Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелерде жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны, шәкiртақыны дер кезiнде төлеудi қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 20 ақпан N 177

      Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелерде жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны, шәкiртақыны дер кезiнде төлеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлiгi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi:
      мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын барлық ұйымдар мен мекемелер бойынша жалақы, зейнетақы, шәкiртақы және еңбек қатынастарынан туындаған өзге де төлемдер жөнiндегi жиналып қалған берешектi бiр ай мерзiм iшiнде өтейтiн болсын;
      бюджетке түскен қаражатты жоғарыда аталған мақсатқа басымдылықпен жұмсауды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Еңбек министрлiгi:
      зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдер бойынша жиналып қалған берешектi екi ай мерзiмi iшiнде өтейтiн болсын;
      аталған мақсатқа сыртқы және iшкi займдарды тартудың мүмкiндiгi туралы;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кәсiпорындарымен, шаруашылық серiктестiктерiмен және өндiрiстiк кооперативтерiмен баспабас мәмлелер жасаған кезде Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының және Әлеуметтiк сақтандыру қорының мүдделерiн ескеретiн үкiметтiк актiлердi қабылдаудың тиiмдiлiгi туралы ұсыныстар енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау

комитетi тексеру жүргiзген кезде жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны,
шәкiртақыны және олардың еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де
төлемдердiң дер кезiнде төленуiн ескеретiн болсын, ал бөгелiс
болған жағдайда, дер кезiнде төленбеудiң себептерiн айқындап,
кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.         
 
     


   Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады