"ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 12 қаңтар 1995 ж. N 44

      "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 5 қазандағы N 177 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Денсаулық сақтау министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрге бiр ай мерзiм iшiнде Үкiмет шешiмдерiн "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi: 
      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрге "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келетiн нормативтiк актiлерiн қайта қарауды және жоюды қамтамасыз етсiн; 
      ЖҚТБ ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi Республикалық орталықтың материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнiнде шаралар қабылдансын; 
      облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрге ЖҚТБ ауруының алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтардың иммунологиялық лабораторияларды емханалар мен стационар орталықтарды өрiстететiн материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiнде шаралар қабылдасын. 
      3. "Адамның иммундiк қорғанысын әлсiрететiн вирус жұққан немесе СПИД-пен ауыратын адамдарды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" СССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 18 қыркүйектегi N 947 қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 29 қазандағы N 430 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 

    Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады