Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 25 сәуiр 1995 ж. N 549

      Мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк ресурсқа 1995 жылдың астығын сатып алуды қамтамасыз ету туралы" 1995 жылғы 21 наурыздағы N 309 P950309_ қаулысына сәйкес құрылған Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына 1995 жыл бойына тоқсан сайын аудара отырып, оның жарғылық қорын қалыптастыруға 500 (бес жүз) мың теңге бөлу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша мынадай:
      мемлекеттiк ресурсқа орталықтандырылған астық сатып алу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысшы;
      дайындаушы ұйымдар арасында мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алуға тапсырыстарды орналастыру;
      мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алу мен беруге бақылау жасауды ұйымдастыру;
      мемлекеттiк ресурс астығын пайдалануды ұйымдастыру оның қозғалысына есеп және бақылау жасауды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк ресурсқа астық көлемiн сатып алуға жiберiлген қаржы қажеттiлiгiн анықтау және аталған операцияларды қаржыландыруға тартылатын кредиттер жөнiндегi берешектi өтеу бойынша есеп айырысуды жүргiзу;
      заңды тәртiппен белгiленген кредит заемшылар мiндеттерiн

жүзеге асыру жүктелсiн.
     3. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi лауазымға 
тағайындайтын және лауазымнан босататын президент басқарады.


            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады