Литва Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 22 маусымдағы N 862

      "Литва Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 наурыздағы N 2143 U952143_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Жұмысқа кiрiскен елшiлiктер бойынша штат санын қысқарту есебiнен Литва Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны қосымшаға сәйкес 12 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Эстония Республикасы мен Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi қызметiн қоса атқаратын Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсiне шетел валютасымен айына 2 000/екi мың/ АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.
      3. Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының Эстония Республикасы мен Латвия Республикасындағы Елшiсi қызметiн қоса атқаратын Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшiсiнiң шетел валютасымен алатын жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге олардың жалақы қорынан АҚШ долларымен 2 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Литва Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң 1995 жылға арналған штат кестесi мен шығыс сметасын бекiтсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Литва Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаражатты жұмысқа кiрiскен елшiлiктер мен өкiлдiктердегi қызмет көрсететiн адамдар санын қысқартудан босаған қаржы есебiнен бөлетiн болсын.
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-министрiнiң
       бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады