Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзырлы органы мен жұмыс iстеп тұрған тау-кен өндiру (мұнайгаз) кәсiпорны арасындағы Пайдалы қазба кенiшiнен кен өндiрудi жүзеге асырудың модельдiк шартын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 27 маусым N 882. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.01.27. N 108 қаулысымен. ~P970108

      Жер қойнауын пайдалануды және жұмыс iстеп тұрған тау-кен өндiру (мұнайгаз) кәсiпорындарының Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген құзырлы органмен шарт жасауын тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзырлы органы мен тау-кен өндiру (мұнайгаз) кәсiпорны арасындағы Пайдалы қазба кенiшiнен кен өндiру жүзеге асырудың модельдiк шарты бекiтiлсiн.
      Құзырлы органдар шарттарды әзiрлеу және жасау кезiнде Модельдiк шарттың негiзгi ережелерiн басшылыққа алады.
      2.
      Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.05.27.
               N 646 қаулысымен. P960646_
      3. Құзырлы органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне жер қойнауын пайдалану лицензиясында көрсетiлген шарттар жасау мерзiмiн өзгертуiне рұқсат берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен, Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен келiсiлген әрбiр кәсiпорынмен шарттар әзiрлеу және жасау бойынша жұмыстар кестесiн құзырлы органдар екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      5. Облыстардың әкiмдерi модельдiк шартты басшылыққа алып, 1995 жылдан бастап кең тараған пайдалы қазбалар кенiштерiнен кен өндiру жөнiнде жер қойнауын пайдаланушылармен шарт жасалуын қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1994 жылғы 9 қарашадағы N 452 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасы

     Премьер-министрiнiң

     бiрiншi орынбасары



                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1995 жылғы 27 маусымдағы

                                       N 882 қаулысымен

                                                    БЕКIТIЛГЕН



 
 
           Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан келiссөз

 

         жүргiзуге, Шарт талаптарын анықтауға және оған қол

         қоюға құқық берiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

         Құзырлы органы мен


         _____________________________________________________

         ___________________________________________ауданында

         Жер қойнауын пайдалануға Үкiмет лицензиясын алған

         тау-кен (мұнайгаз) өндiру кәсiпорны арасындағы

         пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыруға арналған

                          ҮЛГI ШАРТ


             Алматы қаласы

              199   жыл




     Осы Шарт 199__жылы (күнi____, айы___) Қазақстан


Республикасының Үкiметi атынан келiссөз жүргiзуге, Шарт талаптарын анықтауға және қол қоюға құқық берiлген Құзырлы органмен (бұдан әрi___________деп аталады) және Қазақстан Республикасының заңдары бойынша ұйымдастырылған, өзiнiң өкiлдiгi бар________және серия N______лицензияны алған тау-кен (мұнайгаз) өндiру Кәсiпорны арасында пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыруға жасалған.
      Мыналарды:
      а) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және нормативтiк құжаттарында республиканың пайдалы кен орындарын қоса есептегенде бүкiл жер қойнауын тек қана республиканың меншiгi болып табылады деп жазылғанын,
      б) Қазақстан Республикасының Үкiметi Шарт жасауға онда айтылғандай Құзырлы органға өкiлдiк бергенiн,
      в) Құзырлы орган мен Кәсiпорын осы Шарт мұнай операцияларын қоса есептегенде пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру кезiнде олардың өзара құқықтары мен мiндеттерiн реттейтiн болады деп келiскенiн ескере отырып,
      Құзырлы орган мен Кәсiпорын төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
 
                 I. АНЫҚТАМА
 
      Егерде Шарттың мәтiнiнде басқаша түсiнiктемелер болмаса онда төменде келтiрiлген, ондағы пайдаланылған сөздер мен терминдер мынадай мағына бередi:
      1. Бонустар-Шартты iске асырудың әралуан кезеңдерiне орайластырылған төлемдердi бiлдiредi: Шартқа қол қойғаны үшiн "қол қою бонусы", коммерциялық жағынан ұтымды кен орнынан ашқаны үшiн - "коммерциялық ашудан түскен бонус" және белгiлi бiр өндiру деңгейiне қол жеткiзгенi үшiн- "өндiруден түскен бонус" алынады.
      2. Мемлекет (Республика)-Қазақстан Республикасын бiлдiредi.
      3. Мемлекеттiк орган дегенiмiз - пайдалы кендердi өндiруге Лицензия (рұқсат) бергенi үшiн, экологиялық бақылау жасағаны және басқалар үшiн жауап беретiн Қазақстан Республикасының басқару органдары.
      4. Шарт қолданылатын жыл - Григориан күнтiзбесi бойынша жүйелi он екi (12) айға тең кезең; Шарттың контексiнде ол Шарттың күшiне енген күнiнен немесе iске қосылған кез келген жылдықтан басталады.
      5. Күшiне ену күнi - осы Шарт күшiне енген күндi бiлдiредi.
      6. Шарт - Құзырлы орган мен Кәсiпорын арасында жасалатын пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыруға арналған осы Шартты бiлдiредi.
      7. Пайдалы кендердi өндiру (мұнай, табиғи газ, металдар, көмiр, кенге жатпайтын шмкiзат және басқалар) - Лицензияның ережелерiне және осы Шартқа сәйкес кен орындарын игеруге қатысты операцияларды бiлдiредi. Суды, инфрақұрылымдарды, сондай-ақ Шарттың нысаны болып табылатын учаскеде экологиялық залалды ең аз мөлшерге дейiн жеткiзуге қабылданылатын шараларды қоса есептегенде, кен орындарын игеру жөнiндегi шараларды қажеттi түрде және қауiпсiз жүргiзуге қажеттi барлық қызмет пайдаланылады, бiрақ шек қойылмайды.
      8. Күнтiзбелiк жыл дегенiмiз - қаңтардың бiрiншi күнiнен басталатын және сол жылдың отыз бiрiншi желтоқсанында аяқталатын Григориан күнтiзбесi бойынша жүйелi он екi (12) айға тең кезең.
      9. Күнтiзбелiк тоқсан дегенiмiз - қаңтардың бiрiншi күнiнен, сәуiрдiң бiрiншi күнiнен, шiлденiң бiрiншi күнiнен және қазанның бiрiншi күнiнен басталатын Григориан күнтiзбесi бойынша жүйелi үш (3) айға тең кезең.
      10. Құзырлы орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Шартты жасауға тiкелей байланысты құқық берген мемлекеттiк органды бiлдiредi.
      11. Жер қойнауы туралы Кодекс - 1992 жылдың 30 мамырда күшiне енген жер қойнауы және минералды шикiзатты ұқсату туралы Қазақстан Республикасының Кодексi.
      12. Лицензия - жер қойнауын пайдаланушыға (кәсiпорынға) қызметтiң белгiлi бiр түрiне және кесiмдi мерзiмге берген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатын бiлдiредi.
      13. Пайдалы кен орындары дегенiмiз - пайдалы кендердiң (мұнайдың, табиғи газдың, металдың, көмiрдiң, кенге жатпайтын шикiзаттың және басқалардың) табиғи шоғырланған жерi, ол қолда бар техника мен қолда бар экономикалық жағдайлар кезiнде сан және сапа жағынан өнеркәсiптiк жолмен игеру нысаны болып табылады.
      14. Ай - Григориан күнтiзбесiне сәйкес күнтiзбелiк айды бiлдiредi.
      15. Мұнай операциялары - мұнайды барлауға, өндiруге, сақтауға, тасымалдау мен iшкi және сыртқы рынокта сатуға қатысты барлық жұмыстарды бiлдiредi.
      16. Iлеспе пайдалы кендер дегенiмiз - өнеркәсiп үшiн пайдалы болып табылатын негiзгi пайдалы кендермен бiрге өндiрiлетiн пайдалы кендердiң құрамдас бөлiгi.
      17. Үкiмет - Қазақстан Республикасының Үкiметi.
      18. Бухгалтерлiк есеп-қисап рәсiмi - 12-бапта айтылған есеп-қисап рәсiмiн бiлдiредi.
      19. Кәсiпорын- Құзырлы органмен Шарт жасайтын жұмыс iстеп тұрған кен (мұнайгаз) өндiрушi кәсiпорынды бiлдiредi.
      20. Жұмыс бағдарламасы - минералды шикзатты барлау, әзiрлеу, өндiру және ұқсату жөнiндегi жоспарларды қоса есептегенде пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру үшiн дайындалған жоспарлардың барлық түрiн бiлдiредi.
      21. Пайдалы кен орындарын игеру - шарт жасалғаннан кейiн жүзеге асырылатын қызметтi бiлдiредi және оған:
      а) геологиялық және геофизикалық зерттеулер;
      б) бұрғылау және пайдалы кендердi өндiру;
      в) жабдықтарды орнату, қосу, және алғаш рет сынап көру, пайдалы кендердi алу, ұқсату, байыту, өңдеу, сақтау, тасымалдау және жеткiзу мақсатында өндiру кезiнде қолданылатын жабдықтарды өндiру кезiнде қолданылатын жабдықтарды өндiруге пайдалануға қажеттi шаралар жатады.
      22. Барлау (барлау жұмыстары) - геологиялық, геофизикалық және басқа әдiстердi қолдана отырып, пайдалы кен орындарын анықтау мақсатында атқарылатын операциялар тiзбегi.
      23. Шарт қолданылатын аудан - пайдалы кен орындарын шағаруды жүзеге асыруға арналған географиялық координаттармен көрсетiлген аумақ, ол осы Шарттың 3-бабына сәйкес Шарт контексiнде құрлық бетiн бiлдiредi.
      24. Роялти - пайдалы кендердi өндiру көлемiнiң бiр бөлiгi ретiнде айқындалған заттай және/немесе ақшалай төленетiн жер қойнауын игеру құқы үшiн төлемдi бiлдiредi.
      25. Шарттың өолданылу мерзiмi - осы Шартқа сәйкес пайдалы кен

 

орындарын игеру iсiн және жүзеге асырылатын уақыт кезеңiн бiлдiредi.

     26. Тараптар - жиынтық ретiнде анықталған Құзырлы орган мен

Кәсiпорынды бiлдiредi.

     27. Қосалқы мердiгер дегенiмiз - Шартты орындау мақсатында

кәсiпорынды материалдармен және қызмет көрсетулермен қамтамасыз

ететiн шаруашылық ұйым.

     28. Кеден бажы - Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес

кедендiк баждар тiзiлiмiнде белгiленген барлық баждарды, салықтарды немесе

алымдарды бiлдiредi.

     29. Үшiншi тарап - Үкiметке (Құзырлы органға), мердiгерге, қосалқы

мердiгерге қарағанда, шаруашылық жүргiзушi субъект ретiндегi кез келген

ұйымды бiлдiредi.

     30. Кездейсоқтықтар - шарттың орындалуы барысын қиындататын

қолдан келмейтiн (әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, зiлзала және басқа)

жағдайлар.


                      2. ШАРТТЫҢ  МАҚСАТЫ


     31. Осы Шартың мақсаты Қазақстан Республикасының Заңдары және Үкiметi

қаулыларына сәйкес Құзырлы орган мен Кәсiпорын арасында пайдалы кен

орындарын игерудi жүзеге асыруға арналған шарттық қарым-қатынасты болып

табылады.


                      3. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНУ АУДАНЫ


     32. Шарттың қолданылу ауданы және оның көлемдерi - берiлетiн

жер қойнауы телiмiнiң шекарасы айқындалып, кен шығаруға бөлiнген

жер көрсетiлетiн жер қойнауын пайдаланудың белгiлi бiр түрiне

қосымшасымен Кәсiпорын алған Лицензиялардың (Лицензияның) шарттарымен

белгiленедi.


                      4. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗIМI


     33. Шарттың қолданылу мерзiмi Шарттың күшiне енген күнiнен

бастап_______ жыл.

     34. Шарттың қолданылу мерзiмi Лицензияның шарттары бойынша

тараптардың келiсiмiмен ұзартылуы мүмкiн.


                      5. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ


     35. Құзырлы органның:

     Шарттың қағидалары бойынша кәсiпорындармен тiкелей келiссөздерде

Республика атынан шығуға;

     Үкiмет атынан Шартқа қол қоюға;

     қол қойылған Шартты тиiстi Мемлекеттiк органның тiркеуiне беруге;

     жобаларға, контрактылық құжаттарға тәуелсiз сараптама жүргiзудi

ұйымдастыруға құқығы бар.

     36. Кәсiпорынның:


 
       пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру үшiн оған Лицензия және осы Шарт мүмкiндiк беретiн құқықтар шеңберiнде кез келген заңды әрәкет жасауына;
      Шарттың қолданылу ауданы шеңберiнде барлау жүргiзуiне;
      Шарттың қолданылу ауданында жұмыстың қалыпты барысын жүзеге асыру үшiн қажеттi өндiрiс пен әлеуметтiк сала объектiлерiн салуына, сондай-ақ Шарттың қолданылу ауданында да, одан тыс жерлерде де ортақ түрде пайдалынылатын объектiлiер мен коммуникацияларды иесiмен уағдаласты бойынша пайдалануына;
      пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асырудың жобасында және

 

табиғат қорғау органдарының рұқсаттамасында көзделгенiндей өндiрiс

қалдықтарын қоймаға жинауына;

     барлық көлiк жолдарын немесе Шарт қолданылатын ауданға жету

жолының басқа да тәсiлдерiн пайдалануына;

     пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi активтердi,

құрал-жабдықтарды және өзгеде материалдарды кеден заңдары шеңберiнде

импорттауға және экспорттауға құқығы бар.

     37. Кәсiпорын Құзырлы органның келiсiмi бойынша қосымша

құқықтар иемдене алады.


                      6. ТАРАПТАРДЫҢ МIНДЕТТЕРI



 
       38. Құзырлы орган Кәсiпорының пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру үшiн талап етiлетiн рұқсатты алуына қажеттi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
      39. Кәсiпорын:
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын, қаулыларын, өзге де нормативтi актiлер мен реттеушi нұсқамаларын сақтай отырып, Жұмыс бағдарламасында көрсетiлген күнi коммерциялық өндiрiстi бастауға;
      кен өндiру кезiнде қажеттi алдыңғы қатарлы технологияны қолданып және жұмысқа бiлiктi мамандарды тарта отырып, пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру Жобасына сәйкес кен орындарын дамытуға және әзiрлеуге;
      егер олар экономикалық және техникалық сапалары, бағалары, жұмыс өлшемдерi мен жеткiзiлiм шарттары бойынша бәсекеге қабiлеттi болса, онда Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн құрал-жабдықтарға, материалдарға және дайын өнiмдерге артықшылық беруге;
      егер осы көрсетiлетiн қызметтер бағасы, тиiмдiлiгi және сапасы бойынша бәсекеге қаблеттi болса, онда әуе, су, темiржол және басқа да көлiк түрлерiн қоса алғанда, пайдалы кен орындарына барлау жүргiзу және өндiру кезiнде қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдардың көрсететiн қызметтерiне басымдық беруге;

 

     Құзырлы органға Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру барысы

туралы жүйелi түрде ақпарат беруге;

     жұмыс аяқталғаннан кейiн жер қойнауы туралы Кодексте белгiленген

тәртiппен Шарт объектiсiн конверсиялауды немесе таратуды жүргiзуге құқығы

бар.


                      7. ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

     40. Кәсiпорын мен Құзырлы орган негiзгi техникалық-экономикалық

көрсеткiштер жобасына сәйкес Жұмыс бағдарламасын келiседi.

     41. Егер Кәсiпорын Құзырлы органға техникалық және коммерциялық

жағдайларға байланысты қажеттi өзгерiстердiң дәлелденген себептерiн

беретiн болса және Құзырлы орган осыған орай оң шешiм шығаратын болса,

Жұмыс бағдарламасы жұмыстар барысында өзгеруi мүмкiн.


                 8. ӘЛЕУМЕТТIК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ


     42. Жұмыс бағдарламасында қолданыстағы заңдарға сәйкес Шарттың

қолданылу ауданында әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға кәсiпорындардың

қатысуы көзделедi.


                   9. ӨНДIРIСТIК ОҚЫТУ


     43. Кәсiпорын Жұмыс бағдарламасында дербес құрамды өндiрiстiк оқытуды

және даярлауды көздейдi.


                10. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ, ӨНIМДЕРГЕ

                   АРНАЛҒАН БАҒАЛАР ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ



 
       44. Кәсiпорын пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыруға сондай-ақ осы Шарттың қағидаларында көзделiп өндiрiлген пайдалы кендердiң мөлшерiне иелiк ете отырып, шаруашылық мәселелерiнiң және қызмет көрсетудiң шешiмдерiне арналған барлық шығындардың орнын толтыруға тиiс.
      45. Кәсiпорынның салық салынатын кiрiстерiн белгiлеу мақсатында осы Шарт бойынша жүзеге асырылатын роялти сомасы және өзге де төлемдер, Шарт қолданылатын ауданда өндiрiлген пайдалы қазбалардың бағалары қолданыстағы заңдарда көзделген қағидаттарға сүйенiп белгiленетiн болады.
      46. Өнiмнiң жұмсалатын жерi.
      Кәсiпорын өндiрген өнiмнiң жұмсалатын жерi осы Шарттың келесi бабында баяндалған ескертпелердi айтпағанда, кәсiпорынның қарауына жатады.
      Құзырлы орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының саяси мүдделерiн бұзуы ықтимал барлық тыиым салынған жерлер туралы кәсiпорынды хабардар етедi. Кәсiпорын осындай жазбаша ескерту алынған жерлерге өнiмдерiн жiбермейдi.
 
               II. ЖЕКЕМЕНШIК ПЕН АҚПАРАТТЫ ИЕМДЕНУ ҚҰҚЫҒЫ
 
      47. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру үшiн Кәсiпорын сатып алған кез келген активтерi немесе жабдықтары Кәсiпорынның жеке меншiгi болып табылады.
      48. Шарттың тоқтатылғаны күшiне енген күннен бастап пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру кезiнде ақпараттармен, жазбалармен, үлгiлермен және басқа мәлiметтермен иелену құқығы жұмысты қаржыландырған Тарапқа жатады, соның нәтижесiнде егер ол Шартта көрсетiлмеген болса,

 

мемлекеттiк органдарға өтеусiз берiлiп, аттары аталған ақпарат алынады.

Шарт аяқталғаннан соң аталған ақпарат республиканың меншiгiне айналады.


                  12. БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕП


     49. Жұмыс iстеп тұрған бухгалтерлiк есептiң рәсiмiне сәйкес

пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыруға байланысты Кәсiпорын

барлық шығындар мен шығасылардың толық және нақты бухгалтерлiк

есебiн жүзеге асыруға мiндеттенедi.


              13. САЛЫҚТАР МЕН ТӨЛЕМДЕР


     50. Қазақстан Республикасының салықтар туралы заңдары мен

ережелерiне сәйкес Кәсiпорын салықтар мен жарналар төлеуге мiндеттенедi.

     51. Кәсiпорын пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру

кезiнде мөлшерi, мерзiмi, төлеу тәртiбi Шартта белгiленетiн бонустар,

роялтилер, сондай-ақ үстеме пайда үшiн салық төлейдi.


              14. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ


     52. Пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыруға қажеттi барлық

ақшалай қаржыларды Жұмыс бағдарламасына сәйкес Кәсiпорын қамтамасыз етедi.

     53. Үкiмет пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру кезiнде

кәсiпорын шеккен зиянының есесiн қайтармайды.


            15. САҚТАНДЫРУ


     54. Осы Шарт күшiне енген күннен бастап Кәсiпорын пайдалы кен

орындарын игерудi жүзеге асыру жөнiнде сақтандыру бағдарламасын жасайды.

     55. Пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру үшiн жалға алынған

жеке адамдар жөнiнде кездейсоқ оқиғадан, дене жарақатынан немесе кәсiби

сырқаты бойынша өлiм-жiтiмiнен жеке сақтандыру Қазақстан Республикасының

заңдарына сәкес ресiмделедi.

     56. Сақтандыру жөнiндегi келiсiлген бағдарлама шеңберiндегi кез

келген талаптар мен сақтандырудан алынған кез келген өтем тиiсiнше

Кәсiпорын есебiне жатқызылады.


         16. ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНЫЛУДЫҢ ЕРЕКШЕ ШАРТТАРЫ


     57. Егер пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру кезiнде Кәсiпорын

қоршаған ортаға үлкен залал келтiретiндей ерекше технология қолдануды

жоспарлаған жағдайда, Шартқа аталған технологияны қолдану тәртiбiн

реттейтiн қосымша ережелер енгiзiледi.


        17. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР



 
       58. Пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру барысында Кәсiпорын жер қойнауын қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарын сақтайды және:
      пайдалы қазбалар мен құрамдас бөлiктерiн толық шығару, олардың тиiмдi және кешендi пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      кен орындарын игерудi тиiмдi жүйенi, минералдық шикiзаттарды өңдеу кезiнде қалдықсыз және қалдығы аз технологияны енгiзу;
       алынатын пайдалы қазбалардың негiзгi және солармен бiрге жатқан қорлары мен солардың құрамындағы құрамды бөлiктерiн, өңделген минералды шикiзаттардың өнiмдерiн, өндiрiс қалдықтары мен шығындарын сенiмдi түрде есептеу;
      жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстардың қоршаған ортаның жағдайына зиянды әсерiн болдырмау, пайдаланылатын және кен жұмыстары тоқтап тұрған бұрғылау скважиналарын, сондай-ақ жер асты құрылыстарын сақтау;
      пайдалы қазбалардың сапасын және кен орындарының өнеркәсiптiк құндылығын төмендететiн немесе оларды игерудi қиындататын пайдалы кен орындарын таусылудан, ластанудан, су басудан, су жайылудан, өрттен және басқа зиянды факторлардан қорғау мақсатымен шаралар қолданады.
      Кәсiпорын Шарттың қолданылу ауданы шеңберiнде пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру кезiнде өндiрудi жүргiзу кезiнде олар келтiруi мүмкiн кез келген ысырап пен шығынғы байланысты қолданыстағы заңдарда көрсетiлген шекте үшiншi Тарап алдында жауап бередi, және кез келген талаптарға қатысты шығынды, сондай-ақ кез келген зиянға, немесе залалға байланысты Құзырлы органға қойылған шығындар мен талаптарды өтейдi.
 
                18. ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ
 
      59. Пайдалы кен орындарын игеруде жүзеге асыру кезiнде Кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлген жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ережелер мен нормаларды, сондай-ақ апаттар мен кездейсоқ оқиғаларды болдырмау және одан сақтандыруды қамтамасыз етуге тиiс.
      60. Егер адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн болса, пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыруға тиым салынады.
      61. Пайдалы кен орындарын барлауды немесе өндiрудi жүзеге асыру кезiнде Кәсiпорынның техникалық, қауiпсiздiк жөнiндегi ережелер мен нормаларын сақтауына Мемлекеттiк бақылауды Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органы атқарады.
 
                 19. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
 
      62. Пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыру кезiнде Кәсiпорын қоршаған ортаны қорғауға экологиялық қауiпсiздендiруге қатысты заңдарға, өкiмдерге және ережелерге сәйкес әрекет жасайды, мына мақсатта:
      хайуанаттар әлемiне келтiретiн зиянды мейлiнше азайту және жобада көзделген табиғат қорғаудың барлық шараларын орындауға;
      табиғи ортаның шектен тыс ластануын болдырмауға күш жұмылдырады. Апат болған жағдайда Кәсiпорын табиғатқа келтiрiлген зиянды қалпына келтiре отырып, жiберiлген бұзылуларды жоюға мiндеттi.
      Осы Шарт бойынша Кәсiпорын шаруашылық қызметiн бастаудан бұрын табиғатты пайдалануға рұқсат алу үшiн мемлекеттiк табиғат қорғау органдарына өтiнiм жасайды.
      63. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi табиғат қорғау заңдарының орындалуына мемлекеттiк бақылау жасайды.
 
               20. ТАРАПТАРДЫҢ ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН
                 ШАРТТАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIГI
 
      64. Осы Шарттың талаптары мен шарттарын бұзатын тiкелей немесе жасырын түрдегi мәмiле жарамсыз болып табылады.
      65. Аталған мәмiленi жасаған, сондай-ақ минералды шикiзаттарды өндiру және ұқсату жөнiндегi жер қойнаулары туралы басқа заңдар мен қаулыларды, осы Шарттың талаптары мен шарттарын бұзған адамдар заңда белгiленген тәртiпке шақырылып, материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылады.
      66. Тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмысты жауапқа тарту-кiнәлi адамдарды келтiрген залалды өтеу мiндетiнен босатпайды.
 
               21. КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ
      67. Егер орындау iсiндегi орындамаушылық немесе кiдiрiс қолдан келмес жағдайдан (кездейсоқтықтан) болса, Тараптардың ешқайсысы да осы Шарт бойынша қандай болмасын мiндеттемелердiң орындалуына жауапкершiлiк бермейдi.
      68. Қолдан келмес жағдаяттарға тараптардың бақылау шегiнен шыққан кез келген оқиғалар, (мысалы, әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, зiлзалалар, өрт, iрi авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және т. с. с.) жатады.
      69. Қолдан келмес жағдайлар туындаған кезде одан зардап шеккен Тарап бұл туралы басқа Тарапқа оқиғаның басталған күнiн анықтайтын және кездейсоқ жағдайдың сипаттамасы айтылған жазбаша хабарламаны тапсыру жолымен хабарлайды.
      70. Кездейсоқтық жағдаяттар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды әдiл шешудiң жолдарын қарастыру үшiн дереу мәжiлiс өткiзедi және осындай жағдаяттар салдарын неғұрлым жеңiлдету үшiн барлық құралдарды пайдаланады.
      71. Кездейсоқтық жағдаяттарға байланысты Шартта көрсетiлген жұмыстар толық немесе iшiнара тоқтап қалған кезде, аталған жұмыстарды жүргiзу кезеңi кездейсоқ жағдай тоқтаған мерзiмге дейiн ұзартылады.
 
                    22. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
 
      72. Қазақстан Республикасының құпиялықты сақтауға қатысты заңдарына сәйкес Тараптар Шарттың қолданылу аудандағы жұмыстарға жататын барлық құжаттар, ақпараттар және есеп берулер бойынша құпиялылықты сақтау мерзiмдерiн белгiлейдi.
      73. Тараптардың бiрде-бiрi осы Шарттың мазмұнының құпиялығын сақтау мерзiмiнде жазбаша келiсiм алмай тұрып, қайсы бiр үшiншi Тарапқа оны және басқа құпия болып саналатын ақпараттың сырын ашуға құқылы емес.
      74. Осы Шартты орындау жолында кәсiпорын жұмыстарды iске асырумен айналысып жатқан үшiншi Тарапқа қажеттi құжаттарды, ақпаратты және есеп берулердi тапсыра алады. Үшiншi Тарапқа құпиялық тұрғысында:
      осы Шарт бойынша Тараптардың әрқайсысы оны iске асыру үшiн қаржы алуға өтiнiм беретiн банкiлер мен өзге де кредиттiк мекемелер;
      қосалқы мердiгердi және басқа мердiгерлердi, сондай-ақ осы Шарт бойынша құқықтары мен мiндеттемелерiн қайта ауыстырып беру ұсынылатын құқық иеленушi немесе құқық иеленушiнi қоса алғанда жұмыстар бойынша қызмет көрсететiн тараптар жатады.
 
                23. ҚҰҚЫҚТАРДЫ БЕРУ
 
      75. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Кәсiпорын Құзырлы органның алдын-ала рұқсатын алып, осы Шарт бойынша өз құқықтарының, мiндеттемелерi мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн өзiнiң құрылымдық бөлiмшесiне (филиалға), мердiгерге қайта ауыстырып бере алады.
      76. Кәсiпорын өз құқықтарының бiр бөлiгiн құрылымдылық бөлiмшеге (филиалға), мердiгерге қайта ауыстырып берген кезде Кәсiпорындардың мiндеттемелерiн орындағаны туралы осы Шарт бойынша Құзырлы және Мемлекеттiк органдар алдында Кәсiпорын жауап бередi.
      77. Құзырлы орган осы Шарт бойынша өзiнiң құқықтарының және/немесе мiндеттемелерiнiң бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметiнен алдын-ала жазбаша келiсiм алған кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бақылауындағы Үшiншi Тарапқа бере алады.
 
                24. ТӨРЕЛIК СОТ
 
      78. Осы шарттың кез келген шарттарын орындауға немесе пайымдауға байланысты туындауы мүмкiн барлық таластар мен келiспеушiлiктердi шешу үшiн Тараптар өзара келiссөз жүргiзу жолымен қолдан келгеннiң бәрiн жасайды.
      79. Келiспеушiлiк пайда болған күннен бастап 60 күн iшiнде шешiмiн таппағандарының кез келгенi Қазақстан Республикасының Жоғарғы төрелiк сотының шешуiне жатады. Төрелiк соттың шешiмi түпкiлiктi және Тараптардың әрқайсысы үшiн мiндеттi болып табылады.
      80. Тараптар келтiрген келiспеушiлiктi шешу жөнiнде қандай

 

болмасын өзгеше ережелер болған жағдайда, аталған ережелер сондай

дауларды шешу үшiн қолданылады.


               25. ШАРТ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПIЛДIКТЕРI

     81. Шарт жасасқаннан кейiн Заңның өзгеруiне байланысты Кәсiпорынның

жағдайы жақсарған немесе нашарлаған жағдайда Кәсiпорын мен Тараптардың

өзара келiсiм бойынша Құзыреттi органның экономикалық мүдделерi балансына

қол жеткiзу мақсатында және мүдделi мемлекеттiк органдардың келiсуiмен

Шарттың кейбiр шарттары қайта қаралуы мүмкiн.


               26. ШАРТТЫҢ КҮШIНЕ ЕНУI


     82. Аталған Шарт Қазақстан Республикасының Геология және жер

қойнауын қорғау министрлiгiнде тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

     83. Осы Шартқа берiлген барлық қосымшалар аталған Шарттың құрамдас

бөлiгi ретiнде қарастырылады. Қосымшалардың Ережелерi мен Шарттың өз

аралығында алшақтықтар байқалғанда, Шарттың өзi негiзгi маңызға ие болады.

     84. Егер аталған Шартты жүзеге асыру процесiнде Тараптар пiкiр алысу

кезiнде осы Шарттың кез келген бөлiгiне түзетулер немесе қосымшалар енгiзу

шешiмiне келсе, онда бұл мәселенi шешу үшiн Тараптардың өкiлеттi

өкiлдерiнiң қолы қойылған жазбаша келiсiм талап етiледi. Мұндай келiсiм

26-бапта көрсетiлген тәртiпке сәйкес аталған Шарттың құрамдас бөлiгi болып

танылады.


              27. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ ШАРТТАРЫ

     85. Аталған Шарт өз жұмысын төмендегi себептердiң бiрiне

байланысты:


 
       86. 4-бапқа сәйкес жұмыстарды жүргiзу кезеңiн ұзартуды Құзыреттi органның шешiмiмен бекiтпеген жағдайда аталған Шарт күшiне енген күннен бастап, аталған Шарттың қолданылуының соңғы күнi__________ ( ) жылы бiткенде;
      Егер Тараптардың бiрi осы Шарт бойынша аталған Шартты бұзуға жол берсе, екiншi Тарап осы Шарт бойынша келiсiлген кезеңнiң қолайлы уақыты iшiнде мұндай бұзуларды жоюды талап ету құқын иеленсе тоқтатады. Егер мұндай бұзулар көрсетiлген мерзiм iшiнде жөнделмесе, онда талап қоюшы Тарап бұзуға жол берген Тарапқа бұл жөнiнде 60 күн бұрын жазбаша хабарлама бере отырып, Шарттың қолданылуын тоқтату құқығына ие болады.
      Алайда мұндай материалдық бұзушылыққа қатысты түпкiлiктi шешiм осы Шарттың 25 бабына сәйкес Төрелiк соттың шешуiне жатады.
      87. Сонымен бiрге, егер Кәсiпорын:
      Жұмыс бағдарламасы шеңберiнде қолдан келмес (кездейсоқтық) жағдайларға байланысты болатынын айтпағанда, 90 күннен астам мерзiмге пайдалы қазбаларды игеру өндiрiсiн тоқтатса;
      аталған Шарттың шарттарын сақтаудан 30 күннен астам уақыт бойы бас тартса;
      Шарт бойынша осы Шарттың 23-бабына құпиялылықты сақтау туралы шартын бұзса;
      тиiстi рұқсат алмай, Шарт бойынша өз мүддесiнiң кез келген бөлiгiн қайта ауыстырып берсе;
      Құзыреттi заңды құқық органы банкрот етiп жарияласа;
      Шарттың қағидаларына сәйкес жүргiзiлген Төрелiк соттың түпкiлiктi шешiмiн орындамаса Шарттың қолданылуы тоқтатылады.
      88. Егер Құзыреттi органның пiкiрi бойынша 87-тармақта көзделiнгендей, Шартты тоқтату жағдайы туындаса, ол қолданыстағы заңда көрсетiлген тәртiппен бұл жөнiнде Кәсiпорынды хабардар етедi.
      89. Егер Шарттың тоқтатылуына апаратын жағдайды Құзыреттi органға хабарлаған күннен 60 күн өткеннен кейiн күрделi жағдайлар түзетiлмесе немесе оны түзету жөнiндегi келiсiмге қол жетпесе, аталған Шарт тоқтатылуы мүмкiн.
      Тараптардың келiспеушiлiгiне және Шарттың тоқтатылуына қатысты ақырғы шешiмдi осы Шарттың 25-бабына сәйкес төрелiк сот қабылдайды.
 
                    28. ШАРТ ТIЛI
 
      90. Аталған шарттың мәтiнi, осы Шартқа берiлетiн қосымшалар, қосымша құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады, екi данасының да заңдық күшi бiрдей.
      91. Тараптар қазақ және орыс тiлдерi қатынас тiлдерi ретiнде қолданылатын болады деп келiседi. Аталған Шарт күшiне енгеннен кейiн пайдалы кен орындарын игерудi жүзеге асыруға қатысты техникалық құжаттар мен ақпараттардың көпшiлiгi____________тiлiнде жасалады.
      Егер басқаша айтылмаса, әкiмшiлiк қызметке қатысты құжаттар мен ақпараттар қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады. Кестелер мен басқа да есеп беретiн құжаттардың тақырыбы қазақ және орыс тiлдерiнде басылуға тиiс әрi қазақ/немесе орыс тiлiнде толтырылуы мүмкiн.
 
                    29. ҚОСЫМША ЕРЕЖЕЛЕР
 

 

     Аталған Шартты iске асыруға байланысты талап етiлетiн барлық

ескертулер мен құжаттар осы Шарт бойынша тек оларды алғаны

жөнiндегi мәлiметпен ғана Тараптардың әрқайсысына тиiстi үлгiде

берiлдi және тапсырылды деп есептеледi.

     93. Жазбаша хабарламалар мен құжаттар тiкелей өз қолымен

тапсырылады немесе төменде келтiрiлген мекен-жай бойынша почта

арнайы авиапочта, телекс немесе телеграф арқылы жiберiледi:

  Құзыреттi органның мекен-жайы        Кәсiпорынның мекен-жайы

  Телекс                               Телекс

  Телеграф                             Телеграф


  Құзыреттi органның басшысы           Кәсiпорын басшысы


     94. Осы Шарт бойынша мекен-жайлары өзгерген кезде

Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жiберуге тиiс.

     Осы Шартты 199__жылғы__(күнi),____________(айы)

   Алматы қаласында, Қазақстан Республикасында, Тараптардың

өкiлеттi өкiлдерi жасады.


     Құзыреттi орган                        Кәсiпорын

     Қолы___________                        Қолы_____________

     Лауазымы__________                     Лауазымы____________


     М.О.                                   М.О.













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады