Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 тамыздағы N 888 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 24 желтоқсан N 1462. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.08.07. N 983 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комитеттiң төрағасы, мүшесi және хатшысы мiндеттерiнен қызмет орындарының өзгеруiне байланысты Т.Жүкеев, Б.Рүстембаев, Г.Бельгер, Т.Тiлегенов босатылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығын беру жөнiндегi комитет мүшелерi болып А.Есiмов - төрағасы, Е.Никитинский, Н.Асқаров - комиссия мүшелерi, Ф.Фатина -комиссия хатшысы болып бекiтiлсiн.
      3. Өнер, спорт, ғылым, драматургия, орындаушылық шеберлiк, музыка, театр-кино саласында жетi "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы тағайындалсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады