"Ақсу-Жабағылы" мемлекеттiк қорығына Жамбыл облысындағы жер учаскелерiн пайдалану құқын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 22 маусымдағы N 855


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Жамбыл облысы әкiмiнiң және Қазақстан Республикасы Жер
қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттiк қорығына оның аумағын
кеңейту және орман күзетi құрылысы үшiн Жуалы ауданының жер
иелiктерiнен қосымшаға сәйкес жер учаскелерiн тұрақты пайдалану 
құқын беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.

     Қазақстан Республикасы   
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1995 жылғы 22 маусымдағы
                                         N 855 қаулысына
                                             қосымша

           Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы жер учаскелерi
           алынатын және оларды пайдалану құқы "Ақсу-Жабағылы"
                 қорығына берiлетiн жер иелiктерiнiң
                            Тiзбесi
-----------------------------------------------------------------
     Жер учаскелерi алынатын            | Жер учаскелерiнiң
     жер иелiктерiнiң атауы             | аумағы, га
                                        |------------------------
                                        |  барлығы   | оның iшiнде
                                        |            |басқа да жер
                                        |            |алаптары
------------------------------------------------------------------
  Жамбыл орман шаруашылығы                 10660          10660
  өндiрiстiк бiрлестiгi
  Бауыржан Момышұлы атындағы
  жекеменшiк агрокәсiпкерлiк 
  фирмасы                                    6              6
-----------------------------------------------------------------
                            Қорытындысы   10666          10666
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады