/ төмендегiдей өзгертулер енгiзiлсiн:
      5-тармақтағы "Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының" деген сөздердiң орнына "Министрлер Кабинетiнiң" деп жазылсын.
      осы қаулыға қосымшаның күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


                                      Қазақстан Республикасы    

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 18 қазандағы N 1170 қаулысына қосымша

              Жедел мәселелер жөнiндегi комиссияның
                          ҚҰРАМЫ

Есенғарин Н.Қ.                - Қазақстан Республикасы      
                                Премьер-министрiнiң орынбасары (төраға)
Метте В.Л.                    - Қазақстан Республикасы
                                Премьер-министрiнiң орынбасары
                                /төрағаның орынбасары/
Макиевский Н.М.               - Қазақстан Республикасының Төтенше
                                жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
                                комиссиясының төрағасы /төрағаның
                                орынбасары/
Әлиғожанов С.К.                - Қазақстан Республикасының Көлiк және
                                 коммуникациялар министрi
Балғымбаев Н.                  - Қазақстан Республикасының Мұнай
                                 және газ өнеркәсiбi министрi
Бисенов М.С.                   - Қазақстан Республикасы Қаржы  
                                 министрiнiң орынбасары
Денисов В.В.                   - "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк 
                                 акционерлiк компаниясының президентi
Кәрiбжанов Ж.С.                - Қазақстан Республикасының Ауыл
                                 шаруашылығы министрi
Кармаков В.В.                  - Қазақстан Республикасының Энергетика
                                 және көмiр өнеркәсiбi министрi
Красносельский Н.Ф.            - Қазақстан Республикасы Экономика  
                                 министрiнiң бiрiншi орынбасары
Мырзағалиев Ғ.М.               - Қазақстан Республикасы Министрлер   
                                 Кабинетiнiң жанындағы Мемлекеттiк
                                 резервтер жөнiндегi комитеттiң
                                 төрағасы
Мұқашов А.М.                   - Қазақстан Республикасы Министрлер
                                 Кабинетiнiң Iс басқармасы Аумақтық
                                 даму бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
Тұрапов К.Т.                   - "Қазконтракт" республикалық контракт
                                 корпорациясының президентi
Тышанов А.Қ.                   - Қазақстан Республикасының Құрылыс,
                                 тұрғын үй және аумақтарда құрылыс
                                 салу министрi
Удовенко С.Л.                  - Қазақстан Республикасы Министрлер
                                 Кабинетiнiң Iс басқармасы Мемлекеттiк
                                 басқару органдары бөлiмiнiң меңгерушiсi
Халықов Ғ.                     - "Қазтұрғынүйкомшар" концернiнiң
                                 төрағасы
Штойк Г.Г.                     - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
                                 және сауда министрi

     Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi.

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады