Қызылорда ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты етiп қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Рсепубликасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 наурыздағы N 310

      Арал өңiрiндегi агроэкология жөнiндегi ғылыми зерттеулердi тереңдету және кеңейту, табиғи ортасының құлдырауын тоқтату, аймақтың бұзылған экологиялық жүйесiнiң тепе-теңдiгiн қалпына келтiру, тұрақты ландшафттық кешен құру, дағдарысты жағдайды жоюға жүйелi көзқарас қалыптастыру, материалдық, қаржы ресурстарын, сондай-ақ қолда бар ғылыми потенциалды барынша бағытты жұмсау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қызылорда ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғылыми зерттеулерге Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы бөлген қаржы шегiнде Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылсын. 
      2. Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына мыналар: 
      агроөнеркәсiп кешен қызметiнде экологиялық қиындықты жою, табиғатты қалпына келтiру мен табиғат қорғауды жетiлдiру ғылыми қамтамасыз ету, Арал өңiрiнде жүргiзiлетiн зерттеулердiң тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру, оның агроэкологиялық проблемаларын шешуге жiберiлетiн инвестицияларды кешендi пайдалануды ұйымдастыру; 
      жоғары өнiм беретiн соттарды, ресурс үнемдегiш, экологиялық жағынан қауiпсiз технологияларды әзiрлеп, өндiрiске енгiзу, күрiштiң, бидайдың, жоңышқаның, түйежоңышқаның және басқа ауыл шаруашылық дақылдарының бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; 
      суармалы жерлердiң топырақ құнарлығын, Арал теңiзiнiң құрғап қалған түбiндегi фитомелиорацияны сақтау мен көркейтудiң ғылыми негiзiн әзiрлеу, орман мелиорациялық жұмыстарды дамыту, сондай-ақ экологиялық дағдарыс аймағындағы шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту; 
      сүттi, еттi мал шаруашылығының, қаракөл шаруашылығының, өнiмдi жылқы және түйе шаруашылықтарының аймақтық жүйесiн әзiрлеу жүктелсiн. 
      3. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы екi ай мерзiм iшiнде Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құрылымын бекiтсiн. 
      4. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Қызылорда облысының әкiмi Арал өңiрiнiң агроэкология проблемаларын шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын кешендi жүргiзудi, материалдық-қаржы ресурстарын бiрiктiрудi қамтамасыз етсiн. 
     5. "Қазақ күрiш ғылыми-зерттеу институтын Қызылорда ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты етiп қайта құру туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 14 ақпандағы N 103 қаулысының (ҚазССР ҚЖ, 1991 ж., N 8, 56-бап) 2 және 4-тармақтары күшiн жойған деп танылсын.
     6.<*>
     ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 1997.04.04.
              N 485  қаулысымен .

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң 
      бiрiншi орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады