"Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 17 мамырдағы N 704

      Үкiметтiң нормативтiк актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 1086 U931086_ және 1995 жылғы 12 қаңтардағы N 2032  Жарлықтарының күшi жойылған деп тану туралы" 1995 жылғы 12 мамырдағы N 2280 Жарлығына сәйкестендiру, сондай-ақ алтын өндiру саласын басқаруды жетiлдiру әрi нарықтық қатынастарды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы директорлар Кеңесiнiң Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне өзiнiң құзыры шегiндегi қайталама шикiзатты өңдеудi қоса алғанда бағалы металдарды, асыл тастар мен бұйымдарды игеру, өңдеу және өндiру мәселелерiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мен үйлестiру мiндетiн жүктеу туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясы директорлар Кеңесiнiң "Алтыналмас" акционерлiк компаниясының атын өзгерту және құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмi еске алынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Алтыналмас" акционерлiк компаниясымен қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Басқарушы компания ретiндегi кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдарды басқару туралы шарт жасасатын болсын әрi "Алтыналмас" акционерлiк компаниясы директорлар Кеңесiнiң шешiмiне сәйкес құрылтай құжаттарына қосымша мынадай тармақтар енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен әрi Экономика министрлiгiмен бiрлесiп бағалы металдар мен асыл тастарды өндiрудiң көлемiн және әрбiр күнтiзбелiк жылда оларды шығаруды ұлғайту жөнiндегi ұсыныс даярлауды айқындау;
      құрамында бағалы металдар мен тастар бар кен шикiзатынан өндiрiлген химиялық таза (тазартылған) бағалы металдар мен асыл тастарды және олардың құрамына кiретiн кәсiпорындардың өнiмiнен қайта өңделген жартылай өнiмдердi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк құндылықтар қоймасына өткiзу.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Мемлекеттiк мұқтаждарды қамтамасыз ету үшiн өнiм сатып алу мен берiп тұрудың, жұмыстарды (көрсетiлген қызметтi) орындаудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 58 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 сәуiрдегi N 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 11, 137-бап);
      "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 1 маусымдағы N 446 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 20, 254-бап); "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының зергерлiк бұйымдар және өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм жасау үшiн қымбат бағалы металдарды пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 мамырдағы N 580 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1995 жылғы 17 мамырдағы
                                       N 704 қаулысына қосымша

"Алтыналмас" акционерлiк компаниясының құрамына енетiн акционерлiк қоғамдар мен кәсiпорындардың тiзбесi

      "Қазақалтын" АҚ, Ақмола облысы
      "Майқайыңалтын" АҚ, Павлодар облысы
      "Арқарлы алтын"АҚ, Талдықорған облысы
      "Юбилейный КБ" АҚ, Ақтөбе облысы
      "Асыл тас" АҚ, Талдықорған қаласы
      "АқсуШҰБ" АҚ, Ақмола облысы
      "Ақбақай ШҚБ" АҚ, Жамбыл облысы
      "Алтынтал" АҚ, Қостанай облысы
      "Георгиев ЖМЗ" АҚ, Семей облысы
      "Алмас"АҚ, Ақмола облысы
      "Келешек" АҚ, Семей қаласы
      "Арай" АҚ, Семей облысы
      "Тiлек" АҚ, Семей облысы
      "Ақбақай КБК-нiң" азық-түлiкпен жабдықтау мекемесi" АҚ, Жамбыл облысы
      "ҚазалмазалтынМИН" институты, Алматы қаласы
      ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.10.08. N 1241 қаулысымен. P961241_
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады