"Балқаш" тау-кен компаниясын дамыту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 22 ақпан N 187


      Алтын өндiру көлемiн одан әрi көбейту және "Балқаш" тау-кен компаниясының қазiргi өндiрiстiк әлеуетiн неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Балқаш" тау-кен компаниясына 1995 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мемқоймасына тауарлық қымбат металдарды, өткiзiлетiн күнгi Қымбат металдарды Лондон рыногы ассоциациясының оларға белгiлеген бағасының таңертеңгi фиксингi (деңгейi) бойынша өз бетiнше өткiзу құқығы берiлсiн, бұл ретте АҚШ долларымен салыстырғандағы теңгенiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағамы ескерiлсiн, "Қазақстан Республикасында қымбат металдар үшiн есеп айырысу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 желтоқсандағы N 1431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 537-бап) сәйкес бұл бағадан шегермелер жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне "Балқаш" тау-кен компаниясымен оның Мемқоймаға өткiзетiн қымбат металдары үшiн есеп айырысуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы арасында есеп айырысу үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүргiзу ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Балқаш" тау-кен компаниясының пайдалануына екiншi кезектегi "Ақбақай кен байыту комбинаты акционерлiк қоғамы" кен орнын беру мәселесiн қарайтын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Жезқазған және Жамбыл облыстарының әкiмдерi "Балқаш" тау-кен компаниясының қызметiне байланысты мәселелердi шұғыл түрде шешуге жәрдем жасасын.
       Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады