Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 9 қараша N 1241. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1784 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 68 адам болып бекітiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын

қорғау министрлiгiне Министрдiң 2 орынбасарын, сондай-ақ құрамы
7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын 
қорғау министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн қызметтiк 3 жеңiл
автомобиль лимитi белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

                                         Қазақстан Республикасы            
                        
                                         Министрлер Кабинетiнiң
                                         1994 жылғы 9 қарашадағы
                                         N 1241 қаулысына
                                                қосымша

             Қазақстан Республикасының Геология және жер
             қойнауын қорғау министрлiгi орталық аппаратының
                         ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық және басшылық жанындағы аппарат
     
     Мұнай және газ жөнiнде жер қойнауын геологиялық зерттеудi
     және игерудi талдау мен болжау басқармасы /жетекшi/
     
     Қатты пайдалы қазбалар жөнiнде жер қойнауын геологиялық 
     зерттеудi және игерудi талдау мен болжау басқармасы /жетекшi/
      
     Экономика, қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп басқармасы
      /жетекшi/
     
     Жер қойнауын қорғау басқармасы /жетекшi/
  
     Гидрогеология бөлiмi /жетекшi/

     Нормативтiк-құқықтық сектор

     Бiрiншi бөлiм

     Кадр бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады