1995 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру Ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 20 ақпан N 174

 

      Республикалық бюджетте тұратын ұйымдар мен мекемелердiң жалақыға, тамақтануға, стипендияға, дәрi-дәрмекке және басқа да қауырт мұқтаждарына арналған шығыстарды дер кезiнде қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi
      1995 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру Ережесi/қоса берiлiп отыр/ 1995жылғы 1 наурыздан бастап бекiтiлсiн.
 
        Қазақстан Республикасының
            Премьер-министрi
 

                                              Қазақстан Республикасы



                                              Министрлер Кабинетiнiң

                                               1995 ж. 20 ақпандағы

                                                 N 174 қаулысымен

                                                    бекiтiлген



 
 
              1995 жылға арналған республикалық бюджетте
                 көзделген шығыстарды қаржыландыру
                            ЕРЕЖЕСI
 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тоқсандарға бөлiнген жылдық мөлшерiн жасап, оны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi бекiткен соң екi апта мерзiмi iшiнде Қаржы министрi бекiтедi. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi республикалық бюджетке өзгерiстер енгiзген жағдайда бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының мөлшерi нақтыландырылады. Кiрiстер мен шығыстардың мөлшерi бекiтiлген бюджет көлемiнде көзделген шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығына берiледi. Қаржыландыру республикалық бюджетте бар қаржы ресурстарының шегiнде жүргiзiледi.
      Кредиттердiң бас бөлушiлерiне қаражат әрбiр бес күн сайын

 

немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiлген басқа да

мерзiмде босатылады.

     Бюджеттi орындау процесiнде ұйымдардың, кәсiпорындар мен

мекемелердiң шығыстарын жабу үшiн шығыстардың iрiлендiрiлген

үш тобы бойынша қаржыландырудың төмендегiдей тәртiбi белгiленедi:

     1/ қауырт мұқтаждар;

     2/ ағымдағы шығыстар;

     3/ күрделi шығыстар.

     Бiрiншi тобы бойынша бiрiншi кезекте шығыстардың мынадай

баптары:

     а/ - қосымшаларымен жалақы;

        - стипендиялар;

        - зейнетақылар;

        - Абайдың 150 жылдығына арналған шараларды қаржыландыру

жөнiндегi шығыстар;

        - Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 50 жылдығына арналған

шараларды қаржыландыру жөнiндегi шығыстар;

     б/ - тамақтандыру;

        - дәрi-дәрмек шығыстары қаржыландырылады.

     Екiншi тобы бойынша мынадай шығыстар:

     - шаруашылық шығыстары;

     - iссапарлар мен қызмет бабындағы сапарлар;

     - жабдық пен мүкәммал, жұмсақ мүкәммал мен киiм-кешек сатып

алу шығыстары қаржыландырылады.

     Шығыстардың үшiншi тобы бойынша мынадай шығындар:

     - үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу;

     - күрделi қаржы шығыстары;

     - өзге де шығыстар қаржыландырылады.


 
       Республикалық бюджетте ресурстар болған жағдайда, Қазынашылықтың Бас басқармасы бiрiншi кезекте бiрiншi топтың /"а"және "б"тармақшалары/ шығыстарын қаржыландырылады.
      Бiрiншi бескүндiкте бөлiнген соманың 35 процентiнен аспайтын мөлшерде әскери қызметшiлер зейнетақысына арналған шығыстарды қаржыландыру жүзеге асырылады әлеуметтiк-мәдени мекемелерiнде тамақтануға арналған шығыстар бөлiнген соманың 15 процентiнен аспайтын мөлшерде қаржыландырылады. Осы кезге дәрi-дәрмекке арналған /25 процент/ шығыстар да қаржыландырылады. Қалған сома Абайдың 150 жылдығына және Жеңiстiң 50 жылдығына /5 процент/ арналған шараларды және сыртқы экономикалық қызметтi /20 процент/ қаржыландыруға жұмсалады.
      Екiншi және бесiншi бескүндiктерде бюджеттiк ұйымдар мен мекемелердiң жалақы мен оған қосымшаларға арналған шығыстары /90 процент/ қаржыландырылады. Стипендияға арналған шығыстар екiншi және үшiншi бескүндiктерде тең бөлiкте, бiрақ бөлiнген соманың 10 процентiнен аспайтын мөлшерде жүргiзiледi.
      Үшiншi бескүндiкте бөлiнуге жататын соманың 40 процентiнен аспайтын мөлшерде астық сатып алуға, нан және нан-тоқаш өнiмдерi, мақта бағасындағы айырмашылықтың орнын толтыру жөнiндегi берешектi өтеуге арналған шығыстар қаржыландырылады. Соманың кемiнде 30 процентi бюджеттiк мекемелердiң шаруашылық және басқа шығыстарын өтеуге жұмсалады. Қалған сомасы /20 процентi/ республикалық бюджеттiң операциялық және өзге де шығындарына бағытталады.
      Төртiншi бескүндiкте нысаналы қаржыландыру қорынан әскери қызметшiлердi тамақтандыруға /50 процентi/, субвенцияларға арналған, мемлекеттiк борышты қамту жөнiндегi шығыстар /40 процентi/ қаржыландырылады. Бұл ретте төртiншi бескүндiкте нысаналы қаржыландыру қоры бойынша кредит беру қорға түскен соманың 50 процентiнен аспайтын мөлшерде, бiрақ республикалық бюджеттiң шығыстары бойынша көзделген сомадан аспайтын мөлшерде жүргiзiледi, соның iшiнде 30 проценттен аспайтын сомасы Экономиканы жаңғырту қоры мен Жол қорына, 10 проценттен аспайтыны Қазақстан Республикасының Жер қойнауын және минералдық шикiзат базасын ұлғайту қорына және 10 процентi басқа қорларға жiберiледi.
      Алтыншы бескүндiкте нысаналы қаржыландыру қоры, субвенциялар мен мемлекеттiк борыш жөнiндегi /75 процент/ шығыстар қаржыландырылады. Сыртқы экономикалық қызметке арналған шығындар алғашқы бескүндiкте 20 процент, төртiншiсiнде - 10 процент және алтыншысында 10 процент көлемiнде жүргiзiледi. Қаржыландыруға көзделген қалған сома бесiншi және алтыншы бескүндiктерде 10 процентiнен аспайтын мөлшерден халықтың әртүрлi топтарына жеңiлдiктер төлеуге жұмсалады.
      Әрбiр бескүндiк сайын түсетiн соманың 10 процентiне дейiнгi күтпеген шығындарды қаржыландыруға бағытталуы мүмкiн деп белгiленсiн.
      Республикалық бюджеттiң шығыстарын кезек күттiрмей қаржыландыруды талап ететiн күтiлмеген жағдайлар бола қалғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң қаржыландыруға жатқызылатын қаражат бөлудiң тәртiбiне өзгерiстер енгiзуге құқы бар.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады