"Қарағанды металлургия комбинатында кокс газын тазарту цехының құрылысын жүргiзу" инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 12 қаңтар N 45

      Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын сыртқы нарықта бәсекелестiкке икемдi өнiммен қамтамасыз ету, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында және жобаның жүзеге асыруға жоғары әзiрлiгiн ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қарағанды металлургия комбинатында жалпы сомасы 19020879 мың жапон иенiне 250 мың Нм3/сағат кокс газын өңдеуге арналған кокс газын тазарту цехының құрылысын жүргiзу және оны құрылыс басталған соң 24 айдан кейiн аяқтау туралы Қарағанды металлургия комбинаты мен "Иточу" /Жапония/ фирмасы арасында жасалған контракт мақұлдансын.
      2. Мыналар:
      жобаны қаржыландыру жапондық ЭКСИМБАНК пен жапондық "Иточу" фирмасы беретiн кредит есебiнен жүзеге асырылатыны;
      тәуелсiз жапон консалтингтi фирмасы орындаған техникалық-экономикалық негiздеменi қаржыландырушы банктiң қабылдағаны;
      кредит бойынша аванстық төлемдi алдағы уақытта өтеу есебiнен "Иточу" фирмасы жүргiзетiнi;
      кредит пен ол бойынша проценттi, сондай-ақ кредитке iлеспесе төлемдердiң бәрiн Қарағанды металлургия комбинатының дербес өтпейтiнi ескерiлетiн болсын.
      3. Қарағанды металлургия комбинаты заем алушы ретiнде аталған жоба бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне барлық кепiлдiктi берсiн, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған жобаға кепiлдiк берсiн.
      4. Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiне Жапонияның ЭКСИМБАНКIМЕН және "Иточу" фирмасымен жеке кредит келiсiмiн жасау тапсырылсын.
      Қарағанды металлургия комбинаты Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкiсiмен кредит келiсiмiн жасасын.
      5. Жобаның жүзеге асырылуын және уақтылы төлем жасалуды бақылау Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады