Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 шiлдедегi N 938. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.11.26. N 1519 қаулысымен. ~P011519

 


    "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер

туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы

24 сәуiрдегi N 2235 


Z952235_


  Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру

мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi

қаулы етедi:

     Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына

салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы

техникаларының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-министрiнiң

      бiрiншi орынбасары

                                    Қазақстан Республикасы

                                    Министрлер Кабинетiнiң

                                    1995 жылғы 7 шiлдедегi

                                        N 938 қаулысына

                                           қосымша


              Мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының

                               Тiзбесi


     Автомобиль-цистерналар (сүттасығыштар)

     Мал дәрiгерлiгi қызметiнiң автомобильдерi

     Автозообиологиялық лабораториялар

     Автоазық тасымалдағыш

     Ауыл шаруашылығына арналған автотиеуiштер

     Сепкiштерге автомайқұйғыштар

     Тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар

     Ұшақтарға минералды тыңайтқыштарды және улы химикаттарды

     автотиеуiштер

     Автотұзазықжемшашқыш

     Тең штабельдерiн автотасымалдауыш

     Дөңгелектi тракторлар, өзi жүретiн шассилер және  оңтайлы

     энергетика құралдары

     Өзi жүретiн дестелегiштер

     Астық жинайтын комбайндар

     Өзi жүретiн шөп шапқыштар

     Азық жинауыш комбайндар

     Маялағыштар

     Пәлек жинайтын машиналар

     Жиын-терiн комбайндары (тамыржемiстiлердi, картопты, томатты,

     көк бұршақты және басқаларды жинауға арналған).

     АН-2 С/Х әуе кемесi



     Ескерту. Тiзбе толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.31.

              N 129 қаулысымен. 


P960129_







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады