Қарағанды қаласында тұрмыстық техника өндiрiсi бағдарламасын iске асыруды жеделдету жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 20 маусымдағы N 843

      Қарағанды қаласында тұрмыстық техника өндiрiсi бағдарламасын iске асыру, шетелдiк инвестицияларды тарту, басқарудың озық әдiстерi және осы заманғы технологиялар негiзiнде халықтың жоғары сапалы өнiмге сұранымын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қарағанды тұрмыстық техника зауытын" басқару туралы шарт жасау туралы "Самсунг" корпорациясының (Корея Республикасы) ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Самсунг" корпорациясымен (Корея Республикасы) "Қарағанды тұрмыстық техника зауытын" басқару туралы шарт жасау тапсырылсын, онда:
      осы қаулы қабылданғанға дейiнгi келiсiмдердi реттеу ескерiлiп, екi жақтың мiндеттемелерi мен кепiлдiктерi;
      кәсiпорынның қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi корпорация 90 банк күнi iшiнде орындамаған жағдайда шартты бiржақты бұзу мүмкiндiгi;
      жергiлiктi шикiзат пен материалдардың толық пайдаланылуы ескерiлiп, жасап шығарылатын тоңазытқыштар үшiн негiзгi бөлiктерiнiң өндiрiсi жөнiндегi қуаттары кезең-кезеңiмен енгiзу;
      мұздатқыш камералар, шағын толқынды пештер, кондиционерлер кiр жуғыш машиналар, шаңсорғыштар сияқты бәсекеге түсе алатын өнiмдердiң номенклатурасын бiрте-бiрте ұлғайту қарастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсiпорынды басқару туралы келiсiм шарттарының орындалуына бақылау жасайтын өкiлiн тағайындасын және оған осы қаулыны iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады