Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма - орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 9 қараша N 1244. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.19. N 1787 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы қосымшаға сәйкес, аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 41 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы

Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармаға Басқарма бастығының
бiр орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарманың орталық аппараты үшiн
қызметтiк 2 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 9 қарашадағы
                                           N 1244 қаулысына
                                            қосымша
            Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 
            жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас
            басқармасы орталық аппаратының
                      Құрылымы
     Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету бөлiмi
     Мемлекеттiк бақылау жүйесi бөлiмi
     Өндiрiс бөлiмi
     Экономика бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi
     Халықаралық ынтымақтастық және ақпарат бөлiмi
     Кадр және арнаулы жұмыстар бөлiмi
     Жалпы бөлiм

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады