Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 8 желтоқсан N 1396. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995.12.19. N 1807 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде қосымшаға сәйкес 328 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне министрдiң

5 орынбасарын, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын,
сондай-ақ саны 13 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
     Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi үшiн 11 
қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1994 жылғы 8 желтоқсандағы
                                         N 1396 қаулысына
                                          Қосымша
            Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi
                       орталық аппаратының
                          Құрылымы
     Басшылық
     Министрдiң хатшылығы
     Экономикалық стратегия және дамуды болжау бас басқармасы
     Сыртқы экономикалық саясат бас басқармасы
     Қаржы саясаты бас басқармасы
     Өнеркәсiп саясаты бас басқармасы
     Инвестициялық саясат бас басқармасы
     Аймақтық саясат басқармасы (жетекшi)
     Әлеуметтiк саясат басқармасы (жетекшi)
     Аграрлық саясат басқармасы (жетекшi)
     Ғылыми-технологиялық саясат басқармасы (жетекшi)
     Экономиканың жекеменшiк секторын дамыту басқармасы (жетекшi)
     Тұтыну нарығын дамыту басқармасы (жетекшi)
     Нарықтық инфрақұрылымды дамыту басқармасы (жетекшi)
     Меншiк қатынастары басқармасы (жетекшi)
     Қорғаныс пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету басқармасы (жетекшi)
     Коммуникацияларды дамыту басқармасы (жетекшi)
     Жұмылдыру бағдарламалары мен мемлекеттiк резервтер басқармасы
(жетекшi)
     Кадрлар даярлауды үйлестiру басқармасы (жетекшi)
     Iс басқармасы
     Бухгалтерлiк есеп пен есеп беру басқармасы
     Аппарат жұмысын ұйымдастыру және iс жүргiзу басқармасы
     Кадр бөлiмi
     Заң бөлiмi
     Бiрiншi бөлiм

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады