Қазақстан Республикасында ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау туралы ереженi бекiту жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 65. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" және "Жоғары бiлiм

 

туралы" Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер

Кабинетi қаулы етедi:

     1. Қазақстан Республикасында ғылыми-педагогикалық және

ғылыми кадрларды даярлау туралы ереже бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi мен Министрлер

Кабинетi жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия 3 ай мерзiм

iшiнде аспирантура туралы, докторантура туралы, аспирантура

мен докторантурадан тыс кандидаттық және докторлық дисертациялар

дайындау туралы ережелердi әзiрлеп, бекiтсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрi

                                    Қазақстан Республикасы

                                    Министрлер Кабинетiнiң

                                    1995 жылғы 19 қаңтардағы

                                      N 65 қаулысымен

                                           Бекiтiлген

              Қазақстан Республикасында ғылыми-педагогикалық

                    және ғылыми кадрларды даярлау туралы

                                 ЕРЕЖЕ

             I. Жалпы ережелер


 
       1. Осы ереже ведомстволық бағыныштылығына, меншiк түрiне қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу мекемелерi мен басқа да ұйымдарында ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды және қоғамның жоғары бiлiктi мамандарға әлеуметтiк-экономикалық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
      2. Қажеттi ғылыми-техникалық және қаржы-материалдық базасы бар Қазақстан Республикасының оқу және ғылыми мекемелерi жоғары бiлiктi ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар даярлай алады.
      3. Ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар даярлау саласында ұйымдастыру әдiстемелiк басшылықты Бiлiм министрлiгi, Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Жоғары аттестациялық комиссиясы (Қазақстан Республикасының ЖАК-ы) Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бiрлесiп, жүзеге асырады.
      4. Жоғары бiлiктi ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды

 

аттестациялауға жетекшiлiк ету және ғылыми дәрежелер мен атақтарға

үмiткерлерге қойылатын талаптардың бiрлiгiн қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Жоғары

аттестациялық комиссияның құзыры болып табылады.

     5. Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру сатысының мынадай

түрлерi белгiленедi:

     - аспирантура;

     - докторантура;

     - iзденушiлiк;

     - ғылыми қызметкер лауазымына ауыстыру;

     - диссертация жұмысын бiтiру үшiн шығармашылық демалыс.


             II. Ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар

                 даярлау құрылымы мен ұйымдастыру тәртiбi


 
       6. Жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оқу-ғылым мекемелердiң басқа да үлгiлерiнiң жанындағы аспирантура республикада ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды жоспарлы даярлаудың негiзгi түрi болып табылады, ол өзiнiң алдында ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлардың теориялық және арнайы дайындығын тереңдетудi мақсат етiп қояды.
      Аспиранттарды даярлау ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасына сәйкес ғылым мен мамандық салалары бойынша жүзеге асырылады.
      7. Докторантура республикадағы бiрыңғай үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң жоғары сатысы ретiнде беделдi жоғары ғылыми мектебi мен озық зерттеу базасы бар жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердiң жанынан ұйымдастырылады.
      Докторантураға өндiрiстен қол үзiп оқуға өзi таңдап алған салада ғылыми жетiстiктерi бар, жоғары ғылыми деңгейде зерттеулер жүргiзуге және өндiрiстiк, шаруашылық, әлеуметтiк-мәдени маңызы бар ғылыми мәселелердi шешуге қабiлеттi ғылым кандидаттары қабылданады.
      8. Аспирантура мен докторантурадан тыс кандидаттық және докторлық диссертациялар дайындау:
      кандидаттық емтихан тапсыру, кандидаттық диссертация дайындау үшiн жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда бекiтiлуi қарастырылған iзденушiлiк;
      көкейкестi қолданбалы немесе теориялық мәселелер бойынша ғылыми зерттеу жұмысында маңызды нәтижелерi бар, диссертациялық жұмыс жоспарын жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерi мақұлдаған жоғары оқу орындарында жұмыс iстейтiн ғылым кандидаттарын ғылыми қызметкерлiкке ауыстыру;
      кандидаттық және докторлық диссертация дайындау үшiн шығармашылық демалыс беру арқылы iске асырылады.
      9. Аспирантура мен докторантураны ашу мен жабуды, сондай-ақ олардың қызметiне бақылау жасауды бағынысына қарай тиiстi министрлiктердiң, ведомстволар мен ғылым академияларының Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының ЖАК-пен келiсуi бойынша жоғары оқу орындары ғылыми-зерттеу мекемелерi мен ұйымдары жүргiзедi.
      10. Ғылым салалары мен мамандықтары бойынша докторантура мен аспирантураға қабылдаудың жылдық және перспективалық жоспарларының жобаларын докторантурасы, аспирантурасы бар жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдар әзiрлеп, бағынысына қарай тиiстi министрлiктерi мен ведомстволары Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен, ЖАК-пен келiсуi бойынша бекiтiп, сөйтiп Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне ұсынады.
      11. Докторантура, аспирантура туралы, докторантура мен аспирантурадан тыс кандидаттық және докторлық диссертация дайындау туралы ережелердi Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технология министрлiгiнiң, Ұлттық ғылым академиясының және ЖАК-тың келiсуi бойынша Бiлiм министрлiгi әзiрлеп, бекiтедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады